Сабақ тақырыбы: тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер. Сабақ мақсаты



бет97/151
Дата17.01.2020
өлшемі18,15 Mb.
#56040
түріСабақ
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   151
Байланысты:
11 сын поуороч


ІV.Есептер шығару: №6.2.1, №6.2.2, №6.2.5, №6.2.7.

V. Үйге тапсырма: §6.1, §6.2. Жылулық сәуле шығару. Стефан-Больцман және Винн заңдары. №6.2.3, №6.2.4. №6.2.6.

VІ. Қорытындылау. Бағалау.


11-сынып.

Сабақ тақырыбы: §6.3, §6.4. Люминесценция. Фотоэффект.

Сабақ мақсаты:

  • Оқушыларға люминесценция, оның түрлері, фотоэффект, фотоэффектінің қызыл шекарасы, фотоэффект үшін Эйнштейн теңдеуі туралы түсінік беру.

  • Оқушыларды ­өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  • Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  • Жылулық сәулелену деген не?

  • Жылулық сәулеленудің негізгі қасиеттері қандай?

  • Интегралдық энергетикалық жарқыраудың анықтамасын тұжырымда.

  • Абсолют қара дене деген не?

  • Стефан-Больцман заңын тұжырымдап, жазып беріңдер.

  • Абсолют қара дененің сәулелену қабілеттілігінің жиілікке тәуелділік графиктерін салыңдар.

  • Винн заңын айтып беріңдер.

  • Бір кванттың энергиясы неге тең?

  • Есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Люминесценция деп берілген температурада жылулық сәулелер шығарудан басым және жарық шығару ұзақтығы жарық тербелістерінің периодынан ұзақ болатын тепе-тең емес сәулелерді айтады.



Люминесценция түрлері:

  • Катодолюминесценция:

  • Электролюминесценция;

  • Хемилюминесценция;

  • Фотолюминесценция;


Жарық шығару ұзақтығына қарай:

  • Флуоресцеция;

  • Фосфоресценция деп бөлінеді.


Стокс ережесі:

Люминесценциялық сәулеленудің толқын ұзындығы әрқашан оны тудырған жарық толқынының ұзындығынан артық болатынын тағайындады.

Фотоэффект дер түскен жарықтың әсерінен заттан электрондардың ұшып шығу құбылысын айтады.

Фотоэффект құбылысын тәіжрибе жүзінде зерттеп, заңдылықтарын тағайындаған орыс ғалымы А.Г.Столетов.



Г.Герц пен А.Г. Столетов тәжірибесі

Потенциометрдің көмегімен анод пен катодтың арасындағы кернеуді өзгерте отырып, фототоктың кернеуге тәуелділігін, яғни фотоэффектінің воль-амперлік сипаттамасын алуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет