IV. Пысықтау.
Электромагниттік толқын деген не?
Электромагниттік толқынның вакуумдегі және ортадағы таралу жылдамдығы қалай анықталған?
Электромагниттік толқынның таралу бағытын қалай анықтауға болады?
Неліктен жабық тербелмелі контур электромагнитті толқынды шығарып тарата алмайды?
Неге ашық вибраторда электромагниттік тербеліс кезінде толқын шығарылады?
Герцтің электромагниттік толқынды қоздыру және тіркеу тәжірибелерін түсіндіріңдер.
IV. Есепьер шығару. №3.3.3. №3.3.2
V. Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: §3.2.§3.3. Электромагниттік толқындар. Электромагниттік толқындарды шығару. Герц тәжірибелері.
11-сынып.
Сабақ тақырыбы: §3.4.§3.5. Электромагниттік толқындардың энергиясы.Электромагниттік толқындардың қасиеттері.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға электромагниттік толқын ағынының тығыздығы, толқын интенсивтігі,электромагниттік толқын туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеокассеталар, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Электромагниттік толқын дегеніміз не?
Электромагниттік толқынның вакуумдегі және ортадағы таралу жылдамдығын қалай анықтаған?
Электр өрісі кернеулігінің өзгеру жылдамдығы кеңістіктің белгілі бір аймағында тұрақты болса, электромагниттік толқын пайда бола ма?
Жазық электромагниттік толқынның электр және магнит векторлары өзара қалай байланысқан?
Электромагниттік толқынның таралу бағытын қалай анықтауға болады?
Неліктен жабық тербелмелі контур электромагнитті толқынды шығарып тарата алмайды?
Неге ашық вибраторда элеткромагниттік тербеліс кезінде толқын шығарылады?
Герц тәжірибесін түсіндіріңдер.
ІІІ. Жаңа тақырып.
Электромагниттік толқын шығару ағынының тығыздығы деп толқынның таралу бағытына перпендикуляр ауданы S беттен Δt уақыт ішінде өтетін электромагниттік W энергияның беттің ауданы мен энергияның өту уақыты көбейтіндісіне қатынасын айтады:
Өлшем бірлігі [Вт/м2]
Достарыңызбен бөлісу: |