Сабақ Тақырып: "Жалауша" затқа қарап сурет салу



Дата08.09.2017
өлшемі26,19 Kb.
#30274
түріСабақ
38-САБАҚ

Тақырып: "Жалауша" - затқа қарап сурет салу.

Сабақтың мақсаты: Балаларды Қазақстанның мемлекеттік жалауымен таныстыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының жалауының элементтерін беруге үйрету.

Міндеттері: 1.Сезімдік тәрбие.



2. Саналы кабылдау

3. Іс-әрекеттік~практикалык дамыту.

Сабақ типі: тақырыпты кеңейту және тереңдету сабағы.

Сабақ жанры: практикум-сабақ.

Сабақ формасы: диалог.

Көркем материал: мемлекеттік жалау және елтаңба бейнеленген плакаттар.

Музыкалық материал:

Қазақстан Республикасының әнұраны.

Құралдар: үнтаспа, аудиокассеталар.

Сабақбарысы:

Әрбір егеменді еддің мемлекеттік рәміздері болады. Олар: әнұран, жалау, елтаңба. Әр азамат өз елінің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, аялауға міндетті.

Біздің еліміз Қазақстан Республикасының ұлттық жалауы өте әдемі. Аспан түстес көгілдір жалаудың ортасында арайлы кун бейнеленген. Күн сәулесі жан-жаққа шашырап, нұрын төгіп түр. Күн астында бостандық биігінде қыран құс самғай ұшады. Жалаудың сол жағыңда жоғарыдан-төмен қарай қазақтың ұлттық өрнегі бейнеленген. Күн, Қыран және өрнек алтын түспен берілген. Жалау ұзындығы көлденеңінен екі есе артық. Қазақстан Республикасының жалауы еркіндік белгісіндей Үкімет үйінде желбіреп тұр. Оны жас ұландар ант қабылдағаңда, салтанатты мейрамдарда, спорт жарыстарында тігеді. Біздің еліміздің елшілері шет елге іс-сапармен барғанда, самолетте, машинада мемлекеттік жалау желбіреп түрады. Жалау бойынша делегаттардың қай елден келгенін анықгауға болады.

Практикалық жұмыс.

Балаларға басқа елдердің үлттықжалаушаларын көрсетуге болады. Содан кейін сызғышпен келемі 20 смх10 см төртбұрыш сызады. Мұғалім балаларға трафареттер таратады. Балалар, рәміздерді белгілеп, ұқыпты түрде бояйды.

Қазақстан Республикасы жалауьш жасаған-суретші Шакён Ниязбеков.

Көк түс.


Жалаудың көк түсі бұлтсыз ашық аспан аясы. Бұлтсыз ашық, көкпеңбек аспан-тыныштық, еркіндік, ырыс, адалдық, өмірсүйгіштік қасиеттерінің символы іспеттес.

Күн.


Өз шуағына шомылған алтын күн байлықтың, тыныштықтың, берекенің символы.

Қыран.


Байтақ елінің көгінде самғап ұшқан қыран құс қазақ халқының дарқандығының, достарын құшақ жая қарсы алатын кенпейілділігінің белгісі.

Дала қыраны байлықтың, қазақ халқының ізгі ниеттерінің символы.

Өрнек.

Қазақ халқының бай қол өнерінің белгісі. Жалауда берілген "қошқар мүйіз" оюы ғасырлар елегінен өтіп күні бүгінге дейін сақталған.



Қорытынды. Бағалау.

Сұрақ-жауап. Көрме ұйымдастыру.



  • Сау болыңыз, сабақ аяқталды!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет