Кейбір галактиканың ядроларында, олардың центрлерінде, сәуле шығарумен немесе кәдімгі жұлдыздардың жарылысымен түсіндіруге болмайтын ғаламат энергия мөлшерінің бөлінуі болады. Мұндай галактикалар активті ядросы бар галактикалар деп аталады.
Галактика центрінен ғарыштық жылдамдықтармен қозғалатын қуатты бөлшектер ағынының лақтырылуы болады. Осы ағындағы электрондар электромагниттік толқындардың ғаламат көздерін құрайды, мөлшері кейде галактиканың өз мөлшерінен көп есе артып кетеді. Бұл көз онымен салыстырмалы түрде симметриялы орналасады. Қуатты радиокөздері бар галактикаларды радиогалактикалар деп атайды.
1963 жылы жұлдызға ұқсас радиокөздің спектрінен сректрдің қызыл бөлігіне қатты ығысқан жұту спектрі анықталған. Бұл тек өте алыстағы объектіден болуы мүмкін. Ал бұл, оның жарқырауы аса жарық галактикалардың жарқырауынан 100 есе асып түседі дегенді білдіреді. Осыған ұқсас басқа объектілер ашылғаннан кейін, оларды радиосәулеленудің квазижұлдыздық көздерідеп аталады. Квазар алыстағы алып галактикалардың активті ядросы болып табылады.
Жұлдыздар өздерінің – шар тәрізді және шашыраңқы формалары бойынша, ал объектілердің санына қарай әр түрлі шоғыр құрайды. Шашыраңқы шоғырлардажұлдыздар салыстырмалы түрде онша көп емес: бірнеше ондаған жұлдыздан бірнеше мыңға дейін болады. Шашыраңқы шоғырдың ең белгілісі Торпақ шоқ жұлдызында көрінетін Үркер шоғыры болып табылады. Осы шоқ жұлдызы жарық Альдебаранның жанында әлсіз жұлдыздардың үшбұрышы – Гиады шоғыры тұр. Жеті қарақшыға жататын жұлдыздардың бір бөлігі де шашыраңқы шоғыры құрайды. Осы типке жататын шоғырлар Құс жолына жақын маңнан көрінеді.
Жұлдыздардың Галактикада орналасуы Құс жолы жазықтығына перпендикуляр жазықтықтағы оның құрылымын көрсететін сызбада көрсетілген. Суретте Күн мен Мерген шоқ жұлдызы бағытында тұрған Галактиканың орталық бөлігі орналасқан дискі, спиральдық жең және сфералық гало көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |