Сабақ тақырыбы Табиғи ресурстардың жіктелуі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет5/5
Дата15.04.2022
өлшемі0,64 Mb.
#139452
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
сабақ жоссс

Табиғат ресурстары-адамның табиғаттан алатын, өз қажетіне қолданатын барлық ресурс түрлері.
Сыныппен жұмыс:
Оқушылардың әрқайсысы өздері айтқан табиғат ресурстарын әртүрлі топтарға жіктейді де, сыныппен ортаға салып сызбанұсқаларымен бөліседі. (Бұл оқушылардың жинақтау,сыни ойлаудағдысын дамытуға көмектеседі)
Осы тапсырманың қорытындысы ретінде төмендегі кестелерді ұсынамыз:

Сарқылатын

Сарқылмайтын

Қалпына келетін: топырақ, флора мен фауна

Ғарыштық

Қалпына келмейтін: минералды ресурстар

Су, жел энергиясы, ауа массалары

Сыныппен жұмыс:
Партаның үстіне құтыдағы су, сіріңке, әшекей бұйымдар, мысалы алтын жүзік немесе күміс сырға, матадан жасалған қаламсалғыш қойылады. Осы заттарға қарап, оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді:

  • Қай ресурс түріне жатады?

  • Бұл ресурс шығу тегі бойынша қай топқа кіреді?

  • Бұл ресурс көбінесе қандай жерлерде кездеседі, не үшін?

  • Қорытынды

Бағалау критерийі

р/с

Дескрипторлар

+/ –

Табиғи ресурстарды жіктейді

1

Қай ресурс түріне жататындығын анықтайды




2

Бұл ресурс шығу тегі бойынша қай топқа кіретіндігін анықтайды




3

Ресурстың көбінесе қандай жерлерде кездесетіндігін және себептерін түсіндіреді




4

Қорытынды жасайды




Бағалау:Оқушылар бір-бірінің жауаптарын осы дескрипторлар арқылы бағалайды.
(Бұл тапсырма әсіресе кинестетик типтегі оқушылардың есте сақтауына әсер етеді. Бұл оқушыларда сыни ойлау, талдау дағдысын дамытуға мүмкіндік береді.)
Оқушылар жауаптарын қорытындылау және төмендегі кестені ұсыну. Оқушылармен бірге ауызша талдау.

Табиғат ресурстары

Су

Жер

Биологиялық

Рекреациялық

Агроклиматтық

Минералды

Дүниежүзілік мұхит
Теңіздер
Көлдер
Өзендер
Мұздықтар
Батпақтар
Жер асты сулары

Топырақ
Егістік жерлер
Шабындық жерлер

Өсімдіктер дүниесі
Жануарлар дүниесі

Жағажайда
Тауда,
Санаторийлерде демалу арқылы денсаулықты қалпына келтіру

Күн радиациясы,
Температура,
Ылғалдылық,
Жел т.б.

Жердің қойнауынан алынатын пайдалы қазбалар.



Жұптық жұмыс:
Оқушылар тақтада ілулі тұрған суреттерді таңдап алу арқылы төмендегі критерийлер бойынша жұмыс жасайды:

  • Ресурстың аты;

  • Жаратылысы бойынша қай топқа кіреді?

  • Өндірілетін жері (ірі бассейндері);

  • Қолданылуы (қай салада);

  • Кескін картаға таралу аймақтарын түсіру;

  • Неліктен дәл сол жерде кездеседі?

  • Ол ресурс сіздің өлкеңізде кездеседі ме?

  • Дәптерге осы ресурстың таралуына қатысты 5 сөйлемнен тұратын қорытынды жазу

Ұсынылатын суреттегі ресурстар:

  • Мұнай;

  • Көмір (тас көмір);

  • Темір;

  • Табиғи газ;

  • Мыс;

  • Алмаз;











Бағалау критерийі

р/с

Дескрипторлар

+/ –

Табиғи ресурстардың таралу заңдылықтарын талдайды (жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде)
Табиғи ресурстардың шоғырлануын картада көрсетеді

1


2


3
4

Суреттер арқылы табиғат ресурстарының атын, өндірілетін жерін, қолданылуын сипаттай алады.

Ресурстың өз өлкесінде таралу мүмкіндігін талдай алады


Шартты белгілерді пайдалана отырып, табиғат ресурстарын кескін картаға түсіре алады.
5 сөйлемнен тұратын қорытынды жаза алады




Бағалау: Әр жұп бір-бірін дескрипторлар арқылы бағалайды.
Қорытынды: Әр табиғат ресурсының таралуына географиялық орналасуы, сол жердің климаты, табиғат жағдайы, жерінің геологиялық құрылымы, жер бедері ж.т.б. факторлар әсер етеді.Ағаш сүрегі экватор маңында көп шоғырланған, себебі ол жақтың климаты жылы әрі ылғалды, металл кендері – таулы аймақтарда, себебі сол жерлерде лава атқылау көп болды, лава көптеген элементтерге бай, рекреациялық ресурстар – табиғаты көркем, климаты қолайлы жерлерде, құнарлы топырақтар – қоңыржай белдеулерде т.с.с.



Презентация

Флипчарт



Сабақ
тың соңы
37-40

Кері байланыс: Бүгінгі сабақтағы алған ақпараттарды әр оқушы өз кестесіне енгізеді. (Бұл кері байланыс түрі, яғни суреттер арқылы кері байланыс беру, оқушылардың өз – өзіне есеп беруіне, ойларын тұжырымдауына және қызықты қорытындылар шығаруына көмектеседі.)

«Чемоданға салып алып кететін.....»

«Қоқысқа тастайтын....»

«Әлі өңдеу керек......»







Қорытынды. Мұғалім сабақты қорытындылайды, белсенді оқушыларды марапаттайды





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет