Сабақ тақырыбы Зат есімнің септелуі Сабақ жоспары: Сабақтың мақсаты



Дата10.03.2017
өлшемі85,57 Kb.
#11354
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пән

Қазақ тілі



Мұғалім

Берженбаева Әсемгүл Райқызы

Мектеп, сынып

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №110 мектеп-лицей, 4-сынып

Сабақ тақырыбы

Зат есімнің септелуі



Сабақ жоспары:

Сабақтың мақсаты:

1) Зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгерту, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету.
2) Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру , сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдысын одан әрі дамыту.
3) Оқушыларды тапқырлыққа , ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу.

Пайдаланылатын ресурстар:

оқулық, тест сұрақтары, кестелер, таратпа, маркер


http://imektep.kz -тен бейнефильм.

Сабақтың барысы:




І.Ұйымдастыру кезеңі


Шашылған сөздерді таңдап ала отырып 4 топқа бөлінеді (алма, бала, парта, кірпі, сары, тәтті, қара, ақылды, бес, он, он екі, т.б ұшты, жүрді т.б сөздер бойынша).

ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау

Балалар топқа қалай бөліндіңдер, өз топтарың туралы не айтасыңдар?

Постер қорғау. Зат есім, етістік, сын есім, сан есім.

Бүгін біз мына жоспар кесте бойынша жұмыс жасаймыз:

Жоспар кесте:
Әр оқушы «білім пердесі» атты бағалау парақшасы бойынша өздерін бағалайды.


Оқушының аты-жөні

Жұптық жұмыс

Сауаттылық хаты

Зерттеу жұмысы

Шығармашылық жұмыс

Тест

Қорытынды баға

































































ІІІ.Жаңа сабаққа дайындық


Оқушылар өздерінің аты-жөнін жазып шығады

Жаңа сабақты бастамас бұрын мына фильмді тамашалайық. Бүгінгі сабақта немен танысатынымызды өздерің анықтайсыңдар.

Интерактивті тақтадан http://imektep.kz -тен «Зат есімнің септелуі» тақырыбындағы фильмді көрсету. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Зат есімнің септелуі».


ІҮ. Жаңа сабақ

1.Жұптық жұмыс

Оқушыларға септік атаулары таратылып беріледі: Атау, ілік, барыс табыс жатыс шығыс, көмектес. Әр жұп берілген атау бойынша 5 сөзден жазады.
Мысалы:
Кітаптың, үйдің, баланың, таудың,мектептің.
Айды, күнді, гүлді, Алматты, шелекті, т.б.
Әр жұп жазған сөздерін оқиды, бір-бірін тексереді, топқа жариялайды. Білім парақшасына бағаларын қояды.

2. Оқулықпен жұмыс


17-жаттығу. Сұрақтардың орнына ақбөкен сөзін қойып, мәтінді көшіріп жазу. Ақбөкен сөзіне жалғанған жалғаулардың астын сызып, қай септіктің жалғауы екенін анықтау.

3.Сауаттылық хаты

І, ІІ - топ «Қыс».
ІІІ, ІҮ - топ «Біздің сынып» тақырыбына мәтін құрастырады. Мәтінде септік жалғаулары болу керек.
Әр топ жазған мәтіндерін ұжымға таныстырады.

Білім парақшасына бағаларын қояды.



4. Зерттеу жұмысы

Жеке орындайды.
Әр топқа бірнеше сөз беріледі, оқушылар бір сөзден алып септеп жазады.
Қарлығаш, оқушы, ауыл, суретші, ағаш, қар, күн, емен, терек, кітап, дәптер, мектеп, бала, жаңбыр, аспан, көше, бота, жылқы.
А.с қарлығаш
І.с қарлығаштың
Б.с қарлығашқа
Т.с қарлығашты
Ж.с қарлығашта
Ш.с қарлығаштан
К.с қарлығашпен
Білім парақшасына бағаларын қояды.



5.Шығармашылық жұмыс

Зат есімнің септелуіне оқушылар кластер құрастырады.
Атау септік
Ілік септік
Барыс септік
Табыс септік
Шығыс септік
Көмектес септік

Сөздерді дұрыс септікке орналастыр. Текемет, көмірдің, суға, ұшақты, далада, жаңбырдан, алаша, балғаның, дүкенге, кітапты, қыста, аспаннан, арамен, театрға, шеңберді, оқушымен, отпен, сабақты, қайыңның.

Білім парақшасына бағаларын қояды


Ү. Сабақты бекіту.
http://imektep.kz тест сұрақтарына жауап беру

ҮІ. Сабақты қорытындылау:

http://imektep.kz-тен «Дұрыс» немесе «Бұрыс» (Тұжырымдардың дұрыс не бұрыс екенін анықтау)

ҮІІ. Үйге тапсырма

19-жаттығу.


ҮІІІ. Бағалау

Білім пердесіндегі бағаларды қорытындылап шығу.

Септік жалғауын меңгерген баланың дағдысы ұштала түседі, тілі шұбарланбайды. Сөйлеу кезінде септік жалғауын дұрыс қолданады.


http://imektep.kz -тің материалдары жаңа сабақты түсіндіруге және бекітуге өте тиімді әрі қызықты болды. Сіздерге рахмет!





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет