Сабақ тақырыбы Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару



Дата20.12.2021
өлшемі348,35 Kb.
#104211
түріСабақ
Байланысты:
15. Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару. Нұсқа 1




Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.3А Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі







Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш.







Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:







Сабақ тақырыбы

Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару







Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.1.6

мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару;










Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Мәтін есепте белгісізді анықтайды;

  • Мәтін есептің математикалыұ моделін құрады;

  • Cызықты теңдеулер құрастыра отырып, мәтін есептерді шығарады;

  • Бір айнымалысы бар теңдеуді шешудің алгоритмін біледі;

  • Бір айнымалысы бар теңдеудің қасиеттерін біледі;

  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешеді.







Бағалау

критерийлері

Оқушылар:

  • Мәтін есепте белгісізді анықтай алады;

  • Мәтін есептің математикалыұ моделін құра алады;

  • Cызықты теңдеулер құрастыра отырып, мәтін есептерді шығара алады;

  • Бір айнымалысы бар теңдеуді шешудің алгоритмін біледі;

  • Бір айнымалысы бар теңдеудің қасиеттерін біледі;

  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шығара біледі.







Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • сызықты теңдеудің анықтамасын және түрін, санды теңдіктердің қасиеттерін, модуль анықтамасын біледі;

  • тепе-тең түрлендірулерді орындай отырып, теңдеулерді сызықты түрге келтіреді;

  • теңдеулердің қасиеттерін айта алады;

  • сызықты теңдеулердің коэффициенттерін нұсқай отырып, сызықты теңдеулерді сипаттайды;

  • теңдеулердің қасиеттерін қолдана отырып, теңдеулердің шешіміне түсінік береді;

  • мәтін есептің берілгеніне сәйкес математикалық моделін құрастыру алгоритмін сипаттайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • теңдеу;

  • теңдеудің түбірі;

  • теңдеудің сол жағы;

  • теңдеудің оң жағы;

  • тепе-тең түрлендіру;

  • сызықты теңдеу;

  • сызықты теңдеудің коэффициенттері;

  • математикалық модель.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • теңдеу деп – құрамында мәнін табу қажет болатын айнымалысы бар теңдікті айтамыз.

  • теңдеудің түбірі деп ...;

  • теңдеуді шешу дегеніміз - ...;

  • сызықты теңдеу деп ...;

  • егер теңдеудің екі жағына бірдей санды қоссақ, онда ...;

  • егер теңдеудің екі жағын нөлден өзге бірдей санға көбейтсек, онда ...;

  • «х ... болсын»;

  • ... екенін біле отырып, теңдеуді құрамыз және шығарамыз;

  • ... белгілі болса, онда ... теңдеуін құрамыз;

  • теңдеуді шешіп, есептің жауабы болып табылатын айнымалының мәнін табамыз.







Құндылықтарды дарыту

- Оқушылар өзара қарым-қатынаста адал және шынайы айқын;

- Өзгенің пікірін құрметтеу;

- Өз бетінше білім алу қабілеттерін дамыту;








Пәнаралық

байланыстар

Қазақ әдебиет







Бастапқы

білім

Амалдарды орындауда белгісіз компоненттерді табу ережелерін білу. Теңдеулерді шеше алу.







Сабақ барысы







Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар




Сабақтың басы

0 – 3 мин

Ұйымдастыру. Амандасу.

Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне жылылық сыйлау.



Психологиялық ахуал

«Неге?» тренингі

Оқушылар шеңбер бойымен тұрады да, бір-біріне белгілі бір сөйлем айтады да келесі оқушыға «неге?» деген сұрақ қояды. Ол оқушы ары қарай жауаппен жалғастырады да, «неге?» деген сұрақ қояды. Мысалы, Бүгінгі сабақ ерекше өтеді неге? Келесі оқушы: Өйткені біз сабаққа қызығушылықпен қатысамыз неге? т.с.с. жалғасады.

Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды.


Презентация




Сабақтың_ортасы__4_–_8_мин'>Сабақтың ортасы

4 – 8 мин

Баспалдақпен жоғары көтеріле отырып, арифметикалық амалдарды орындаңдар:


Алгебра 6 кл. Муравин, Муравина - 2014

Презентация

Смайликтер
Қосымша 1





9 – 20 мин

Жұптық жұмыс

1-тапсырма

Қандайда бір берілген санды 4-ке кемітіп, шыққан санның үштен бірі мен үш еселенген бастапқы санның жартысының айырмасы 5-ке тең болса, бастапқы санды табыңыз.



2-тапсырма

Автобус пен жеңіл машина арақашықтығы 604 км болатын екі қаладан бір мезетте қарама-қарсы шығып, 4 сағаттан соң кездесті. Егер жеңіл машинаның жылдамдығы автобустың жылдамдығынан 17 км/сағ артық болса, автобустың жылдамдығын табыңыз.


Дескриптор: Білім алушы

- есептің шартына байланысты математикалық моделін құрады;

- теңдеуді құрастырады;

- өзінің құрған теңдеуінің түбірін табады;

- есептің жауабын негіздейді.


Қосымша 2





21 - 22 мин

Сергіту сәті

Қолдарын кеудесіне қойып - Менің,

Қолдарын жайып - Отаным,

Шапалақтап - Қазақстан!

Жоғары- төмен қарайық,

Оңға, солға түзу тұр.

Бойымызға күш жинап,

Біз дем алып алайық.



https://www.metod-kopilka.ru/sergitu-sti-zhinai-70273.html

Презентация







23 – 37 мин

Жеке жұмыс

1 нұсқа

1. Теңдеуді шешіңдер:

а) 5x – 3 = 4x + 7; b) -3x + 2,4 = 5x – 3.

2. Теңдеуді шешіңдер: 1 – (1 – 5x) = 14.

3. Теңдеуді шешіңдер: =

4. Тік төртбұрыштың AB қабырғасы BC қабырғасынан 12 см ұзын. Егер AB қабырғасын 13 см, ал BC қабырғасын 6 есе ұзартса, онда екі қабырғаның ұзындығы тең болады. AB қабырғасының ұзындығын табыңдар.

5. Теңдеуді шешіңдер: =

6. Теңдеуді шешіңдер: 1 – x – x2 = -(x – 1) - 167

7. Теңдеуді шешіңдер:

2 нұсқа

1. Теңдеуді шешіңдер:

а) -3x – 2 = 5x + 6; b) -2x – 1,4 = 6x – 3.

2. Теңдеуді шешіңдер: 1 – (1 – 4x) = 6.

3. Теңдеуді шешіңдер: =

4. Тік төртбұрыштың AB қабырғасы BC қабырғасынан 8 см ұзын. Егер AB қабырғасын 6 есе, ал BC қабырғасын 10 есе ұзартса, онда екі қабырғаның ұзындығы тең болады. AB қабырғасының ұзындығын табыңдар.

5. Теңдеуді шешіңдер: =

6. Теңдеуді шешіңдер: 1 + x – x2 = -(x – 1) – 25.

7. Теңдеуді шешіңдер:

Жауаптары:

Нұсқа 1 Нұсқа 2.

№1. а) 10; б) 0,675. №1. а) - 1; б) 0,2.

№2. х №2. х

№3. – 6. №3.

№4. 17 см. №4. 20 см.

№5. х №5. х

№6. х №6. х

№7. х х №7. х х


Математика. 6кл. Дидактич. матер. к Виленкину_2013

Қосымша 3








Сабақтың

соңы

38 – 40 мин

Үйге тапсырма: №924 – есеп.

Рефлесия:

Кері байланыс «Нысана»

Сары түсті шеңбер «бұл тақырып маған өте қызық болды...»

Қызыл түсті шеңбер «маған бәрі түсінікті!»

Көк түсті шеңбер «маған көмек қажет»



Математика 2 бөлім, 6 сынып, Т.А. Алдамұратова 2015

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Саралау тапсырмалары жұптық және жеке жұмыстардың әр кезңінде беріледі. Жұптық жұмыста қабілеті жоғары оқушылар өз жолдастарына көмек жұмыстарын ұйымдастырады.

Бағалау сабақтың барлық бөлімінде жүреді, ауызша жауап берген оқушыларды мадақтау. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды смайликтермен мадақтау

Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет