Сабақ тақырыбы: "y = ax 2 +bx + c квадраттық функциясы және оның графигі"



Дата22.08.2017
өлшемі80,32 Kb.
#24470
түріСабақ
Сабақ тақырыбы: “y = ax2 +bx + c квадраттық функциясы және оның графигі”- тақырыбы бойынша есептер шығару.

Сабақ мақсаты: Квадраттық функция графигін симметрия және параллель көшіру түрлендірулерін қолдана отырып салуын қайталау; график бойынша функцияның негізгі қасиеттерін қайталау.

Оқыту мақсаты: Квадраттық функция графигін симметрия және параллель көшіру түрлендірулерін қолдана отырып сала білуін бекіту.


Дамыту мақсаты: Сабақ тақырыбы бойынша қорытынды және талдау жасай білуін жетілдіру. Тиімді әдіс- тәсілдерді қолдана отырып оқу материалының ұзақ есте сақтауына көмектесу.

Тәрбиелік мақсаты: Оқуға саналы сезімге, өздігінен жұмыс істей білуге, ұжымдыққа, шығармашылыққа тәрбиелей отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі: Білімді бекіту.

Сабақ әдісі: Психологиялық ахуал тудыру, мини- диалог, сұрақ- жауап, графикалық кестемен жұмыс, ізденіс, тест, есептер шығару.

Сабақ көрнекілігі: y = ax2 үлгісі, кестелер, үлестірмелі карточкалар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі :

  • Сәлемдесу;

  • Оқушыларды түгендеу;

  • Психологиялық ахуал тудыру: “Көңіл күйді анықтау”, “Бүгінгі сабаққа не тілейік?”

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:фронталды: № 36,4 (2,4,6), № 366; № 374 (1,3)

ІІІ. Өткенді саралау:

  1. “КФ еліне саяхат”- атты мини- диалог ретінде төмендегі тақырыптар бойынша шолу жүргізейік. (Әр топ өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды) Мысалы:

  • Квадраттық функция дегеніміз не?

  • Квадраттық функция графигі туралы не білеміз?

  • Квадраттық функция графигін салу алгортимі?

  • Квадраттық функция қасиеттері?

  1. Графиктік кесте бойынша жұмыс:

Мына кестеден берілген функциялардың графигін дұрыс анықтағанда, әр парабола төбесіндегі әріптерден қандай сөз шығады? Ол нені білдіреді?

а) y = -x2 ;

ә) y = (x+5)2 ;

б) y = -(x-3)2 +4;

в) y =(x+4)2 – 4;

г) y = -(x + 2)2 +3;

д) y = -(x-6)2

е) y = x2 +2


  1. Жаттықтыру кезеңі

І- топ:

а) y = x2 функциясының графигінің үлгісін қолданып берілген функция графигін сал: y = - х2 +7 ; y = - (x-5)2 ; y = (x - 4)2 +8;

ә) Сурет бойынша y = - (x-5)2 функциясының графигін қасиеттері бойынша оқы.

ІІ- топ:

а) y = x2 функциясының графигінің үлгісін қолданып берілген функция графигін сал: y = - х2 +7 ; y = - (x-5)2 ; y = (x - 4)2 +8;

ә) Сурет бойынша y = (x - 4)2 +8; функциясының графигін қасиеттері бойынша оқы.

ІV. Есептер шығару:

а) Оқулықпен жұмыс: № 375 (1,3), № 376 (ауызша)

ә) Карточкамен жұмыс:

І- қатар:

y = - (х - m)2 , мұндағы m 0 түрінде берілген бойынша функция құрастыр және оның графигін схема түрінде көрсет.



ІІ- қатар:

y = - (х - m)2 + n , мұндағы m 0, n 0 түрінде берілген бойынша функция құрастыр және оның графигін схема түрінде көрсет.



V. Бекіту:

Тақырыптық бақылау:



І- деңгей:

  1. Функция нөлдерін тап: y = 3х2 - х

А) 0; 3 В) 0; С) 0; 3 D) 0; -

2. Парабола төбесінің координаттарын тап

у = -2х2 + 8х - 13:

А) (2; -5) В)(-2; -9) С) (2;-7 ) D) (2; -5)



  1. у = f(x) функциясының өсу, кему аралығын, нөлдерін және симметрия

осі болатын түзуді атап жаз:



ІІ- деңгей:

y = - 2х2 -6 формуласымен берілген f(0), f(-1) болғандағы у-тің мәнін тап.



А) – 6 ; -8 В) 0; 8 С) – 6 ; 8 D) 6 ; -8

  1. y = (х- 4)2 -1 функциясының графигін көрсет:



  1. у = 4х2 +4х –3 функциясының симметрия осі болатын түзуді тап:

А) х = 2 В) х = С) х = - D) х = - 2

ІІІ- деңгей:

  1. Егер (1;-2) нүктесі параболаға тиісті болса,m –нің мәнін тап: у = х2-4х +m

А) m = 1 В) m = -5 С) m = - 1 D) m = 5



  1. Функциялардың графиктері кескінделген. Осы суреттен у = (х – 5)2 функциясына сәйкес графикті тауып, график бойынша өсу, кему аралықтарын,нөлдерін және оң, теріс қабылдайтын аралықтарын тап.

3. а- ның қандай мәнінде у = ах2 -16х +1 параболасының симметрия осі х = 4 түзуі болады?



VІ. Сабақты қорытындылау:

1. СТО стратегиясы бойынша: Ой- толғаныс.



Білемін

Білдім

Білгім келеді










2. Үй тапсырмасы: № 375 (2,4,6); № 377 ()

  1. Бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет