Пән:қазақ тілі
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі:
|
Мектеп: Қостанай облысының «Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Жайылма негізгі мектебі» ММ
Мұғалімнің аты-жөні : Айтмагамбетова Д.К.
Қатысқандар: 1
Қатыспағандар саны: 0
|
Күні:
|
Сынып: 1
|
Сабақ тақырыбы
|
Ұзақ мерзімді жоспар бойынша 10- сабақ
2- бөлімі: «Менің мектебім»
Бөлімшесі: «Мынау – мектеп» (1-сабақ)
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
Хабарлау, сұрау мақсатында баяу және анық айтылған сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және тиісінше іс-әрекет жасау (қимыл, ым-ишараны қолдану).
1.2.2.1 сурет/үлгі бойынша хабарлы және сұраулы сөйлемдердің интонациясын дұрыс қойып сөйлеу (1-2 сөйлем).
1.3.2.1 Шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну.
|
Бағалау критерийлері
|
Хабарлау, сұрау мақсатында баяу және анық айтылған сөзді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және тиісінше іс-әрекет жасайды (қимыл, ым-ишараны қолданады)
Сурет/үлгі бойынша хабарлы және сұраулы сөйлемдердің интонациясын дұрыс қойып сөйлейді (1-2 сөйлем).
Шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлығы: Хабарлау, сұрау мақсатында баяу және анық айтылған сөзді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оған сәйкес дұрыс әрекет етеді.
Көбі: Шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну.
Кейбірі: Сурет/үлгі бойынша хабарлы және сұраулы сөйлемдердің интонациясын дұрыс қойып сөйлеу (1-2 сөйлем).
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады:
Пәнге тән сөздік қор мен терминдер: әдемі, үлкен, сынып, мектеп.
сөз тіркестері: сынып - әдемі, мектеп - үлкен, бұл – сынып.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Берілген бірнеше тіркестер арқылы диалог құра біледі.
- Мынау не?
- Бұл - мектеп.
- Мектеп қандай?
- Мектеп – үлкен.
- Бұл – сынып.
- Сынып —әдемі.
|
Алдыңғы меңгерілген білім
|
«Өзім туралы» бөлімі бойынша ТҚО тәсілі арқылы білімдерін пысықтау.
- Балалар, қазір бір-бірлеп шығып, интербелсенді тақта арқылы, үш сөмкенің ішін толтырайық. Жазуға арналған оқу құралдарын бір сөмкеге саласыңдар, оқуға арналған оқу құралдарды екінші сөмкеге, сызыға, өшіруге, қиюға, сурет салуға арналған оқу құралдарды үшінші сөмкеге салып жинайсыңдар.
|
Жоспар
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Психологиялық ахуал
(2 минут)
2 минут
|
Шаттық шеңбері
Мен күнді көрдім,
Мен айды көрдім
Мен сені көрдім
Сен мені көрдің
Алдарыңызда жатқан геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлінеміз
- Балалар, партаның үстінде не жатыр?
- Менің партамда: дәптер, кітап, қалам және күнделік жатыр.
- Дұрыс, тамаша! Бекзат, сенің партаңда қандай оқу құралдары жатыр?
- Бекзат, сен қандай оқу құралын сөмкеңнен шығарған жоқсың?
- Жақсы, дұрыс. Сенде күнделік жоқ, партаға шығар (ым-ишара арқылы көрсету).
- Балалар, осы оқу құралдарға толы сөмкені алып қайда келеміз (алып, келеміз деген сөздерді іс-қимыл арқылы көрсету)?
- Дұрыс, ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз
|
өлең жазылған плакат
алдын ала берілген
|