«Павлодар қаласының №30 жалпы орта білім беретін мектебі»
Мұғалімнің аты-жөні:
Есентаева Айгерим Ануарбековна
Күні: 19.10.18ж
Қатысқандар саны: 28
Қатыспағандар саны: 0
Сыныбы: 8
Сабақ тақырыбы:
Термодинамиканың бiрiншi заңы, газдың және будың жұмысы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
8.3.2.17 Термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру.
Оқушылардын көбі: термодинамиканың бірінші заңын қолданып есеп шығару.
Кейбір оқушылар:термодинамиканың бірінші заңын эксперимент арқылы зерттеу.
Бағалау критерийі:
1.Термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсінеді.
2. Термодинамиканың бірінші заңының формулаларын есеп шығарғанда қолданады.
3. Термодинамиканың бірінші заңын эксперимент арқылы зерттейді.
Тілдік мақсаттар:
Термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіреді, жеке пікірлерін айтып,өз ойларын дамыта отырып,ауызша және жазбаша түрде талқылай алады.
Пәндік лексика және терминология
Қазақ тілі
Орыс тілі
Ағылшын тілі
Температура
Температура
Temperature
Энергияның сақталу заңы
Закон сохранения энергии
law of energy conservation
Термодинамикалық жүйе
Термодинамические система
thermodynamic system
Ішкі энергия
Внутренняя энергия
Internal energy
Ішкі энергияның өзгерісі
Изменение внутренней энергии
change in internal energy
Жылу мөлшері
Количество теплоты
heat quantity
Газ жұмысы
Работа газа
gas work
Қызметі: оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым.
Құндылықтарға баулу:
Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, іздену қабілеттерін арттыру. Оқушыларды сыни ойлауға дағдыландыру, өз пікірін айта алуды қалыптастыру. Мұқият болуға, тиянақтылық пен ұқыптылыққа бейімдеу. Топтық және жұптық жұмыстар барысында оқушылар арасында жауапкершілік және сыйластық тәрбиелері қалыптасады. Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономиялық өсу.
Пәнаралық байланыстар:
Математика, ағылшын, орыс тілі.
Алдыңғы білім
Ішкі энергия, жылу мөлшері ұғымдарымен таныс. Ішкі энергияны өзгерту әдістерін біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Жаттығулар бойынша жазбалар
Ресурстар
Сабақтың басы (10 мин)
І. (W)Ұйымдастыру: (2 мин) Сәлемдесу,түгелдеу
Психологиялық ахуал туғызу үшін бір-біріне «Шаттық шеңбер» құру арқылы оқушылар бір-біріне тілек айтып сәттілік тілейді.
ІІ. (W) Үй жұмысын тексеру: Сыныппен жұмыс. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білім-білік дағдысының қалыптасуын тексеру. Өткен тақырып: «Жылу мөлшері, ішкі энергия».
"Конверттегі сұрақ" (4 мин) Сұрақтар
Ішкі энергия дегенді қалай түсінесің?
Ішкі энергияның құраушы бөліктерін ата?
Ішкі энергияны қалай өзгертуге болады?
Ішкі энергия өзгерісінің өлшемі қандай шама?
Жылу мөлшері қалай белгіленеді?
Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі не?
Жылу мөлшері қай шамаларға тәуелді?
Кері байланыс «Бас бармақ»
ІІІ. (W)Топқа бөлу (2 мин). Оқушыларды топқа бөлу «Молекула әдісі» бойынша.
(W) Сыныппен жұмыс. «Ой қозғау» әдісі. Қызығушылықты ояту сәті. (2 мин) Берілген бейнебаян арқылы тақырыпты ашу. Сол бейнебаян арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.
Жабық пробиркадағы су қайнағанда, пробирка тығыны атылып кетуін түсіндіру барысында сабақ тақырыбына шығу және сабақ мақсатын айқындау:
Қандай құбылысты бақыладыңдар? Мұндағы құрғақ отынның жылу мөлшері қайда жұмсалды? Осы бу жұмыс жасады ма? Ендеше бігінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты қандай деп ойлайсындар?
Жарайсыздар!
Оқушылар әр қайсысы өз түсінгендері бойынша ортаға ойларын салу арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын анықтайды.
Әр топтан бір оқушы сабақ мақсатын айтады.
Жалпы сыныппен жұмыс. Жұмыстың психологиялық ахуал жақсарту.
Оқушылар өтілген тақырып бойынша конверттегі сұрақтарды оқып стикерге сұрақтардың жауабын жазып конвертке салады және келесі оқушыға жібереді. Барлық оқушылар жауап бергенше конвертпен алмасады.
Тапсырма орындалған соң, оқушылар бір-бірін смайлик арқылы бағалайды.
Оқушылардын тыңдалым, және айтылым қабілеттері қалыптасады.
Оқушылар үш-үштен атом құрайды және сол бөлінген бойынша топқа бөлінеді.
Берілген бейне материал бойынша проблемалық жағдай туғызу арқылы оқушылар тақырып мен оның мақсатына шығады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылар жаңа тақырыпты айтып,мақсатын қояды.