Сабақ тақырыбы Ұзақ мерзімді жоспар бойынша 10- сабақ 2- бөлімі : «Менің мектебім»



бет4/4
Дата06.07.2018
өлшемі1,52 Mb.
#47655
түріСабақ
1   2   3   4
Қызыл – түсінбедім

Сары – аздап түсіндім.

Жасыл - түсіндім

Бояу



Дескрипторлар



Тыңдалған материал бойынша, оқушылар таныс сөздерді қолдана отырып берілген тапсырмаларды орындап шықты.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берді.


Мәтіннің мазмұнына сәйкес сурет анықтады.

Тыңдалған мәтінді қаншалықты түсінгендіктерін оқушылар жеке жұмыста, карточка және қимыл – әрекет арқылы жүзеге асырды.

Сөздің мағынасына сәйкес ым-ишара жасады.

Сурет бойынша хабарлы және сұраулы. сөйлемдердің интонациясын дұрыс қойып сөйледі.






Сабақтың соңы:
3 мин

«Он нақты қадам» әдісі арқылы бүгінгі сабақта жасаған жұмысын ой елегінен өткізеді. (Мен бүгін сабақта «ТҚО» тәсілі арқылы тыңдадым, көрдім, орындадым, «Ортадағы қалам» арқылы сұрақтарға жауап бердім, «Ассоциация» әдісі арқылы мектепке байланысты сөздерді еске түсірдім, аудиотыңдалым арқылы мектеп тақырыбымен таныстым, әндетіп оқу әдісі арқылы жаңа сөздермен таныстым және қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуын қайталадым, сөздік қорымды толықтырдым, карточкамен тиімді жұмыс жасадым, «Венн диаграмасы» әдісі арқылы топта жақсы жұмыс жасадым.).

«Он нақты қадам» әдісі




Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс –Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).

Тақырып бойынша бағыт-бағдар беру. Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделірек беру. Осы сабақта қолданылған тапсырмаларым әрбір оқушының жеке қабілеттеріне сәйкес. Сондықтан, оқушыларды жеңілден күрделіге қарай жылжи отырып, әр оқушы сабақ үстінде жұмыс істеді, бұл әрбір оқушының оқу мақсаттарына қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Сурет/үлгі бойынша хабарлы және сұраулы сөйлемдердің интонациясын дұрыс қойып сөйлеу (1-2 сөйлем).



Суреттерге қарап, берілген сөйлемдерді сурет қойып жалғастыр және сұрақ қой. Кім? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.

Карточкамен жұмыс тапсырмасы арқылы, жоғары деңгейдегі оқушылар шығармашылық ойлауды талап ететін қиындығы жоғары тапсырмаларды шешу кезінде берілген мәселенің бірегей шешімдерін табу керек. Мұнда оқушыларға тапсырманың тек сипаттамасы ғана беріледі, ал шешу әдісін олар өздері табады.

Тапсырмаға дескрипторлар құрастырылды.


  1. 1. Сөйлемдегі мазмұнына сәйкес сурет анықтады.

  2. 2. Сөйлемдер мазмұны бойынша сұрақтарды құрастырды.

3. Сурет бойынша хабарлы және сұраулы сөйлемдердің интонациясын дұрыс қойып сөйледі.


Оқу мақсаты, жетістік критерийлері, тапсырма, кері байланыс арқылы.

Бейнелеу өнері, өзін-өзі тану.
Интербелсенді тақтамен жұмыс жүргізу кезінде денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.
Аудиожазылым, флипчарт.
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Рефлексия

1. Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

2. Бүгін оқушылар не үйренді?

3. Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

4. Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

5. Уақытты қалай пайдаландым?

6. Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Бүгінгі сабақтың мақсаттары нақты да қолжетімді болды. Оқушылардың басым бөлігі берілген тапсырмаларды орындай алды.




  1. Бүгінгі сабақта оқушылар сабақ мақсатына сай суреттер арқылы мәтінді болжауға, қазақ тіліне тән дыбыстарды күнделікті айтылып жүрген сөздерді дұрыс қолдануға, шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінуге, хабарлау, сұрау мақсатында баяу және анық айтылған сөзді зейін қойып тыңдауды, түсіну және тиісінше іс-әрекет жасауды үйренді.




  1. Сабақта оқушылар тапсырмаларды өте жақсы көңіл-күймен орындап отырды.




  1. Жоспарланған саралау жақсы өту үшін әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды пайдаландым және тапсырмалар мақсаттарға сәйкес болды. Балалардың ішкі уәжін арттыру мақсатында, әр тапсырмадан соң кері байланыс жүргізіп отырдым.



  1. Сабақ барысында уақытты тиімді пайдалану үшін таймер қолдандым.




  1. Сабақ жоспар бойынша өткізілді, ешқандай өзгертулер болған жоқ.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Алдыңғы меңгерілген білім «Өзім туралы» бөлімі бойынша оқушылар флипчарт арқылы «ТКО» тәсілін қызыға орындады. Өйткені ТКО тапсырманы орындау кезінде оқушылар «алған ақпаратты» түсінеді және өздерінің түсінгенін тіл арқылы емес, суреттер арқылы көрсете алды.

2: Оқушыларға «Венн диаграмма» әдісі қатты ұнады, өйткені топпен жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың арасында бәсекелестік болды.
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

  1. Бірінші сынып оқушылары болғандықтан, жалғауларды ауезекі тілде қолдану оқушыларға біршама қиындық тудырғандықтан, келесі сабағыма тәуелдік жалғау ережені түсіндірудің оңтайлы әдісін тауып өткізу.

  2. Мәтінді оқуда казақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту үшін тиімді әдістерді пайдалану.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Деңгейлері жоғары оқушыларға тақырып төңірегінен тыс алдын – ала тапсырма беріп, келесі сабақта тақырыпқа кіріспе ретінде қолдансам.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет