Сабақ тақырыбы: Терминальді жағдай. Қарапайым жүрек-өкпелік реанимация. Дайындаған педагог



бет1/5
Дата20.11.2023
өлшемі28,62 Kb.
#192157
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
f6095207dc08e00


«БЕКІТЕМІН»
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары:
___________ Р.К.Кулетова
“___06_” ___05__2021 ж.
«Мед-Профи колледж» ЖШС
___Мейіргер ісінің негіздері_ пәнен ___ сабақ жоспары


2020-2021 оқу жылы, 3курс, ЕФ-18-9қ3-1топ
Модуль/пән атауы_____ Мейіргер ісінің негіздері__________________
Сабақ тақырыбы: Терминальді жағдай. Қарапайым жүрек-өкпелік реанимация.
Дайындаған педагог: Қосымбаева Ардақ Бекес қызы. _______________
Сабақ типі Тәжірибелік сабақ
Сабақ мақсаттары: Студенттерге әр түрлі оқыстық жағдайлар кезіндегі диагностика және дәрігерге дейінгі көмекті үйрету. Тәуелсіз шұғыл медбикелік араласу ережелері, пациенттің актуалды және патенциалды мәселелері, туындайтын асқынулар.
Студенттерге терминальді жағдай қарапайым жүрек-өкпелік реанимацияны үйрету.


Жаңа сабақ тақырыбы: Терминаолдық жағдайлар кезінде шараларды ұйымдастыру (күтім, жағдайынын динамикасын бақылау). Өлім халіндегі адамның және онын жанұясының қажеттілігі (психологиялық көмек көрсету).


Жаңа сабақ материалы
ТЖ-дың белгілері және диагностикасы
• Тыныс алудың тоқтауы-апноэ;
• Қан айналымының бұзылуы-асистолия;
• Естің сөнуі (кома).
Апноэні анықтау үшін реаниматолог өте ұқыптылықпен,анық науқастың кеудесін және ер адамдарда іш аймағын визуальді
қарайды. Ал қанайналымының бұзылуын перифериялық және ірі
тамырлардағы пульсты есептеу арқылы және АҚҚ өлшеумен тексеруге болады.
 ТЖ кезіндегі науқас жағдайын бағалау критерийі
1.Ұйқы және сан артерияларындағы пульсты бағалау;
2.Тыныстың бар жоқтығын анықтау.Ол үшін дәрігер науқастың кеудесіне құлағын қойып,н/е айнаны мұрнына,аузына жақындатып,және пинцетпен жіп не мақта ұстап байқауға болады.
3.Науқастағы команы Глазго шкаласымен анықтаймыз.
4.Қарашық рефлексін бағалау үшін қабақты ашып қарашықты байқаймыз, одан соң қабақты қайтадан бірден ашқанда қарашық өзгермесе онда “қарашық” рефлексі теріс деген сөз. Егер жоғарыда айтылған 4 белгінің біреуі болса,тез арада реанимациялық шараны 1-4 минут ішінде жүргізу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет