Сабақ Тақырыбы: «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы»


ІІ. Үй тапсырмасы.Қызығушылығын ояту. Миға шабуыл



бет2/2
Дата25.08.2017
өлшемі224,85 Kb.
#26283
түріСабақ
1   2

ІІ. Үй тапсырмасы.Қызығушылығын ояту. Миға шабуыл

1.Кернеу дегеніміз не?

2.Кернеуді өлшейтін құрал не деп аталады?

3.Кернеуді өлшейтін құрал – Вольтметрді тізбекке

қалай жалғайды?

4. Ток күші дегеніміз не?

5. Ток күшін өлшейтін құрал не деп аталады?

6. Амперметрді тізбекке қалай жалғайды?

7. Электр қозғаушы күш дегеніміз не?

8. Шартты белгілерді атаңдар?




ІІІ. Абайдың қара сөздері: тәрбиелік ой қозғау

СЕГІЗІНШІ СӨЗ 
Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?

ОН БЕСІНШІ СӨЗ 
Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім

Отыз екінші сөз

Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек.




ІV. Жаңа сабақ .


Біз өткен сабақтарымызда ток күші мен кернеуді жеке- жеке қарастырдық. Енді бүгінгі сабағымыздың мақсаты ток күші мен кернеу және кедергілердің арасындағы өзара байланыстарды анықтап, Ом заңымен танысу.

Жаңа сабақ тақырыбы: “ Тізбек бөлігі үшін Ом заңы ”.

Ом, Георг Симон (1787 ж. 16 наурыз, Эрлангем - 1854 ж. 7 шiлде, Мюнхен) - немiс физигi. 1805-1806 жылдары Эрланген университетiнде оқыды. Әр түрлi гимназияларда математика мен физикадан сабақ бердi

Эрланген университетiнде докторлық диссертациясын қорғады. Бамбергте, Кельнде, Берлинде сабақ берумен айналысты. Нюрнбергтегi Политехникалық мектептiң, Мюнхен университетiнiң профессоры болды.



1826 ж. эксперименттер арқылы ток күшiн, кернеу және кедергiнiң бiр-бiрiмен байланысын өрнектейтiн электр тiзбегiнiң негiзгi заңын ашты. Математикалық түрде Ом заңы V=I*R қарапайым формуламен өрнектеледi.

Кернеу – зарядтарды қозғалысқа келтіретін негізгі себеп. Тізбектің ұштарындағы кернеу жоғары болған сайын тізбектегі зарядтардың бағытты қозғалысын тудыратын әсер күші де соғұрлым үлкен болып, ток күші артады. Кедергі – зарядтардың қозғалысын тежейтін фактор. Кедергі неғұрлым жоғары болған сайын зарядттардың қозғалысы тежелетіндіктен ток күші солғүрлым төмен болады. Ток күші, кернеу және кедергі арасындағы байланыстарды зерттеу үшін неміс физигі Ом (1787 – 1854 жж) көптеген тәжірибелердің нәтижесінде 1827 жылы тізбектің бөлігіндегі ток күші осы тізбектің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, тізбектің кедергісіне кері пропорционал болатындығын атап көрсетті. Міне бұл тізбектің бөлігі үшін Ом заңы деп аталады.R – const. I ~U тура пророрционал

  Экранда тәжірибе көрсетіледі.



Бұл графикті: Вольт- Амперлік сипаттама деп атайды


I, А













U, Вт












Осы екі қорытындыдан формула құрастырайық:



Ом заңының тұжырымдамасы; “ Тізбектің бөлігіндегі ток күші – осы бөліктің ұштарындағы кернеугу тура пророционал да, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал болады”.



Ом заңын қолданып есеп шығарған кезде белгісіз шаманы қалай анықтаймыз.U=I*R R=U/I Кедергі бірлігі: R= 1В/1А= 1 Ом


V. Бекіту Есеп шығару

    1. Өткізгіштен 0,40 А ток өткенде, өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 8,0 В болды. Өткізгіштің кедергісі неге тең?

Жауабы: R=20 Ом

    1. Электр бұрғы орамының кедергісі 20 Ом. Егер электрбұрғы 19 А ток күшіне есептелген болса, онда оған қандай кернеу берілуі тиіс?

Жауабы: U=380 В

  1. Құлсары мұнай мұнарасын қосалқы станциямен қосатын электр сымындағы кернеу 380 В болғанда, одан 12 А ток күші өтсе, онда сымдағы кедергінің қандай болатынын есептеңдер.

Жауабы: R=31,6 Ом


VІ..Сергіту. (Сиқырлы ұяшық)

Мына тапсырмалар бойынша жарысады.



  1. Физикалық формулалар

  2. Физикалық шамалар

  3. Физикалық өлшем бірліктер

VІІ. Қорытынды. (Жұмбақ)

1. Ток бар жерде біреу бар, өлшемі вольт, киловольт,
Ұмытып кетпе тағы бар, гектоват және мегават
(Кернеу)
2. Пайдаланады мен жұрт отын және жарыққа,
Қызмет етемін әрқашан, түсіне білген халыққа.
(Электр тогы)
3. Жіпке ілдім мен өзім,
Кіп – кішкентай, күн көзін
. (шам)

VІІІ. Үй тапсырмасы:


Үйге тапсырма: § 38, 18жаттығу (6,7).

IX Оқушыларды бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет