Сабақ тақырыбы: Талантты және дарынды балаларды анықтау. Мақсаты



Дата22.06.2017
өлшемі47,95 Kb.
#19866
түріСабақ
Коучинг жоспары: Таланты және дарынды балаларды анықтау.

Сабақ тақырыбы:

Талантты және дарынды балаларды анықтау.

Мақсаты:

Талантты және дарынды оқушыларды анықтау, іздеу, оқыту жолдарының маңыздылығын айқындау.

Міндеттері:

  • «Талантты» және «дарынды» ұғымдарымен таныстыру

  • Мұғалімдерге дарынды және талантты оқушылардың айырмашылығын түсіндіру, зияткерлік коэффицентті анықтаудың тиімділігін көрсету

  • Мұғалімдерге жүйелерін үйрету.

Оқыту нәтижесі:

  • Талантты және дарынды оқушыларды анықтай алады.

  • Дарынды балалардың мінез-құлқындағы ерекшеліктерді айқындай біледі.

  • Дарынды балаларды дамытудың тиімді жолдарын үйренеді.

Негізгі идея:

Дарындылық дегенді қалай түсінеміз?

Адам психикасының өмір бойы жүйейлі түрде дамып, басқалармен салыстырғанда адамның бір несеме бірнеше іс-әрекеті төңірегіндегі әдеттен тыс, сирек кездесетін жоғары нәтижелерге жету мүмкіндігі.

Дарынды бала дегеніміз кім?

Өз қатарынан әлде қайда дамыған, ерекше зейіні бар, белгілі бір іс-әрекет бойынша аса қабілеттілік танытып, жоғары жетістіктерімен дараланатын бала.

Сілтеме:

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Ресурстар:

Видеоролик, стикер, постер, маркер, қайшы, клей, қағаз, үлестірме материалдар.

Топқа бөлу:

«Дарынды», «Қабілетті», «Талантты» деген сөздер арқылы топқа бөлу

Қызығушылықты ояту.

Комплимент айту

Тапсырмалар:

  1. ББҮ стратегиясы бойынша екі бағанын толтыру және өз ойларын ортаға салу.3 мин

Мақсаты: Топ мүшелерінің не білетінін, не білгісі келетінін білу.

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Топты ұйымдастыру

ББҮ екі бағанын толтыру



Топппен жұмыс (15 минут)

ББҮ екі бағанын толтырады.



Праблеманы анықтау

  1. Лупа әдісі. Лупаға салдыру. (жаздыру) «Талантты және дарынды бала» дегенді қалай түсінесіз? Екеуі бір ұғым ба? 5 мин.

Коуч барлық мұғалімдердің толық қатысуын қадағалайды.

Топ мүшелері өз ойларын айтады

Тақырыпты ашу мақсатында

Презентация немесе Бейнероликтер қою 5-7 мин.

Мақсаты: таланты және дарынды балалар туралы мағұлмат беру.

Бейнеролик көрсетемін


Бейнеролик көреді.



Практикалық жұмыс

  1. Постермен жұмыс. 15 мин

1.Талантты және дарынды балаларды қалай анықтаймыз?

2.Дарындылықты дамыту жолдары.

3.Дарынды бала және орта



Мақсаты: дарынды балалардың мінез-құлқындағы ерекшеліктерді білу.Дарындылықтың дамыту жолдарын үйрену

Коуч нұсқау беріп, бақылайды, ұйымдастырады

Топ мүшелері ортақ шешімге келіп, постерге түсіріп, қорғайды.

Сергіту сәті



«Сатамын және сатып аламын» тренигін өткізу

Ішкі және сыртқы шеңбер болып тұрып, бір-біріне өздерінің жақсы айтып, жаман қасиеттін сатамын деу

Ішкі және сыртқы шеңбер болып тұрады да жақсы қасиетті сатып алады, жаман қасиетін сатамын дейді

Тапсырма:

Класстер құру 15 мин

1.Жалпы орта білім беретін мектептердегі дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың формасын анықтаңыз.

2.Мектепте бұл бағытта не істеледі, не істеу керек?

3.Мектепте дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар бағытында шешілмей жатқан қандай мәселелер бар?

Мақсаты:Дарынды және талантты балалармен жүргізілетін жұмыс түрлерін анықтау.

Осы сұрақтар бойынша әр топқа кластер кұру ұсынамын.

Топ мүшелер бірігіп кластер құрады және қорғайды.

Рефлекция

ББҮ стратегиясының үшінші бағанын толтыру 3 мин

Үшінші бағанын толтыртыру

Әр топ мүшелері үйренгендерін жазады.

Кері байланыс

«Бестік» кері байланысы

2 мин

Қағаздың бетіне өздерінің саусақтарын салады да кері байланыс береді.

Саусақтанының ішіне

Бас бармақ-мен үшін маңызды

Сұқ саусақ-маған қиын болды

Ортаншы –маған жеткілікті болмады

Төртінші-менің көңіл-күйім

Бесінші-менің ұсынысым



Пайдаланатын

әдебиеттер:

Нұсқаулық.

Үлестірме материалдары.



Педагогикалық шеберлік орталығының порталы.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет