Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы
№48 «жалпы орта мектеп»коммуналдық-мемлекеттік мекемесі
Сарыпбекова Шырайкүл Абдыханқызы
Сабақ тақырыбы: Виет теоремасын қолданып есеп шығару.
Сабақ мақсаты: 1) Виет теоремасы арқылы шығарылатын есептерге
қолданылатын негізгі формулалардың түрін білу.
2) Өзіндік ойлау, шығармашылықпен жұмыс істеу
қабілеттерін дамыту.
3) Жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну
қасиеттерін бойында тереңдету.
Саб.көрнекілігі: Поезд – үш вагоннан тұрады: Купе, плацкарт, жалпы вагон,
анықтама бөлімі, касса, кеспе қағаздар және қосымша
материалдар.
Саб.байланысы: Өмірмен байланыстыру.
Саб.әдісі: Ойын жүргізу, өзара жарыс.
Жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Поезға билет алу.
2.Өткен сабақты пысықтау.
Оқушылардан қайталау сұрақтары алынады.
3.Жолаушылар арасындағы сайыс
4. Қорытынды.
Саб.барысы: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін 8 «ә» сыныбымызда
өткелі отырған «Шымкент – Астана» бағыты бойынша
«Мектеп – Білім» поезы атты математикалық ойын сабағын бастаймыз.
Осы орайда мұғалім оқушыларға кассадан келіп «билеттерін» яғни тапсыр-маларын алып кетуін сұрайды.
Тапсырманы алып, орындарында шығарып, анықтама бөліміне тапсырады.
15 ұпай жинағандар купеге, 10 ұпай плацкартқа, 5 ұпай жинағандар жалпы вагонға жайғасады.
Жолсерік: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Шымкент – Астана» бағыты бойынша «Мектеп – Білім» поезы жолға шықты. Жол бойы зерікпес үшін жолаушыларға сергіту сәті ретінде логикалық сұрақтар беріледі.
-
Автотұрақта бес машина бірінен соң бірі тұр «Волга» «Мерседестің» алдында, «Ауди» «Тойотадан» кейін, «Мерседес» «Лексустың» алдында, «Лексус» «Тойотаның» алдында тұр. Автотұрақта машина қандай ретпен тұр?( Волга, Мерседес,Лексус, Тайота, Ауди. )
-
Әлемде 6 материк, 4 мұхит бар екенін білеміз, материк санын мұхит санына бөлгенде қандай бөлшек пайда болады? ( бұрыс )
Жолсерік: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – Білім» поезы «Кім жылдам?» бекетіне келіп тоқтады. Бұл бекетте кітаппен жұмыс орындалады.Әр топтан оқушылар келіп №295. №296.
есептерін шығарады.
Жолсерік: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – Білім» поезы жолға шықты.
Логикалық есеп.
-
Суретші мектеп бөлмелерін нөмірлеуге тиіс еді. Бөлме саны 100 болса, қанша рет «9» цифрын жазу керек. Қалам қағазсыз есепте (11рет)
-
Саяхатшылар қайықпен өзеннен өтпекші болады. Қайықтарға 3 адамнан отырса, 3 адам сыймай қалады, ал 5 адамнан отырса, 1 қайық артық қалады. Саяхатшылар нешеу? Қайықтар нешеу? ( 15 адам 4 қайық )
Жолсерік: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – Білім» поезы «Ойлан тап» бекетіне келіп тоқтады. Бұл бекетте№ 294, № 297 есептері орындалады. Бұл есептерде берілген түбірлері бойынша квадрат теңдеу құруы керек болып табылады.
Жолсерік: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – Білім» поезы жолға шықты. Құрамында саны бар жұмбақтар жасырылады.
-
Қос құлақты, жүз тісті
Жүзінен бірақ, із түсті ( ара )
-
Айқасқан екі таяқ,
Тұрады жоқты сұрап ( икс )
-
Жүз төрт түйме,
Он бір ине ( есепшот )
-
Нүктеден екі сәуледен
Құралған бұл не екен? ( бұрыш )
Жолсерік: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – Білім» поезы Астана қаласына келіп тоқтады.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Мектеп – Білім» поезы өз сапарын аяқтады. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!
4.Қорытынды.
Жас кезіңде алған білім,
Тасқа жазған жазумен тең.
Есейгенде алған білім
Құмға жазған жазумен тең.
5.Бағалау.
6.Үйге тапсырма. №299.
Достарыңызбен бөлісу: |