Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің
«М.Жұмабаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Тұрақты тіркестер»
Орындаған: А.Ахметова
Көктал ауылы
2015 жыл
Күні: 19.11.15ж
Сабақтың тақырыбы:Тұрақты тіркестер
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Оқушыларға тұрақты тіркестер туралы жалпы мәлімет беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар орындату арқылы білімдерін кеңейту;
Дамытушылық: Теория мен практиканы ұштастыру арқылы сөздік қорын молайту, дүниетанымын кеңейтіп,логикалық ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Мемлекеттік тіл мәртебесінің биіктеуіне үлесін қосатын, мәдениетті сөйлейтін, ана тілін құрметтейтін бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу ;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері:Сұрақ-жауап, шығармашылық ізденіс, тапсырмалармен жұмыс
Көрнекілігі : слайд,үлестірмелі қағаздар
Пәнаралық байланыс: көркем әдебиет
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Оқу құралдарын түгендету
Назарларын сабаққа аудару
II . Үй тапсырмасын сұрақ-жауап әдісімен тексеру
(Интерактивті тақтадан көрсетіледі)
Эвфемизм дегеніміз не?
Табу деген не?
« Бақиға аттанды» сөзі қандай мағына береді? Эвфемизм
Дисфемизм деген не?
«Өсекші»сөзі қандай сөзге жатады? Дисфемизм
«Қолының сұғанағы бар» сөзінің дөрекі түрін тап. Ұрлықшы
III . Үй тапсырмасын бекіту
IV . Жаңа сабаққа шолу
V. Жаңа сабақ
Екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалғанмен,бір ғана мағынаны білдіретін тіркестер тұрақты тіркестер немесе фразеологизмдер деп аталады.
1.Тұрақты тіркес құрамындағы сөздердің мағынасы фразеологизмнің мағынасымен сәйкес келмейді. Ол сөздер тұтасып барып бір ғана мағынаны білдіреді.
2.Тұрақты тіркес құрайтын сөздер бұрыннан қалыптасқан жүйемен айтылады. Олардың сыңарларының орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға болмайды.
3.Тұрақты тіркестер даяр қалпында жұмсалады, сөйлемнің құрамына тұрақты бір бүтін тұлға ретінде енеді.
Тұрақты тіркестердің синонимдік баламалары болады, яғни оларды мағынасы жағынан түсіндіруге келеді. Мысалы: қыздың жиған жүгіндей деген тұрақты тіркестің баламасы-әсем, көрікті, әдемі, ал ит терісін басына қаптады деген ұрысты, балағаттады, сөкті деген сөздің орнын басады.
Тұрақты тіркестер мән-мағынасы жағынан бір-біріне қарама-қарсы да болып келеді. Мысалы: ат ізін салмады-ат ізін құрғатпады.
VI . Оқушының іс-әрекеті
Кітаппен жұмыс
111- жаттығу.
Төмендегі тұрақты тіркестерді жаттап алыңдар.
Қайсылары антонимдік қатар,қайсылары синонимдік қатар құрап тұрғанын табыңдар.
Тапсырмалармен жұмыс
1-тапсырма
Берілген мәтін қай шығармадан алынғанын анықтап және мәтін ішінен тұрақты тіркесті табу керек
1.Өз үйіне келгенде ол бой жазып қалады. Үйі өте кішкентай болса керек. Киізі қырық жамау күркесіне келіп «Қайран өз үйім, кең сарай боз үйім» деп керілгенде, екі аяғы тізесіне дейін күркеден шығып жатады екен.
2.Ол қолына жүз батпан шоқпарын алып, Керқұла аттың шабысымен дәуге қарсы шаба жөнеледі. Көзді ашып-жұмғанша дәудің бір басы ұшып түседі.
3. Әкем би болмаса да, би түсетін үй болғаны ғой. Шешем қырық кісіні ренжітпей аттандырса, «Қырықтың бірі қыдыр» деген, маған бәлкім, қыдыр дарыған шығар, ата.
2- тапсырма
Берілген сөздердің мағынасын тұрақты тіркес арқылы беріңдер.
Қорқақ - Тез -
Анық- Момын-
Қысымға алу- Қатыгез-
113- жаттығу. Тақтамен жұмыс
Мәтінді оқып, ат қойыңдар. Тұрақты тіркестерді теріп жазыңдар
3- тапсырма . Тұрақты тіркестің мағынасын ашу
Ағама жеңгем сай,апама жездем сай- мінездері бір-біріне үйлес
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалау- тыныштық заман орнау
Тырнақ астынан кір іздеу- бәле іздеу
Шашбауын көтеру- жағымпаздану
Құралайды көзге атқан- мерген
Үріп ауызға салғандай-сүп-сүйкімді
Жүрегінің түгі бар- батыр
VII. Жаңа сабақты бекіту
Жаңа сабақты тұрақты тіркестерді пайдалана отырып бір-бірлеріне тілек жазу арқылы бекіту
Қорытынды. Ата – бабаларымыз сан ғасыр ұлы арманы болған, ұл – қыздарымыздың киелі қаны мен беймезгіл қиылған жанының нәтижесінде келген Тәуелсіздігімізді баянды етер басты қаруымыздың бірі – тіл. Сондықтын туған тілімізді шұбарламай, әркез көзіміздің қарашығындай сақтай білу – бүгінгі жас ұрпақтың парызы.
VIII. Үй тапсырмасы
10 тұрақты тіркес жаттап келу.
114- жаттығу
Бағалау
Пайдаланған әдебиеттер :
1. 5 сынып оқулығы
Қазақ тіліне арналған «Шың» кітабы
Ғаламтор материалы
Достарыңызбен бөлісу: |