Преагональді жағдайда науқас есі сақталады,бірақ ол шатасқан. АҚҚ 60-тан нөлге дейін түседі.Пульсі бірден жиілеп,жіп тәрізді болады.Перифериялық артерияларда сезілмейді,бірақ ұйқы және
сан артерияларында бар. Тынысы беткей және қиындаған.Тері жамылғысы бозғылт. Көз рефлекстері сақталған.Предагонияның
өзіне тән уақыт аралығы бар. Мысалы қанайналымы кенеттен тоқтаса,бұл кезең болмайды.Ал керісінше қан кету болса,предагония бірнеше сағатқа созылуы мүмкін.
• Кейде преагональды және агональды жағдайда терминальды пауза болады.
Ол 5–10 секундтан 1–4 минутқа дейін созылады: тыныс алудың тоқтауымен,сирек пульспен немесе оның болмауымен сипатталды. Қарашықтың жарыққа реакциясы жойылады, қасаң қабық рефлексі бар,
қарашықтар кеңейеді.Терең наркоз кезіндегі өлімде терминалды пауза
болмайды. Терминальной паузадан соң агония дамиды.
Агония кезінде АҚҚ және пульс перифериялық тамырларда жоғалып,ірі артерияларда әлсірейді. Көз рефлекстері (қасаң қабық-роговичный,
қарашықтың жарыққа реакциясы) жойылады, тыныс ауа порциясын жұтқандай болып өзгереді.
• Клиникалық өлім – өлім мен өмір арасындағы 3-6 минутты құрайтын өтпелі саты.Тыныс және жүрек қызметі болмайды,қарашықтар кеңейген,тері
жамылғысы мұздай,рефлекстер жоқ. Алайда бұл қысқа мерзімде тіршілік үшін маңызы қызметтерді қайта қалыпқа келтіруге болады. Клиникалық өлім ұзақтығына өлім түрі,себебі, оның жағдайы, науқас жасы,оның ОЖЖ қозғыштығы,өлім кезіндегі дене температурасы және т.б.-лар әсер етеді.
Қарқынды қан айналымының аяқ асты тоқтауының негізгі белгілері:
1. Қанайналым тоқтағаннан 8-10секундта естің жоғалуы;
2. Есті жоғалтқанда тырысу болуы;
3. Ірі магистральді артерияларда пульстің болмауы;
4. 30-40-50 секунд ішінде тыныстың тоқтауы;
5. 30-90 секундтан соң қарашықтың кеңейуі;
6. Бозару,көгеру,мәрмәр тәрізді тері
Жауаптарды белгілеңыз.Дипломға дайындық
1. 45 жастағы науқаста сол жақ жамбасына инъекциядан кейін қатаю мен ауыру пайда болған. Дене қызуы 37,3°. Объективті: сол жақ жамбасының жоғарғы сыртқы квадратында ауырсынатын инфильтрат бар, терісі қызарған, ұстағанда ыстық. Бұл жағдайдың себебін түсіндіріңіз:
А) инъекция орнын дұрыс таңдамау
Б) дәрінің дозасын сақтамау
В) асептика ережелерін сақтамау
Г) инені егу бұрышын сақтамау
Д) еккен жерде қан тамырларының зақымдануы
Достарыңызбен бөлісу: |