Сабақ тақырыбы Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер Сабақтың мақсаты



бет3/3
Дата25.08.2017
өлшемі476,21 Kb.
#26458
түріСабақ
1   2   3


Белгілеу немесе Ерікті аймақты белгілеу құралдарымен үзінді таңдалғаннан кейін, олармен келесі әрекеттер орындалады:

  • Алмасу буферіне қиып алу;

  • Алмасу буферіне көшіру;

  • Ағымдағы суреттің басқа жеріне апару;

  • Берілген суреттің аумағында сурет аумағын көшіру;

  • Оны сурет бойынша “көбейту”;

  • Пішіні мен өлшемін өзгерту;

  • Масштабын өзгерту, қисайту;

  • Төңкеру және бұру;

  • Түсін өзгерту;

  • Жою – деп айтып өтемін.

2. http://bilimland.kz/kk/content/structure/1947-informatika_kk#lesson=16327 қосып, “Түсіндіру” және “Мәтін” бөлімдерін оқиды.

IV. Практикалық тапсырмалар.

1. Қызықты диктант

  1. Үлкен шеңбер салыңдар.

  2. Осыған ұқсас бір-бірінен сәл кішілеу үш шеңбер салып үлкен шеңбердің ішіне бірінен соң бірін орналастырыңдар.

  3. Шеңбердің ортасынан көлденең түзу сызық жүргізіңдер.

  4. Шеңбердің түзу сызықтың астындағы бөлігін өшіріндер.

  5. Доға пайда болды.

  6. Доғаның жоғарғы жағынан бастап төменге қарай ортасы арқылы қисық сызық жүргізіңдер.

  7. Салынған қисық сызықтың төменгі жағын сәл солға бұрыңдар. Сол кезде қандай сурет шықты (Қолшатыр)?

2. http://bilimland.kz/kk/content/structure/1947-informatika_kk#lesson=16327 1, 2, 3-жаттығуларды орындайды

V. Сергіту сәті


  • Алақанды уқалау;

  • Қолды қысу;

  • Білезіктен айналдыру;

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату;

  • Көзіңмен ақырын оң жаққа қарай 3-4 рет айналым жаса;

  • Соншалықты айналым солға қарай жаса.

VI. Бекіту сұрақтары.


  1. Графикалық редактор деген не?

  2. Графикалық редактордың құралдарын ата.÷

  3. Масштаб құралын не үшін пайдаланамыз?

  4. Суреттің үзіндісін жылжыту үшін қандай құралды пайдаланамыз?

VІІ. Сабақты қорытындылау.

Рефлексия

«+; - ; қызықты» Оқушылар бір жағында (+) белгісі бар, қандай сұрақтарға жауап алғанын жазады, келесі бетінде (-) белгісі бар, қандай сұрақтарға жауап алмағанын және қызықты болған мәліметтерді жазады. Оқушылардың жауабы келесі сабақтың міндеттерін қоюға септігін тигізеді.

VІІІ. Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар мен http://bilimland.kz/kk/content/structure/1947-informatika_kk#lesson=16327 жаттығуларын жылдам орындаған оқушылар бағаланады.

IX. Үйге тапсырма

Графикалық редактор тарауын қайталау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет