Сабақ тақырыбы Табиғатқа саяхат ж ж дыбысы мен әрпі



бет2/2
Дата03.01.2022
өлшемі62,69 Kb.
#108518
түріСабақ
1   2
Байланысты:
ж дыбысы мен әріпі

Бағалау критерийлері

  1. Дыбыстарды ажыратып, сөздерді буындап, дыбыстық талдау жасайды.

  2. Мәтін бойынша сұрақ қояды.

  3. Сұрақтарға толық жауап береді.

  4. Көп мағыналы сөздерді ажыратады

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Тілдік мақсаттар

Жеті – семь - seven

Пәнаралық байланыс

Музыка, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Бейнежазба, интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру




Қонақтармен 3 тілде амандасу.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!



Оқушыларды суреттер бойынша 3 топқа бөлу

1 топ:жолбарыс

2 топ:жылан

3 топ:жылқы

«Миға шабуыл» стратегиясы бойынша өткен сабаққа шолу жасау



Доп лақтыру ойыны

  • Дыбыс деген не?

  • Дыбыс нешеге бөлінеді? Ата.

  • Әріп деген не?

  • Сөз неден құралады?

  • Сөйлем неден құралады?

  • Өткен сабақта қандай әріппен таныс болдық?

  • Құрамында «Ә» дыбысы бар сөз айт.

Шаттық шеңбер

Суреттер

Доп лақтыру

Сабақтың ортасы


(Ұжыммен жұмыс)Балалар алдарындағы суреттер қандай әріптен басталып тұр? Интербелсенді тақтадан суреттер көрсетіледі.

Ендеше «Ж» әріпіне байланысты бейне жазба көрейік.



Дескриптор.

ҚБ: «Арқа қағу» әдісі

Жеті сөзіне дыбыстық талдау жасау. Суретпен жұмыс жасау.



  • Суретте не бейнеленген балалар?(жылқы, жайлау, жарыс)

-Сонымен, балалар! Біз сендермен бүгінгі сауат ашу пәнінен Ж ж дыбысымен әрпін өтіп, танысатын боламыз. Ж ж дыбысы дауыссыз дыбысқа жатады. Ж ж дыбысын айтқан кезде, өкпеден шыққан ауамыз белгілі бір кедергілерге ұшырайды. Ж ж дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі.

1-тапсырма. Ұжымдық, жеке жұмыс. Оқулықпен жұмыс. Оқы. Сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасау, әр сөздің мағынасын ашу.

Жаға Жасау Жақсы Жауын

Жаса Жасыл Жаман Жарыс

Жалау Жайлау Жылтыр Жарас



Дескриптор.

ҚБ. «Қол шапалақтау»

«Ойлы болсаң озып көр» Жеке жұмыс

Мәтінді түсініп оқы:



Жарыс

Жарыс, жарыс! Жайлауда ат жарысы өтуде. Жанаттың аты желден де жүйрік. Жарастың жорғасы мықты. Кім жарыс мәресіне тез жетеді?



Сұрақтар:

  1. Жарыс қай жерде өтуде?

  2. Жарысқа кімдер қатысты?

  3. Кім жарыс мәресіне тез жетеді?

  4. Мәтінде жиі қайталанып тұрған қандай дыбыс бар?

  5. Ж ж дыбысы бар сөздерге буындық талдау жаса?

Дескриптор:

  • Мәтінді тізбектеп оқиды

  • Сұрақтарға жауап береді

ҚБ. «Мадақтау сөздері»

Дәптермен жұмыс. Ж ж дыбысы мен әрпінің элементтерін ауада, дәптерге жазу«Жж» әріпінің баспа және жазбаша түрін көрсету. Жазу ережесі:

  • Дәптерімізді солға қарай сәл қисайтып қою.

  • Кеудемізді тік ұстаймыз

  • Қаламды дұрыс ұстап, әдемі жазамыз

Дескриптор: білім алушы

- әріп элементтерін дұрыс салады;

- әріптерді бір-бірімен байланыстырып жазады;

- жазу жолын сақтайды;

- сөзді сауатты, көркем жазады.

Сергіту сәті

Жаңбырдың дауысын келтіруге арналған қимыл-қозғалыс.



3- тапсырма. Топтық жұмыс «Жаңбыр тамшылары»

Берілген буындар бойынша жаңбыр тамшыларынан сөз құрап,сол сөздің буынын, дауысты, дауыссыз дыбыстарын тауып , сызбасын сыз.



  1. Топ: жаға, жүзім, жасыл

  2. Топ: жайлау, Жарас, жаға

  3. Топ: жылтыр, жарыс, жалға

Дескриптор.

  • Жаңбыр тамшыларынан сөз құрайды

  • Құраған сөздерге дыбыстық талдау жасайды

ҚБ. Топтар бірін-бірі бағалайды «басбармақ әдісі»

4 – тапсырма. «Мимика әдісі» Қарамен берілген сөздердің мағынасын ажырат.

Тұрма жай, Суға жуа-жуа,

Қамыр жай. Тазаланды жуа.

Дескриптор:


ҚБ: «мадақтау сөздері»

Қорытынды. Сонымен біз бүгін қандай дыбыспен таныстық ?

Ж ж дыбысын қандай текшемен белгілейміз ?

Ж ж дыбысынан келетін сөздерді табу.

«Сиқырлы әліппе» бейнежазба


Оқулық 91-бет


Сауат ашу пәніне арналған жұмыс дәптер, музыка

Постер, маркер

Кір жайғыш жіп

Интербелсенді тақта


Сабақтың соңы

Кері байланыс



Күлегештер

Қосымша ақпарат


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?



Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?




Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?



Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет