Сабақ тақырыбы:Қылқанжапырақты өсімдіктермен қылқанжапырақты ормандардың табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы
|
Мектеп: «Орталау мектебі» КММ
|
Күні:01.02.2017
|
Мұғалімнің аты-жөні:Медеева А.Ғ
|
Сынып: 6 сынып
|
Қатысқандар саны:8
|
Қатыспағандар саны:0
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Оқушыларға қылқанжапырақты өсімдіктер ормандардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы көптүрлілігі туралы білім алуына, түсінуіне ықпал ету
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар:
|
Ашық тұқымды өсімдіктер.Қылқанжапырақты өсімдіктер туралы айталады.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Қылқанжапырақты өсімдіктер туралы біледі,ормандар туралы айта алады.
|
Кейбір оқушылар:
|
Қылқанжапырақты өсімдіктермен қылқанжапырақты ормандардың табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы туралы біледі.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар: Оқушылар қылқанжапырақты өсімдіктердің табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызын біледі, түсінеді.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
кәдімгі қарағай,қылқан жапырақ, екі үйлі, бір үйлі, микориза.
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
Талқылауға арналған тармақтар:
|
|
Сіз неліктен...екенін айта аласыз ба?
|
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:
|
|
Алдыңғы оқу
|
Кәдімгі қарағайдың мысалында қылқан жапырақты өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюуі.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.психологиялық ахуал
0 – 5
|
Оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып
Қане, барлығымыз орнымызда дөңгелене тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша көзімізді ашып қолымызды жоғары көтереміз, күн сәулесі шуақ шашып тұр деп көрсетеміз, орнымызда тұрып айналамыз, айнала тамаша көрініске толы. Енді, өзімізді еркін сезінейік.
Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жел соқты. Бір біріміздің қолымыздан ұстап жеңіл желдің самалындай етіп қозғаламыз. Аяқ астынан бұршақ жауды – өзімізді құшақтап, жаурап қалған сезінеміз.
Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті күш қуат берді...........
Енді осы күш қуат пен орнымызға отырамыз .
Оқушыларға стикерлер тарату арқылы екі топқа бөліп отырғызамыз.
.
|
Әр түрлі стикерлер
|
Сабақтың ортасы
Қызығушылықты ояту.
6-10 минут
|
Үй тапсырмасы: «қызықты хат»
Алматы қаласынан:
1.Тұқымды өсімдіктер неше топқа
бөлінеді ? Оларды атап шығыңыз.
2.Ең көп таралған қылқанжапырақты
өсімдіктерді атаңдар? 3.Қарағай ашық далада және қалың
орманда қалай өседі?
4. Осы тақырыпта жұмбақтар айтыңдар.
Астана қаласынан:
1. Кәдімгі қарағай өсімдігіне сипаттама беріңіз.
2. “Екіүйлі” дегеніміз не? 3. Қазақстанның “қызыл кітабына” тіркелген қылқанжапырақты өсімдіктерді атаңыз?
4. Осы тақырыпта мақал- мәтелдер.
5. Осы тақырыпта ақын-жазушылардың
өлеңдерінен үзінді айту.
|
Парақшалар
|
Белсендіру
11-13 минут
|
Сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбын ашу.
1)Ашық тұқымды өсімдіктер дегеніміз.
2)Ашық тұқымды өсімдіктерге жатады.
3)Қарағайлы өсімдіктерге жатады.
|
парақшалар
|
Жаңа тақырпты ашу.
14-25 минут
|
Қылқанжапырақты өсімдіктермен қылқанжапырақты ормандардың табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы
Жаңа сабақты талқылау;
1 – топ
Қылқанжапырақты өсімдіктерге сызбанұсқа сызу.
2 – топ
Осы тақырыпта сұрақ – жауап құрастыру.
2.
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер екі топқа бөлінеді. Олар: ашыққұымды және жабыққтұқымды.
Топпен тапсырмаларды орындайды.
1-топ. Қылқанжапырақты өсімдіктерге сызбанұсқа құрастырады.
2-топ. Жаңа тақырып пен өткен тақырыпты байланыстыра отырып сұрақтар құрастырады.
|
Слайд,суреттер
|
Жаңаны қолдану
26 -30минут
|
«Сәйкестендіру» 1-нұсқа
1. Тұқымды өсімдіктер үлкен екі бөлімнен тұрады.
2. Ашықтұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктер – сүректі өсімдіктер.
3. Сауыр ағаштары қатарына, сауыр тұқымдасына жататын сәндік өсімдіктер.
4. Тек 50 жылда ғана жеміс бере бастайды.
5. Қарағайдан басқа қылқанжапырақты өсімдіктердің тұқымында ерекше бөлігі болады.
1-нұсқа жауаптары: 1-2, 2-3, 3-5, 4-1, 5-4
1. Зеравшан аршасы.
2. Ашық және жабықтұқымдылар.
3. ағаштар, бұталар.
4.Жұқа қанатша.
5. Арша мен бозарша.
2-нұсқа
1. Сүректе органикалық заттарды қорға жинайтын ұлпалар өте аз.
2. Кәдімгі қарағай;
3. Аналық бүр негізгі өзекше мен оған тығыз жанасқан қабыршақтан тұрады.
4. Ашық тұқымдылар;
5. Жатаған шырша – бірүйлі өсімдік; 2-нұсқа жауаптары: 1-4, 2-3, 3-2, 4-5, 5-1
1. Қазақстанның “қызыл кітабына” тіркелген.
2. Жабын, тұқымдық.
3. Бірүйлі өсімдік.
4. Негізгі ұлпалар.
5. 650 түрі бар.
|
|
Сергіту сәті
31-35 минут
|
Видео роликке қарап билейді.
|
|
Тест жұмысы
35-40
|
1.Тұқымды өсімдіктер қандай бөлімдерден тұрады?
А. Ашық және жабықтұқымдылар
Ә. Жоғары және төменгі сатыдағы
Б. Тұқымды және споралы
2. Ашықтұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктердің барлығы қандай өсімдіктер?
А. Шырмауық өсімдіктер
Ә. Сүректі өсімдіктер
Б. Паразиттер
3. Өте баяу өсетін тау өсімдігі?
А. Қарағай
Ә. Емен
Б. Жатаған шырша
4. Аталық пен аналық бүрлері бір өсімдікте орналасқан өсімдік түрі қалай аталады?
А. Екіүйлі
Ә. Бірүйлі
Б. Көпжылдық
5. Қырықжапырақтәріздінің жапырақтары неше түрлі қызмет атқарады?
А. 2 түрлі
Ә. 3 түрлі
Б. 4 түрлі
6. Қырықжапырақтәрізділердің фотосинтез процесі жүретін жапырақтарының қандай ерекшеліктері бар?
А. Сабағы мен жапырағы бар.
Ә. Споралары бар
Б. Сағағы мен тақтасы бар
7. Қазіргі кезде плаунның қанша түрі белгілі?
А. 200-400
Ә. 200-500
Б. 200-250
8. Қарағайдың ағаш сабағы қалай деп аталады?
А. Дің
Ә. Сүрек
Б. Бұта
9. Қарағай сүрегінен химиялық жолмен өңдеп, қандай зат алуға болады?
А. Иіс сабан
Ә. Тағамға арналған қоспалар
Б. Жібек жіп тәрізді жасанды талшық
10. Қарағайдан зиянды бактерияларды жоятын қандай ерекше ұшқыш зат бөлінеді?
А. Фитонцид
Ә. Альбуцид
Б. Барлық жауап дұрыс.
Оқушылар тест арқылы алған білімдерін тиянақтап жинақтайды
Жауаптары: 1-а; 2-ә;3-б;4-ә;5-а;6-б;7-ә;8-а;9-б;10-а.
|
|
Аяқталуы
40-45
минут
|
Оқушыларға критерий арқылы бағалау парақтарын толтыруды ұсынады Оқушылар сабақ бойына өздерінің белсенділіктерін бағалайды, жауап парақтарын толтырып, бағаларын қойып, мұғалімге тапсырады.
ү/т §41. Қылқанжапырақты өсімдіктер мен қылқанжапырақты ормандардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы А,Ә,Б деңгейіндегі сұрақтарға жауап беру.
1мин рефлексия 1. «Айна» әдісі арқылы ой пікірлерін білдіреді Оқушы мұғаліммен кері байланыс жасау үшін толтырған қағаздарын почтаға салуға болады.
|
Бағалау парағы
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз қабілеті
жоғары оқушыларға
тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?
|
Бағалау - Оқушылардың
үйренгенін тексеруді қалай
жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті
қорғау ережелері
АКT-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
|
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар не
білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім және
неліктен?
|
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|