Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Мектеп: №61 ЖББОМ
|
Күні: 04.11.2019
|
Мұғалімнің аты-жөні: Тобажанова Г.К
|
Сынып: 6
Сағат саны: 2 (№1 сабақ)
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
X ғ. – XIII ғ. басындағы Қазақстан территориясындағы саяси үдерістер
|
Зерттеу сұрағы
|
X – XIII ғғ. саяси карта қаншалықты өзгерді?
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушылар қазақ жерінде құрылған мемлекеттерге қатысты саяси үдерістерді түсінеді және мемлекеттерді картадан көрсетеді. X-XIII ғасырларда қоғамдық өмірдегі орын алған өзгерістерді және бұл өзгеріске әсер еткен факторларды қарастырады.
|
Сабақтың түрі
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.3.1.3 X – XIII ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру
6.3.1.7 ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және қосалқы себептерін анықтау
|
Бағалау
критерийлері
|
Дамыған орта ғасырлықмемлекеттердің кем дегенде 4-уінің атауын, хронологиясынбіледі
Дамыған орта ғасырлықмемлекеттердің кем дегенде 4-уінің аумағын, олардыңшекараласмемлекеттерін, астаналарынкартағатүсіреді
ортағасырлықмемлекеттердіңыдырауыныңнегізгіжәнеқосалқысебептерінанықтайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Жаңа терминдер мен сөз тіркестерін дұрыс жазу, айтуға үйрету
Дешті Қыпшақ
наймандар, керейіттер, жалайырлар
негізгі және қосалқы себептері
жіктеңіз
Сабақтастықтар
Елеулі өзгерістер, бетбұрысты оқиғалар
жағымды өзгерістер көбірек болды, себебі...
жағымсыз өзгерістер көбірек болды, себебі...
өзгерістер баяу болды, себебі...
өзгерістер жылдам болды, себебі...
өзгерістер ауқымды болды, себебі...
өзгерістер бір саланы ғана қамтитын шағын көлемде болды, себебі...
|
Құндылықтарды дарыту
|
«Мәңгілік ел» құндылықтары: Түркі тілдес мемлекеттермен тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы екендігін бойларына сіңіру. Ынтымақтастыққа тәрбиелеу
|
Пәнаралық
байланыстар
|
Дүниежүзі тарихы және география
|
АКТ қолдану
дағдылары
|
Ғаламтор көздері арқылы сабаққа қажетті материалдар қарастыру
|
Бастапқы білім
|
Қазақстан территориясындағы алғашқы түркі мемлекеттердің пайда болуы, құлдырауы туралы біледі.
|
1 сабақ
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
7 минут
3 минут
|
Б Бастапқы стимул. Оқушыларды тақырыпқа қызықтыру үшін уақыт сызығын көрсетіп, болжау жасату.
Сабақтың тақырыбы және мақсаттары, бағалау критерийлерімен таныстыру.
Б Сабақтың кілт сөздерімен жұмыс(Қосымша 1): дамыған орта ғасырлар, Ұлы Жібек жолы, Қарахан, Қыпшақ, Дешті Қыпшақ, Жалайыр, Керейт, Найман, Ислам діні, Сәулет өнері.
Әр оқушыға бір кілт сөзден таратылады, ол басқа оқушыларға көрсетпеуі керек. Шеңбер бойымен оқушыларды орналастырып, бір оқушы кілт сөзін бастап айтады. Келесі оқушы алдыңғы оқушының кілт сөзін айтып, соңында өз кілт сөзін ауызша айтады, осылай шеңбер бойымен оқушылар бір-бірінің кілт сөздерін еске сақтап, жалғастырып кетуі қажет. Кілт сөздерді жазып алуға болмайды, есте сақтап отыру қажет, айтқан кезде ретімен әрі барынша тез айту керек. Бұл тәсіл жаңа сөздерді еске сақтап, жылдам ойлауға ықпал етеді.
М Қысқаша шолу.Оқушыларға дамыған орта ғасырлардың саяси картасын көрсету. Картадан Қарахан мемлекеті, Қыпшақ хандығы, наймандар, керейіттер, жалайырлардың аумақтарын, Ұлы Жібек жолының тармақтарын көрсетіп, мемлекеттер тарихына қысқаша шолу жасау.
|
Слайдтар
Орта ғасырлардағы Қазақстан картасы.
http://www.tarih-begalinka.kz/kk/history/medieval/maps/
|
Сабақтың ортасы
10 минут
15 минут
Сабақтың соңы
5 минут
|
Сабақтың зерттеу сұрақтары:
X – XIII ғғ. Қазақстанның саяси картасында қандай өзгерістер болды? Саяси картадағы өзгерістердің себептері неде болды?
Ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және қосалқы себептері қандай?
Зерттеу мен талдау
1-тапсырма.(Ж/Т)
Х-ХІІІ ғғ. саяси картада қандай өзгерістер болды? Бұл өзгерістердің себептері неде болды? Қай мемлекеттер ыдырап, қандай мемлекеттер құрылды? Қай мемлекеттер сақталды?
Қосымша 2(берілген карталарды салыстыруды ұсыныңыз)
Дескрипторлар:
Х-ХІІІ ғғ. өмір сүрген 4 мемлекетті атайды.
Дамыған орта ғасырларда өмір сүрген 4 мемлекеттің хронологиясынбіледі.
Картада дамыған орта ғасырлық 4 мемлекеттің аумағын және астаналарын белгілейді.
2-тапсырма. (Ж/Т)
Әр топқа мемлекеттердің ыдырау себептері туралы мәтінді таратып, себептердің тізімін құрастыру тапсырмасын беріңіз. Тапсырманы оқушылар флипчартқа орындайды. Қосымша 3 (мемлекеттердің ыдырау себептері туралы берілген мәтінді таратыңыз)
1-топ. Қарахан мемлекеті
2-топ. Наймандар, керейіттер, жалайырлар
3-топ. Қарақытайлар
4-топ. Қыпшақ хандығы
Орындап болған соң, топтар шеңбер бойынша бір-бірінің жұмыстарымен танысып шығады.
Дескрипторлар:
Қарахан / Найман, керейіт, жалайыр/ Қарақытай/ Қыпшақ мемлекеті ыдырауының негізгі бір себебін анықтайды.
Қарахан / Найман, керейіт, жалайыр/ Қарақытай/ Қыпшақ мемлекеті ыдырауының қосалқы үш себебін анықтайды.
БX – XIII ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер ыдырауының қандай ортақ себептері бар? (талқылау)
|
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. I-ІІт. – Алматы: «Атамұра», 2010 ж.
www.nci.kz Ақпараттық білім ресурстары орталығы.
7 сынып. Қазақстан тарихы. Электронды оқулығы. 2011ж.
Қыпшақтар туралы бейнеролик
http://www.youtube.com/watch?v=0FPB_-4i7U4
Бимендиев А. Ш. Қазақстан тарихы мен мәдениетінің үлкен атласы. – Алматы: Abdi company, 2008.
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
1. Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.
2. Сабақ барысында оқушылар өзіндік ой түйіп, пікірі қалыптасады.
3. Оқушылар сабақ барысында алған білімдерін пайдаланып өз ойын ашық, дәлелді жеткізе алады.
|
Өзгерістерді анықтап және салдарын көрсетіп, өз ойын жеткізген оқушылар бағаланады
|
Сабақта оқушылардың іс -әрекеттерін ауыстырып отыру
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Барлық оқушылар оқу мақсаттары бойынша тапсырмаларды орындады. Оқушылар қызығушылығы мен қабілетіне қарай ұсынылған дифференциациялық тапсырмалар орындап, оқу мақсаттарына жетуге бағытталған барлық оқу қадамдарын іске асырды.
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: Оқушылар сабаққа толықтай белсенді қатысты.
2: Тапсырмалар толықтай орындалды, себебі сабақты жоспарлауда сынып оқушыларының қызығушылықтары мен деңгейлері ескерілді.
Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?
1: CLILбойынша тапсырмаларды қарапайым деңгейден күрделі деңгейге біртіндеп орындау.
2: Оқушылардың бірін-бірі критерийлер бойынша бағалауы.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
7 d сынып оқушысы Окроджанашвили Д. Мәтінді талдау, сауалдарды талқылау тапсырмаларын тілдік кедергілерге байланысты толық орындай алмады (бұл мәтіндер мен тапсырмалар алдын-ала орыс сыныптарына арналып бейімделсе де), сондықтан мәтіндердің тілін әлі де жеңілдету қажеттілігі анықталды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |