Қазақстан Республикасының Білім және
ғылым министрлігі
№ 54 жалпы орта мектеп
АШЫҚ САБАҚ
Тақырып: Қазақ батырлары.
Орындаған: Бастауыш сынып мұғалімі Әлімқұл Мақпал
Шымкент - 2011
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Қазақ батырлары.
Мақсаты: Оқушыға қазақ батырларының ерлігі туралы мағлұмат беру.
Білімділігі: Өлеңдегі негізгі ойды анықтай білуге, ойын жүйелі түрде баяндай білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлау, сөйлеу дағдысын жетілдіру.
Көрнекілігі: Қазақ батырлары, қару-жарақ суреті, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық көңіл-күй.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабаққа қатысты құрал-жабдықтарын даярлату.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын пысықтау.
-
Абылай хан кім болған?
Қазақтың ханы болған.
-
Абылай ханның шын аты кім?
Әбілмансұр.
-
Абылай хан қай жылы дүниеге келген?
1711 жылы.
-
Абылай ханның әкесінің аты кім? Қай жерде билеуші болды?
Уәли, Түркістанды билеген.
-
Абылай хан кімдермен шайқасқан?
Жоңғарлармен, қалмақтармен.
-
Абылай кімдердің ақылына жүгінген?
Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ақылына жүгінген.

Достарыңызбен бөлісу: |