Басы
(3 мин)
Ортасы
(7 мин)
Жеке
(10 мин) жұптық
(5 мин) жұмыс
Топтық жұмыс
(10 мин)
|
І. Ұйымдастыру:
1. Оқушыларды сабаққа бағыттау.
Оқушылармен амандасу. Зейіндерін сабаққа аударту.
Оқушыларды кездейсоқ таңдалған нөмірлердің көмегімен топқа бөлу (топ капитаны алдын ала стикердегі нөмірден кейін жазылып тұрады).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырманы тексеру, дұрыстығына көз жеткізу.
ІІІ. «Білім баспалдағы»
Жаңа тақырыпты меңгерту
Есептерді теңдеулер жүйесі арқылы шығарғанда келесі алгоритмді қолдану қажет:
есептің шартын талдау;
берілген шамаларды әріптермен белгілеу;
белгіленген әріптер арқылы берілген шаманы өрнектеу;
теңдеулер жазу және олардан жұйе құру;
жүйенің шешімін табу;
есептің берілгені бойынша жүйе шешімдерінің қайсысы есептің берілгенін қанағаттандыратынын зерттеу.
1-мысал:
Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 9-ға тең. Егер осы санның цифрларының орындарын ауыстырсақ, онда алғашқы санның -ін құрайтын сан шығады. Берілген санды табу керек. y – берілген санның бірліктерінің цифры, ал x – оның ондықтарының цифры болсын. Онда берілген сан түрінде жазылады. Есептің сұрағына жауап табу үшін келесі теңдеулер жүйесін шығарамыз:
Бұл жүйені шешкенде x=5, y=4 шығады.
Жауабы: берілген сан – 54.
2-мысал:
Жұмыс пен еңбек өнімділігін анықтауға берілген мәтіндік есептер.
Мұндай түрде берілген мәтіндік есептердің компоненттері: А- жұмыс, t – уақыт, v- еңбек өнімділігі (өлшем бірлігіндегі уақытқа байланысты істелінген жұмыс) арасында мынадай байланыс бар:
Жұмысқа берілген бірнеше қарапайым мәтіндік есептерді қарастырайық.
2-мысал. Жоспар бойынша трактор бригадасы егістік жерді 14 күнде айдап бітіруі тиіс еді. Бригада күніне жоспарланғаннан 5 га артық жырта отырып, егістікті 12 күнде жыртып бітірді. Қанша га жер айдалды?
Шешуі: Жоспар бойынша бригаданың еңбек өнімділігін х (га/күн), деп белгілейік.
Шамалар
|
Жер айдау
|
Жоспар бойынша
|
Іс жүзінде
|
(га)
|
14х
|
12(х+5)
|
|
|
|
N (га/күн)
|
х
|
х+5
|
t (күндер)
|
14
|
12
|
Сонда есептің шарты бойынша мынадай теңдеу шығады:
Жоспар бойынша еңбек өнімділік 30 га/күн болатындықтан, айдалған жердің егіс көлемі га болады.
Демек, айдалған жер 420 га болған.
Жауабы: 420 га.
ІV. «Менің қолымнан бәрі келеді ...»
Жеке жұмыс
Жеке жұмыста оқушылар оқулықтағы кез келген деңгейдегі тапсырмаларды орындау арқылы өз қабілеттерін айқындайды. А деңгейіндегі есептерді қиналмай шығарған оқушы В деңгейіне өтіп, оны бағындырса, с деңгейіне дейін жетіп, өз қолымен қандай жетістікке жеткенін дәлелдейді.
V«Елші»
Жұптық жұмыс
Жұптық жұмыста оқушылар көршісімен шығарған есептерінің дұрыстығына көздері жеткеннен кейін (алдымен мұғалім есептерді бір қарап, дұрыстығына көз жеткізу керек), бір-бірімен дәптерлерін алмастырып, қателіктерін түзетеді және бір-біріне түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Әрине, мұғалімнің қадағалауымен.
VІ. «Қазыналы қоржын»
«Қазыналы қоржында» С деңгейінің үш есебі көнеден келе жатқан таста жазылған. Кез келген санды таңдау арқылы (1, 2, 3), таста көрсетілген есепті үш топқа үлестіреміз. Кім жылдам әрі дұрыс шығарса сол тастың, қазынаның иегері атанады.
|
А. Әбілқасымова, И. Бекбоев, А. Абдиев, З. Жұмағұлова – 9 сынып, Бейсеков Ж, Касымбекова Н.Ж.–
9сынып
|
Соңы
(5 мин)
|
VІІ. Сабақты бекіту:
Үлестірме парақтарға берілген сұраққа жауап береді.
Сұрақ: Мәтіндік есептерді шығаруды тиімді алгоритмін атаңыз?
VІІІ. Рефлексия:
Нені білдім?
|
Нені үйрендім?
|
Нені білгім келеді?
|
|
|
|
ІX. Бағалау:
Бағалау сабақ үдерісінде жүре береді. Әр тапсырма орындалған кезде “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісімен бағаланады.
X. Үй тапсырмасы:
Бейсеков Ж, Касымбекова Н.Ж. – 9 сынып
3. Белгілі жұмысты бір ұста 12 күнде, сол жұмысты екінші ұста 6 күнде бітіреді. Екі ұста бірігіп сол жұмысты неше күнде бітіреді?
|
Интербелсенді тақта, үлестірмелі материалдар
|