Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Оқу мақсатын:
7.1.1.1 /Т/А/-мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау;
7.3.6.1 /Ж/-мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды
қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра
отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау
Сабақ мақсаты оқу мақсатына сәйкеснегізделіп, әдіс-
тәсілдердің сабақтың өн бойында оқу мақсатын аша
алатындығына назар аудардым. «Қазақстандағы ұлттар
достығы» тақырыбындағы тыңдалым мәтінін жазылым
мәтініне де қолданып, бір тапсырмамен екі мақсатқа жетуді
көздедім.
Бұл сабақта оқушылар Қазақстандағы халықтар достығы
туралы білді.
Тыңдалым мәтіні арқылы жазылым тапсырмасын орындау
барысында мәтінге түзету енгізіп, редакциялады, мәтінді қайта жазды. Сабақта саралаған тапсырмалар тиімді болады деп есептеймін. Тапсырманың барлығын орындауға уақытты есептедім. Өз жоспарыма қабілеті жоғары оқушыларға арнап «Еркін жауап» әдісі қосымша тапсырмасын жасадым.
|