Сабақ тақырыбы: Тарихи процестер контекстіндегі өнердің бағыттары мен стильдері - Тарау: Өнер – қоғам дамуының бейнесі
Сабақ мақсаттары - қоғамдағы өзгерістерді түсіну үшін «абстракцианизм», «модернизм», «постмодернизм», «авангардизм», «футуризм», «кубизм», «сюрреализм», «экспрессионизм», «гиперреализм», «хайтек» терминдерін қолдану
- өнердің стильдері мен бағыттарының дамуына қоғамдық процестердің әсерін анықтау
- әлем мәдиетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылық туындыларын талдап, олардың ерекшеліктерін анықтау
- Өнер- бұл түрлі уақыт аралығындағы адамзат тарихының оқиғаларының айнасы.
Реализм - (лат. relіs — заттылық, шындық) — әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс.
Модернизм - Модернизм (итал. modernismo, лат. modernus – жаңа, қазіргі) – XX ғасыр басында рухани сана дағдарысы кезінде пайда болған философиялық-эстетикалық ағымдардың жиынтық атауы.
- Модернизм қаламгерлердің әлемдік соғысқа, адамзат дамуындағы дағдарыстарға көзқарасын білдірді. Модернизм авангардтық және декаденттік сатылардан өткенімен, олардан айырмашылығы болды.
Импрессионизм - (фр. іmpressіonnіsme, іmpressіon – әсер) – алғаш рет Францияда 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында өнерде қалыптасқан ағым. Импрессионизм өкілдері өмірді шынайы, айқын, боямасыз бейнелеуге ұмтылды.
Абстракционизм - (ағылш. abstractio — дерексіздік, бөлініс, оқшаулық) — қазіргі заман өнеріндегі қоршаған ортаны бейнелеуде нақты қаттарды ескермейтін ағым. Абстрактілі өнер шындықты тiкелей керсетпейтiндiктен, оны кейде «затсыздандырылған», деп айтады.
-
Модернизм - Модернизм жеке тұлға санасын рухани ауытқулармен байланыста қарады. Модернистер әлемдік деңгейдегі қоғамдық қайшылықтар, санадағы қақтығыстар кезінде адам дүниенің мағынасыз екенін, өзінің фәнидегі жалғыздығын түсінеді деген пікірлерді алға тартты.
Авангардизм - авангардшылдық (фр. avant-gardisme — алғы шептегілер) — қалыптасқан қағидалар мен дәстүрден, өмір бірқалыптылығынан алшақтай отырып, көркем мәдениетті жаңғыртпақ болған мәдени ағым. Авангардизм XIX ғ. аяғы мен XX ғ. 60—70 жылдарында өрістеді. Ол модернизмнің тым өсерленген бағыты ретінде қалыптасты
Футуризм - (лат. futurum — болашақ) — 20 ғасырдың басындағы Еуропа елдеріндегі негізгі авангардтық ағымдардың бірі.
Сюрреализм - (фр. surréalisme — сверхреализм) — модернистік өнердің бір бағыты.
Экспрессионизм - (фр. expressіo — бейнелеу) — еуропа өнері мен әдебиеттіндегі бағыт. Еуропадағы 20 ғасырдың 1-ширегінде болған әлеуметтік дағдарысқа (1-дүниежүзілік соғыс пен оған ұласқан төңкерістік дүмпуді қамтиды, шамамен 1905 – 20 жылға дейін) жауап ретінде көрініс тапты. Экспрессионизм сол кезеңде өз заманындағы өркениет жұтаңдығына қарсылық көрсету ретінде пайда болды.
Постмодернизм - (ағылш. postmodernism) — әуелде сәулет өнері саласында қолданылған атау болып, хатжүзіндік тіке мағынасы — "модерннен кейінгі", яғни "осы заманнан кейінгі", "соңғы", "жаңа заман" дегенді білдіреді. Бұл сөздің қазақша баламасы тұрақтанбаған, кейбіреулер оны "соңғы осы заманшылдық" деп те атап жүр.
- Тапсырма:
- Өнердің стилі мен бағыттарының дамуына қандай қоғамдық процестер әсер етеді?
- Оқушылар:
- Өнердің жан-жақтылығы мен стильдері арасындағы байланыстың себеп-салдарын талқылай отырып, ең маңызды болып табылатынын екі үдерісті анықтап шығарады.
Критерии - -өнердің бағыттарына тән сипаттамасы мен оның анықтамасын беру;
- -айтылған бағыттардың суретші өкілдерін дайындау;
- - тарихи процестер тұрғысынан суреттің дәл осы бағытта тиесілі екендігін дәлелдейтін бір өнер туындысының сипаттамасын дайындау;
Достарыңызбен бөлісу: |