Ашық сабақ тақырыбы: Тоғызқұмалақ. Ойын ережелері мен ерекшеліктері
Пәнаралық байланысы:Тарих, математика,әдебиет.
Мақсаты: Білімділік:Оқушыларға ұлттық ойынның тарихын таныстыра отырып, негізгі ережелерін үйрету.
Дамытушылық:оқушыларға тоғызқұмалақтың негізгі шарттарын түсіндіру арқылы логикалық ойлау қабілетін, математикалық амалдарды тез санау, ой-өрісін толық дамыту және ұқыптылыққа өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа , достық қарым-қатынасқа, ұжымдылыққа, ұлттық рухта, сананы қалыптастыруға бейімдеу.
Керекті құрал- жабдықтар:Тоғызқұмалақтар, слайд- презентация.
Күтілетін нәтижесі: Оқушылар ойынды меңгереді, күрделі тактикаларды шешеді.
Уақыты: 45 минут.Өтетін орны: мультимедиа кабинеті.
Сабақтың түрі: Практикалық: жаттығулар орындау, жарыс
Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың барлық ойынының ішіндегі ең қиыны, ойнаған адамның миы істеп, сепшілігі артып, тез тапқыштық жағы күшеймек. С.Аманжолов
Сабақтың жоспары:
I.Дайындық бөлімі:
1. Ұйымдастыру кезеңі
І.Ой қозғау
1. Тоғызқұмалақ ойыны қашан пайда болды?
2.Қазақ өкілдерінен кім ойнаған?
3.Тоғызқұмалақ ойыншыларын білесіңдер ме?
4Тоғызқұмалақ ережесін білесіңдер ме?
II.Негізгі бөлім:
Жаңа сабақ .«Ойын ережелері мен ерекшеліктері»,
Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың барлық ойынының ішіндегі ең қиыны, ойнаған адамның миы істеп, сепшілігі артып, тез тапқыштық жағы күшеймек С.Аманжолов
Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері:
Құмалақ
Қазан
Отау
Бастаушы
Қостаушы
Тұздық
Атсырау
Тоғызқұмалқ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды.
Қазақша атаулары:
№9 отау маңдай
№8 отау көкмойын
№7 отау қандықақпан
№6 отау белбасар
№5 отау бел
№4 отау атсыратар
№3 отау атөпес
№2 отау тектұрмас
№1 отау арт
Тоғызқұмалақ қашан пайда болған? Тарих пәні мұғалімі Байжанова Ғалияның қысқаша мәліметі.
Слайд бойынша: Тоғызқұмалақ ойынының жазылу тәртібі.
Толық жазу үгісі төмендегідей ретпен жүргізіледі:
1.Жүрілетін отаудың нөмірлері көрсетіледі.
2.Отаудағы құмалақтар саны жазылады.
3.Соңғы құмалақ түскен отаудың нөмірі
4. Ондағы құмалақтар саны
5. Тұздық алынған жағдайда Х белгісі қойылады.
6.Қос нүкте (:) – табысты жүрісті, сызықша (-)
жай жүрісті бейнелейді.
7.Леп белгісі (!) –күшті жүріс.
8.Сұрақ (?)белгісі -қате жүріс
9.Екі леп белгісі (!!) – өте күшті жүріс
10.Екі сұрақ белгісі (??) – өте қате жүріс
11.Сұрақ және леп белгісінің қатар келуі (?!) – ойландыратын жүріс.
Жүріс жасау ерекшеліктері(слайд)
Жүріс жасау ойыншылардың тарапынан кезектесіп жүріледі.Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыласардың келісімімен анықталады.Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен бар құмалақтарды қолға алып, біреуін орнына қалдырып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз.Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақсанды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2,4,6,10,12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып,өз қазанымызға салынады.Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп, тақ қылса құмалақ ұтып алынбайды.Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №7 отаудағы 9 құмалағын тартса, соңғы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады. Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады.
Тұздық алу ережесі
Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – “тұзды үй”, қазіргі тілде – тұздық деп атайды.
4. Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.
Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады.
Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.
Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде – Х деген шартты таңбамен белгіленеді. Мәселен, төмендегі диаграммаға қарайық.
Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Сонда төмендегі жағдай қалыптасады.
Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау – қостаушының меншігіне айналады.
5. Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.
6. Тұздық аттас отаулардан алынбайды.
Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ.
“Атсырау” ережесі
Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.
7. Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.
8. Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Мысалы:
Осы тақтадағы жағдайда жүріс қостаушыдан. Ол №9 отаудағы 3 құмалағын таратады. Өз кезегінде бастаушы №1 отауға түскен 1 құмалақты жүреді. Қостаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады.
Бастаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, 6 отаудағы 2 құмалақтың бірін орнына қалдырып екіншісін 7 отауға көшіреді. Сонда төмендегіше жағдай туындайды:
Осы жағдайда бастаушы отауларындағы барлық құмалақтарды (19 құмалақты) қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді.
Есеп 90 - 72 Бастаушы ұтты.
9. Егер “атсырау” жағдайында қосымша жүріс жүрілген кезде, құмалақтар амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп, жүріс беретін болса, ойын әрі қарай жалғаса береді.
Егер ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса ойын бірден тоқтатылады.
ІІІ.Қорытынды.Рефлексия
«Ми гимнастикасы» сабақты бекіту арқылы сұрақ қою.
-Тоғызқұмалақ ойыны қазақ ұлттық ойын түріне кіреме?
- «Тұздық» алу дегеніміз не?
-Әр бөлікте неше отау, неше қазандық бар?- Бірінші ойынды бастаған ойыншыны қалай атаймыз?
Қорытынды:Оқушыларды бағалау. Екі жұлдыз,бір ұсыныс.Оқушылардың пікірін тыңдау.
Кері қайту
Үйге тапсырма беру.Ережелерді есте сақтау, жаттығу
Достарыңызбен бөлісу: |