(Ж.Жж.Тж) Жаңа сабақ. «Данышпан үкілер» әдісі.
Мақсаты: Әр топқа оқулықтан мәтін беріледі және мәтінді оқиды. Мәтіндегі электрлік құбылысқа байланысты берілген тапсырмаларды орындап, жеке, жұппен және топта талқылап, сыныпқа түсіндіреді, талқылайды, тұжырымдайды.
(Ж.Жж.Тж) І топ тапсырмалары. (Ж.Жж) 1. Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазыңдар. Сізге жаңалық болған ақпаратты түртіп, жазып алыңдар.
(Тж) 2. Мәтіннен тірі ағзалардағы электрлік үдерістер жайлы негізгі ойды бір сөйлеммен білдіріп, түсіндіріңдер.
(Ж.Жж.Тж) ІІ топ тапсырмалары.
(Ж.Жж) 1. Мәтіннен электрлік құбылыстар туралы алдында таныс болған және мүлдем таныс емес ақпаратты тауып, жұппен талқыландар.
(ТЖ) 2. Электрлік құбылысты сахналап көрсетіңдер.
(Ж.Жж.Тж) ІІІ топ тапсырмалары.
(Ж.Жж) 1. Электрлік локация жайлы жеке және жұпта талқылап, тұжырымдаңдар
(Тж) 2. Электрлік мүшелер мәтінің оқып, сәйкестендіру тапсырмасын орындандар.