Көлем — бұл ыдыстың және заттың ішіндегі сұ-йық, қатты және сусымалы заттармен толтыруға болатын кеңістік. Бұл сабақта оқушылар заттарды көлемдері бойынша салыстырады, яғни салыстыру үшін қандай өлшем керектігін анықтайды.
Сабақты екі ыдысты көрсетуден бастаңыз, мы-салы: стақан және бояулармен жұмыс істегенде су төгілмейтін арнайы стақан. Оқушыларға қай ыдысқа көп сұйық құюға болатынын анықтауды ұсыныңыз. Қалай істеу керектігін сұраңыз. Салыстыру жұмы-сын жұппен орындауға мүмкіндік беріңіз. Шешімі:бірінші ыдысқа су толтырып, екіншісіне құю. Егер онда бос орын қалса, демек бірінші ыдыс екінші ыдысқа қарағанда көлемі жағынан кіші және керісінше. Оқушылардан қандай қасиеттері бойынша салыстырғанын сұраңыз. (Оқушылар көлем деген сөзді білмеуі мүмкін. Олардың ойларын тыңдаңыз. Тек содан кейін ғана өзіңіз көлем деген ұғымды айтуыңызға болады.) Көлемі жағынан салыстырылғанын хабарлаңыз. Көлем — бұл сұйықпен толтыруға болатын ыдыстың ішіндегі бос кеңістік. Көлемді жұмсалған сұйық арқылы салыстыруға болады. Көлем ыдыстың сыйымдылық қасиетін көрсетеді. Оқушыларға логикалық сұрақ қойыңыз: көлемді салыстыру үшін әрдайым сұйықтық құю керек пе? Кей кезде ыдыстардың көлемін сырттай байқау арқылы салыстыруға болады. Мысалы: шелектің көлемі бөшкенің көлемінен кіші. Оқушылардан қандай заттарды көлем бойынша салыстыруға болатындығын сұраңыз. Оқушылардың жауабын тыңдаңыз. Олар тек сұйықтыққа арналған ыдыстарды атауы мүмкін.
Кіріспе тапсырма. Көлем қасиеті тек ыдыстарға ғана емес, басқа да сұйық емес заттарға да тән екені туралы түсінікті қалыптастыру үшін топтармен мынадай жұмыс ұйымдастырыңыз.
Қораптың да көлемін өлшеуге болады, себебі оған да заттар салуға болатынын айтыңыз. Ішіне сұйықтық құюға болмайтын заттардың да көлемі болатынын ескертіңіз. Көлем жағынан аздаған айырмашылығы бар екі қорапты көрсетіңіз. Екі қораптың көлемін қалай салыстыруға болатынын сұраңыз. Оқушыларға су құйылған стақан, дақыл салынған стақан және текшелер арасынан таңдау жасауды ұсыныңыз. Өлшем ретінде текше ыңғайлырақ екені туралы қорытындыға әкеліңіз. Текшелерді бетіне дейін толтырып бір қорапқа салыңыз. Содан кейін осы текшелерді екінші қорапқа салыңыз. Қай қорапқа текшелер көбірек, қайсысына азырақ сыйғанын сұраңыз. Қандай қасиеті бойынша салыстыру жүргізгенін нақтылаңыз. Көлем — бұл өлшенетін затқа қатысты өлшеуіштердің сыйымдылық қасиеті деген қорытынды жасаңыз. Егер зат сұйыққа арналған болса, онда кіші көлемді ыдыс өлшеуіш болып табылады. Егер зат сұйықтыққа арналмаған болса, онда кіші текшелер немесе басқа да заттар өлшеуіш болып табылады.
|
Құмыра мен қораптың көлемін тап. Тапсыр-маны бүкіл сыныппен орындауды ұйымдастырыңыз.
Оқулықтағы суреттерге қарап, мынадай сұрақ-тарға жауап беруді өтініңіз:
— Құмыраның ішіндегі кеңістікті немен толтыру-ға болады? (Шырын, су, т.б. сұйықтар.)
— Құмыраға неше стақан су сыяды? (8 стақан.)
— Құмыраның көлемі қандай болатыны жайында қорытынды жасаңдар. (8 стақан.)
— Қораптың ішіндегі кеңістікті немен толтыруға болады? (Текшелермен.)
— Қорапты толтыру үшін неше текше керек? (15 текше.)— Қораптың көлемі қандай? (15 текше.)
— Кесе мен текшелер өлшеу кезінде ненің қызметін атқарды? (Өлшеуіштер рөлін атқарды.)
Жауабы:
8 стақан; 15 текше.
Екі ыдыстың көлемін салыстыр. Тапсырманы жалпы сыныппен орындауды ұйымдастырыңыз. Оқу-лықтағы иллюстрация бойынша әңгіме жүргізіңіз.
Жауабы:
а) А бөтелкенің көлемі Ә бөтелкенің көлемінен артық. Себебі, А бөтелкеге 6 кесе сұйық сыяды, Ә бөтелкеге 5 кесе сұйық сыяды.
ә) Б шелектің көлемі В шелектің көлемінен кем, себебі Б шелекке 3 бөтелке сұйық сыяды, В шелекке 4 бөтелке сұйық сыяды.
Шығарып көр. Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Берілген фигураның көлемін анықтау үшін әр фигураны құрастыруға кеткен кіші текшелердің санын санайды. Тапсырманы орындау қиындық туғызған жағдайда сұрақтар қойып бағыт беріңіз:
Бірінші (екінші, үшінші) фигура неше кіші текше-лерден тұрады?
Жауабы:
7 текше; 6 текше; 8 текше.
Орындап көр. Берілген тапсырма оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Тапсыр-маны жұппен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар жұпта өздерінің рөлдерін бөліп алады. Біреуі құйып тұруы мүмкін, екіншісі неше қасық болғанын санап тұрады.
Жауабы:
кесе мен асқасықтың көлеміне байланысты шама-мен 25-30 асқасық шығуы мүмкін.
|