Тербелмелі жүйенің меншікті циклдік жиілігі деп нені айтады?
Тербеліс амплитудасы деген не?
Тербеліс периоды деген не?
Тербеліс жиілігі деген не?
Томсон формуласын жазыңдар.
Тербеліс фазасы деген не?
V.Есептер шығару.№1.2.5, №1.2.6, №1.2.7
VI. Қорытындылау.
VII.Бағалау.
VШ. Үйге тапсырма: §1.2. Еркін электромагниттік тербелістерді сипаттайтын теңдеулер.. №1.2.1, №1.2.2, №1.2.3 №1.2.4.
11-сынып.
Сабақ тақырыбы: §1.3. Механикалық және электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық.
Сабақ мақсаты: Электромагниттік тербелістер ұғымын қалыптастыруды жалғастыру, тербелмелі процестер кезіндегі электр және механикалық шамалардың арасындағы сәйкестік туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.