Сабақ тақырыбы Сурет салу өнер Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет12/123
Дата16.01.2022
өлшемі1,61 Mb.
#112448
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   123
Байланысты:
Айгерім әдебиет сурет салу

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы. Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

«Көршіңе әңгімелеп бер» Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз, одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз, оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.

Ойқозғау. Суреттерге ортақ тақырып ойластыр (оқулықтағы суреттер пайдаланылады).

ЖК: Бәріне ортақ тақырып ретінде қолөнер, ұсталық, зергерлік

т.б. деген атаулар ұсынған оқушылар жауаптары мақталады.

Мағынаны ажырату. Тақырыпты болжау

Осы тапсырмаға сәйкес сабақтың қолөнер туралы екендігі болжанады.

Мақсат, күтілетін нәтиже.

Зергерлік өнері туралы түсінік. Еңбек, еңбек адамдарына деген құрмет. Ұлттық өнерге мақтаныш.

Оқылым. Ф. Оңғарсынованың «Зергер» өлеңі оқылады.

Айтылым. Топтық жұмыс. Тапсырма. Оқулықтағы 3, 4-тапсырмалар орындалады.

Бағалау. Зергерлік өнер туралы қызықты, туған-

туысқандарының еңбектерінен мысал келтіре айтқан топ оқушылардың жауаптары мақталады.

Тыңдалым. Ақын Бауыржан Жақыптың «Тобылғы» өлеңі тыңдалады.

Тапсырма. «Қандай тобылғы?» деген сұраққа өлеңдегі ақын сөзімен жауап беру тапсырылады.

Жауап:

Саясында көде өскен, Сайға біткен тобылғы. Желге билеп белестен, Ойға біткен тобылғы.

Ауылымның көп қырын Бұтаң басқан тобылғы.

Хош иісті ақ гүлің

Жұпар шашқан тобылғы.

Күлім қағып ақ әжем,

Күбі ыстаған тобылғы.

Таңғы самал ауамен

Тыныстаған тобылғы.

Мөлдір моншақ таң шығын,

Тағып алған тобылғы.

Бабам өрген қамшының,

Сабы болған тобылғы.

ЖК: Ақын тіліне мән бере тобылғы сөзіне ерекше екпін қойып оқыған, айтқан оқушы жауабы мақталады.

Сергіту сәті. «Көңілді күн» Жеке жұмыс.


  1. Зергерлік өнерге қатысты өлең жолын дәптерге жазу.

  2. Өлеңге сүйеніп, тобылғының пайдасын сызба түрінде дәптерге түсіру. Мысалы: хош иісті ақ гүлі жұпар шашады т.б.

Суретте қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне қолданған

құралдары мен бұйымдары берілген. Олар қалай аталады? Бұлар туралы тағы қандай қосымша мәліметтер білесің?

Тобылғыны шеберлер неге пайдаланған?

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Белсенді оқу тапсырма

лары.




Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең  жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.

Мәтінді пайдаланып, 5 жол өлең құрастыр.



ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) «Алма ағашы» кері байланыс.



Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет