Сабақ тақырыбы: Уақыт өлшемінің бірліктерін салыстыру



Дата20.06.2018
өлшемі16,68 Kb.
#43609
түріСабақ


Сабақ тақырыбы:

Уақыт өлшемінің бірліктерін салыстыру

Мектеп: Шаған ЖОББМ

Күні :

29.01.2018ж

Мұғалімнің есімі: Хайрушева Л.О.

СЫНЫП: 1ә-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.3.5 циферблат бойынша уақытты анықтау: сағат /уақытты бағдарлау: минут, сағат, күн, апта, ай

1.1.3.1*уақыт шамаларын ажырату; оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу

1.1.3.2* өлшем бірліктерді (сағ) қолданып өлшеу


Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: Циферблат бойынша уақытты анықтай алады

Оқушылардың басым бөлігі: уақыт шамаларын ажыратады

Кейбір оқушылар : уақыт өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдап , өлшемдер жүргізе алады

Жетістік критерийлері

Циферблат бойынша уақытты анықтайды.

Уақыт өлшем бірліктерін (минут, сағат, күн, апта,

ай) ажыратады.


Тілдік мақсаттар



Құндылықтарды дарыту

Сыныпта бір бірін тыңдай білуге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Суреттер,слайд

Бастапқы білім

Қосу мен азайтудың өзара кері амалдар екенін біледі

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

«Жүректен-жүрекке» шеңбері

– Балалар! Сендерді «Жүректен – жүрекке» деп аталатын тамаша шеңберге шақырамын. Қолдарымыздан ұстасамыз. Бір-бірімізге күлімдей қараймыз. Өзімізге мейірімді, қамқор, бақытты болуға тырысамыз деп уәде берейік. Келістік пе?! Ал енді бір-бірімізге шын жүректен былай деп жар салайық:

Бар әлемге жақсылық жаса,

Басқалар қуансын деп жақсылық жаса!

- Балалар, рақмет!

- Оқушылардың зейінін тұрақтандыру.Сабаққа дайындығын бақылау. Сабақтың мақсатымен таныстыру.



Интерактивті тақтада

Сабақтың

ортасы



Оқушыларды шеңберге тұрғызып жыл мезгілдері бойынша топтарға бөлу.Ай аттарын тізбектеп қойып шығуын көмектесу

Ай аттарын хормен айтқызу



ЖАЗ КҮЗ ҚЫС КӨКТЕМ

Маусым қыркүйек желтоқсан Наурыз

Шілде қазан қаңтар сәуір

Тамыз қараша ақпан мамыр

Ай-ұзақ уақыт аралығы.Онда 4апта және бірнеше күн болады.Айлар бірінен кейін бірі ретімен келеді.
Қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр

Маусым шілде тамыз қыркүйек қазан қараша желтоқсан
1.Бүгін қай күн және қай ай?

2.Келесі қай ай?

3.Өзің туған айды ата.

4.Барлық айлардыңтын оқы.

5.Қыс,көтем,жаз жәе кү айларын ата.
Бір айға арналған күнтізбе –осы бір айдағы күндер ретімен жазылған жазба.Әр айдағы күн саны әртүрлі болады.

30,31,28,29күн

Мысалы сәуір айында 30 күн

(Т)Күнтізбе бойынша анықта

1Талғаттың туған күні -9сәуір

Бұл аптаның қай күні?

2.Оқушылар сенбі және жексенбі күндері демалады.?

3.Әмір сейсенбі және бейсенбі күндері қазақша күрес үйірмесінде жаттығады.Ол сәуір айында неше рет жаттығуға қатысады?

(сенбі,9күн,8рет)

(Ж)Шығарып көр

1Арман 1қыркүйек күні Жаңа жылға дейін қанша ай қалғанын санап көрмекші болды.Оған көмектесіп көр.

2.1қаңтардан кейін 5ай өтті.қазір қай ай?

(4ай,маусым)
Орындап көр (Ө) Өз сыныптастарыңның туған күндерінің тізімін жаса

Қай айда туған күн иелері көп?


Сен білесің бе?

Бір айда қанша күн барын күнтізбесізде білуге болады

Ай аттарын ата?

Қыс,көктем,жаз,күз айларын ата.





Сабақтың соңы

Бір аптада неше күн бар?

— Бүгін аптаның қай күні?

— Сендер аптаның қай күнінде сабаққа келесіңдер?

— Сейсенбі аптаның нешінші күні?

— Дүйсенбіден кейін қай күн келеді?

— Жексенбінің алдында қай күн?

— Арғы күн қай күн болады?

— Сендер қалай ойлайсыңдар, қандай іс-әрекеттердің ұзақтығын тәулікпен емес, аптамен өлшеуге­ болады? Неге?







Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Заңдылықтағы қателіктерді табуды және дұрыс нұсқасын құрастыру

Өзін-өзі бағалау


Сергіту сәттерін өткізу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет