3 топқа мәтін таратылады. І-топқа бесік, ІІ-топқа алтыбақан, ІІІ-топқа домбыра.
Осы мәтін бойынша топ мүшелері суретін салып қорғайды.
Есептер шығару
21-жаттығу есептерін шығарту
Сабақты бекіту
Физикалық диктант
1) Дененің бірдей уақыт аралығында дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын _______айтады
2. Герц _________өлшем бірлігі.
3.Толық бір тербеліске кеткен уақыт
______________ деп аталады.
4. = _____________формуласы.
5.Ығысуды ______ әрпімен белгілейді
Қорытынды
Сонымен балалар, дүниеде тербеліссіз өмір жоқ сияқты. Ағаштың, ішектің, жапырақтың тербелуі көзге көрінетін қарапайым тербеліс болса, электр тогының, ауаның, жүректің, атомдардың тербелуі көзге көрінбейтін күрделі тербелістер. Сондықтан олардың бәріне ортақ заңдар бар. Өздерің көргендей, біздер ірі тербелістер туралы әңгімеледік. Бірақ техникада көп кездесетін аса кауіпті ұсақ тербелістер болады. Мысалы, дірілдеген судың бетінен қандай қауіп төнеді дейміз, ал осы көптеген құбылыстың жауы. Ұсақ тербелістердің жиілігі сан алуан. Оның пайда болуына көптеген себептер бар.
Бағалау
Үйге тапсырма
24-25 тақырып. 21-жаттығу. №4 есеп.
Тапсырма:
Адам өмірінде де тербелістің маңызы бар екенін көрсетіп, секундомерді пайдаланып, өз пульстеріңді әуелі қалыпты жағдайда, содан кейін жаттығу жасап барып өлшеңдер. Алынған мәндерді салыстырыңдар. Жүрек қағыстарыңның қалай екенін байқаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |