Сабақ Тақырыбы: «Виет теоремасы»



Дата10.06.2017
өлшемі33,43 Kb.
#18937
түріСабақ
7 орта мектеп

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: «Виет теоремасы»

8 –сынып

Өткізген: Джалгасбаева А.

2014/2015 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Виет теоремасы

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Виет теоремасының дәлелдеуін көрсетіп, есептер шығарғанда 
                     пайдалануға жаттықтыру
Дамытушылық: ауызша, жазбаша есептеу алгоритмін орындау, квадрат 
                     теңдеу түбірлері арқылы теңдеу құру дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: оқушылардың білімдерін дамыта отырып пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Типі: жаңа білімді меңгеру


Сабақ түрі: практикалық
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, оқулық.
Сабақ барысы: 
І. Ұйымдастыру.
6) оқушыларды түгендеу;
7) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
8) сабаққа назарын аудару;
9) сабақтың мақсаты мен міндетін баяндау;

ІІ. Өтілген материалдарды қайталау сұрақтары:
1. Жалпы квадрат теңдеу қалай өрнектеліп беріледі?
2. ах²=0; ах²+вх=0 және ах²+с=0 квадрат теңдеулері неліктен «толымсыз квадрат теңдеулер» деп аталады?
3. Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?
4. в²- 4ас формуласымен есептелетін сан қалай аталады?
5. Толық квадрат теңдеу дегеніміз не?
6. Кез келген квадрат теңдеудің түбірлерін табу үшін.................. формуласын қолдануға бола ма?
7. 2х²- 5х - 3=0 теңдеуінің коэффициенттерін атап шығыңдар.
8. Егер квадраттық теңдеуінде коэффициенттердің бірі – b не с немесе b мен с - ның екеуі де 0 - ге тең болса, мұндай теңдеулерді қалай атайды?

1) Дискриминантым ғаламат,
“Теріс” таңбасы қиянат.
Оң сан шықса түбірден,
Шәкірттің ісі оңалады?
(Неге?)
2) Дискриминантым менің жоқ,
Түбірге төнер күмән көп.
Сонда да қорқар жөнім жоқ,
Көңілім менің мүлде тоқ.
(Себебі?)
3) Дискриминантым болды - ау теріс,
Табылар ма екен түбірлер тегіс.
Уақытты босқа жіберме енді,
Түбірлер мұнда болмайды мүлде.
(Неліктен?)

III. Жаңа білімді меңгеруге дайындық.


1) квадрат теңдеудің түрлері: толық , толымсыз, келтірілген
2) толық квадрат теңдеудің түбірлерін табу формуласы:
3) толық квадрат теңдеуді келтірілген квадрат теңдеуге қалай келтіреміз?
             
Жаңа білімді меңгерту.Тақырыпты интерактивті тақтаны пайдаланып түсіндіру.
1) квадрат теңдеудің түбірлерін қосайық
2) квадрат теңдеудің түбірлерін көбейтейік

3)  Ендеше мынадай теорема шығады.


Теорема: Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы қарама-қарсы таңбамен алынған екінші коэффициентке, ал көбейтіндісі бос мүшеге тең. 
Егер келтірілген квадрат теңдеудегі   белгілесек, онда                     
Осы теореманы Виет теоремасы деп аталады. 
D=0, Виет торемасын қолдануға болады ма?
  теңдеуінің D=0 жағдайында өзара тең екі түбірі бар және олардың әрқайсысы  -ге тең.
Бұл екі түбірді   және   формуласынан   деп ұйғарып,   аламыз.  D=0 жағдайы үшін де Виет теоремасы дұрыс. Расында  
Виет теоремасына кері теорема да дұрыс.
Теорема. (Виет теоремасына кері теорема). Егер екі санның қосындысы –р-ға, ал олардың көбейтіндісі q-ға тең болса, онда ол сандар   теңдеуінің түбірлері болады.
ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру.
Оқулықпен жұмыс: №147, №148, №150
V. Қорытынды .
Виет теоремасы Кері теорема
Егер   теңдеуінің х1 және х2 сандары түбірі болса, онда х1+х2=-р, х1*х2=q болады. Қандай да бір сан берілсін. Олар: х1, х2, р, q болсын. Онда   теңдеуінің х1, х2 сандары түбірі болады.

V. Бағалау.Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.



XII. Үйге тапсырма. №149, №151

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет