Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі



Дата31.01.2018
өлшемі117,94 Kb.
#37201
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар


Мектеп:

Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі»КММ



Сабақ тақырыбы:

Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару

Мерзімі:

Математика пәні мұғалімнің аты-жөні: Қабдыкәрім Жанар

Сынып: 9

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Оқу бағдарламасына сілтеме




Сабақтың мақсаты

Оқушыларға мәтін есептерді теңдеу құру арқылы шығарудың алгоритмін тиімді қолдануды меңгеруге жағдай жасау, түрлі тақырыпта берілген мәселе есептердің шешімдерін сауатты таба білуге үйрету

Жетістік критерийлері

Мәтіндік есептерге теңдеулер құра алады

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер

Шаталов, проблемалық, дәстүрлі

Құндылықтарды дарыту


  • әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін терең академиялық білім беру;

  • өзіндік ізденіс пен өз бетімен білім алу қабілеттерін тұрақты қалыптастыру;

  • өзін-өзі жетілдіру мен дамыту қажеттілігін сезіну.

Пәнаралық байланыстар

Физика пәні, геометрия, архитектура, технология

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтада интернет ресурстарынан алынған материалдарды пайдалану, слайдтар, электронды оқулықтар.

Тілдік мақсат

Оқушылар біледі:

Мәтіндік есептерді теңдеулер құру арқылы шешу үшін қажет негізгі терминдерді ауызша/жазбаша қолдана алады



Пәндік лексика мен терминология

Русский

Қазақша

English

Точка

Нүкте

Point

Время

Уақыт

Time

Движение

Қозғалыс

Movement

Объем работы

Жұмыс көлемі

Work content

Производительность

Өнімділік

Productivity

Путь

Жол

Path, way

Расстояние

Арақашықтық

Distance

Скорость

Жылдамдық

Speed

Смесь

Қоспа

Mixture

Сплав

Қорытпа

Alloy

Средняя скорость

Орташа жылдамдық

Average speed

Переменная

Айнымалы

Variable

Уравнение

Теңдеу

Equation




Алдыңғы меңгерілген білім

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесі

Сабақбарысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтаорындалатыніс-әрекеттер

Оқытуресурстары

Басы


(3 мин)

Ортасы


(7 мин)

Жеке


(10 мин) жұптық

(5 мин) жұмыс


Топтық жұмыс

(10 мин)


І. Ұйымдастыру:

1. Оқушыларды сабаққа бағыттау.

  1. Оқушылармен амандасу. Зейіндерін сабаққа аударту.

  2. Оқушыларды кездейсоқ таңдалған нөмірлердің көмегімен топқа бөлу (топ капитаны алдын ала стикердегі нөмірден кейін жазылып тұрады).


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тапсырманы тексеру, дұрыстығына көз жеткізу.


ІІІ. «Білім баспалдағы»

Жаңа тақырыпты меңгерту
Есептерді теңдеулер жүйесі арқылы шығарғанда келесі алгоритмді қолдану қажет:

  1. есептің шартын талдау;

  2. берілген шамаларды әріптермен белгілеу;

  3. белгіленген әріптер арқылы берілген шаманы өрнектеу;

  4. теңдеулер жазу және олардан жұйе құру;

  5. жүйенің шешімін табу;

  6. есептің берілгені бойынша жүйе шешімдерінің қайсысы есептің берілгенін қанағаттандыратынын зерттеу.


1-мысал:

Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 9-ға тең. Егер осы санның цифрларының орындарын ауыстырсақ, онда алғашқы санның -ін құрайтын сан шығады. Берілген санды табу керек. y – берілген санның бірліктерінің цифры, ал x – оның ондықтарының цифры болсын. Онда берілген сан түрінде жазылады. Есептің сұрағына жауап табу үшін келесі теңдеулер жүйесін шығарамыз:

Бұл жүйені шешкенде x=5, y=4 шығады.

Жауабы: берілген сан – 54.
2-мысал:

Жұмыс пен еңбек өнімділігін анықтауға берілген мәтіндік есептер.
Мұндай түрде берілген мәтіндік есептердің компоненттері: А- жұмыс, t – уақыт, v- еңбек өнімділігі (өлшем бірлігіндегі уақытқа байланысты істелінген жұмыс) арасында мынадай байланыс бар:

Жұмысқа берілген бірнеше қарапайым мәтіндік есептерді қарастырайық.



2-мысал. Жоспар бойынша трактор бригадасы егістік жерді 14 күнде айдап бітіруі тиіс еді. Бригада күніне жоспарланғаннан 5 га артық жырта отырып, егістікті 12 күнде жыртып бітірді. Қанша га жер айдалды?
Шешуі: Жоспар бойынша бригаданың еңбек өнімділігін х (га/күн), деп белгілейік.

Шамалар

Жер айдау

Жоспар бойынша

Іс жүзінде

(га)

14х

12(х+5)










N (га/күн)

х

х+5

t (күндер)

14

12

Сонда есептің шарты бойынша мынадай теңдеу шығады:

Жоспар бойынша еңбек өнімділік 30 га/күн болатындықтан, айдалған жердің егіс көлемі га болады.

Демек, айдалған жер 420 га болған.



Жауабы: 420 га.
ІV. «Менің қолымнан бәрі келеді ...»

Жеке жұмыс

Жеке жұмыста оқушылар оқулықтағы кез келген деңгейдегі тапсырмаларды орындау арқылы өз қабілеттерін айқындайды. А деңгейіндегі есептерді қиналмай шығарған оқушы В деңгейіне өтіп, оны бағындырса, с деңгейіне дейін жетіп, өз қолымен қандай жетістікке жеткенін дәлелдейді.


V«Елші»

Жұптық жұмыс

Жұптық жұмыста оқушылар көршісімен шығарған есептерінің дұрыстығына көздері жеткеннен кейін (алдымен мұғалім есептерді бір қарап, дұрыстығына көз жеткізу керек), бір-бірімен дәптерлерін алмастырып, қателіктерін түзетеді және бір-біріне түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Әрине, мұғалімнің қадағалауымен.


VІ. «Қазыналы қоржын»

«Қазыналы қоржында» С деңгейінің үш есебі көнеден келе жатқан таста жазылған. Кез келген санды таңдау арқылы (1, 2, 3), таста көрсетілген есепті үш топқа үлестіреміз. Кім жылдам әрі дұрыс шығарса сол тастың, қазынаның иегері атанады.


А. Әбілқасымова, И. Бекбоев, А. Абдиев, З. Жұмағұлова – 9 сынып, Бейсеков Ж, Касымбекова Н.Ж.–

9сынып





Соңы

(5 мин)




VІІ. Сабақты бекіту:

Үлестірме парақтарға берілген сұраққа жауап береді.

Сұрақ: Мәтіндік есептерді шығаруды тиімді алгоритмін атаңыз?

VІІІ. Рефлексия:


Нені білдім?

Нені үйрендім?

Нені білгім келеді?










ІX. Бағалау:

Бағалау сабақ үдерісінде жүре береді. Әр тапсырма орындалған кезде “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісімен бағаланады.


X. Үй тапсырмасы:

Бейсеков Ж, Касымбекова Н.Ж. – 9 сынып



3. Белгілі жұмысты бір ұста 12 күнде, сол жұмысты екінші ұста 6 күнде бітіреді. Екі ұста бірігіп сол жұмысты неше күнде бітіреді?

Интербелсенді тақта, үлестірмелі материалдар

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірекқолдаукөрсетуүшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтарменбайланыс

(тәрбиелік элемент)

1. Қабілеті жоғары оқушыларды қабілеті төмен оқушылармен бірге бірлесе отырып топтық жұмыс жасайды. Олар көмек көрсету арқылы олардың жинақталуына септігін тигізіп, оқуға тарта алады. Топқа қойылатын талап бойынша әр топ шығарған есепті қалай шығарғанын басқа топ алдында қорғайды және әрбір топ мүшесінің өзіндік рөлі болу керек.

2. Әрбір оқушыны назардар тыс қалдырмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады.



Оқушы өзін-өзі бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады.

Ойлауды сезінуді дамытатын материалдар. Оқушылардың өзара әрекеттесу мәдениетін қалыптастыру, кездескен қиын және күрделі жағдайларда оқушы өзін бірқалыпты ұстануға көмектеседі


Рефлексия

Сабақмақсаттары/оқытумақсаттарыжүзегеасырымдыболдыма?




Бүгіноқушыларненіүйренді?




Оқытуортасықандайболды?




Меніңбөліпоқытқанымөзмәніндежүзегеастыма?




Мен өзуақытымдыұтымдыпайдаланаалдым ба?




Мен жоспарымақандайөзгерістеренгіздімжәненеліктен?





Қорытындыбағалау

Еңжақсыөткенекітапсырманыатапкөрсетіңіз (оқытуғажәнеүйренугеқатысты)


1










2










Қандайекінәрсенемесетапсырмасабақтыңодан да жақсыөтуінеықпалынтигізереді (оқытуғажәнеүйренугеқатысты)?


1










2










Осы сабақтыңбарысындабарлықсыныпнемесежекелегеноқушылартуралыменіңкелесісабағымақажетболуымүмкінқандайақпараттыбілдім?


1










2




ІV, V кезеңнің тапсырмалары:

А тобы

В тобы
С тобы

VІ кезең тапсырмасы
1. Қандай да бір жұмысты бірігіп 12 күнде бітіре алады. Бірлесіп 8 күн жұмыс істегеннен кейін, біреуі ауырып қалады, содан екіншісі жалғыз істеп, жұмысты 5 күнде бітіреді. Әрқайсысы жеке-жеке жұмыс жасағанда, бұл жұмысты неше күнде бітірер еді?
2. Екі насос бірігіп жұмыс істегенде бассейнді 12 сағатта толтырады. Бірінші насос екіншісіне қарағанда бассейнді бір жарым есе ерте толтырады. Бірінші насос бассейнді неше сағатта толтырады?
3. Екі бригада орындықтар жасады, сонда бірінші бригада 65 орындық, ал екінші бригада 66 орындық жасады. Бірінші бригада 1 күнде екіншіден екі орындық артық, бірақ одан 1 күн кем жұмыс жасады. 2 бригада бірлесе отырып бір күнде қанша орындық жасады?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет