Сабақ Тақырып: Микробқа қарсы химиопрепараттар. Жұқпалыаурулардың иммунотерапиясы және иммунопрофилактикасы. "Иммунобиологиялықжәнемикробқақарсыпрепараттар". СоөЖ тапсырмалары


Дайын дәрілік препараттардағы микроорганизмдерінің рұқсат етілген нормалары



бет16/17
Дата28.04.2023
өлшемі47,8 Kb.
#175643
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Ñàáà Òà ûðûï Ìèêðîá à àðñû õèìèîïðåïàðàòòàð. Æ ïàëûàóðóëàðäû

2. Дайын дәрілік препараттардағы микроорганизмдерінің рұқсат етілген нормалары.
Микроорганизмдердің болуы мүмкін тұрғысынан дайын дәрі – дәрмектер 2ге бөлінеді:

1)Өмірге қабілетті микроорганизмдердің болуына жол берілмейтін стерильді дәрілік заттар (СЛС). Олардың үлесі ДЗ жалпы санының шамамен 20% - ын құрайды.Бұл препараттарға: инъекциялық және инфузиялық ерітінділер және парентеральді енгізуге арналған препараттар, көз тамшылары (стерилизациядан кейін және асептикалық жағдайларда дайындалған); ашық жаралар мен күйіктерге арналған препараттар; Жаңа туылған нәрестелерге арналған препараттар және т.б жатады.Демек бұл препараттардың құрамында микроорганизмдер болмайды.


2)Стерильденбеген дәрілік заттар (НЛС): саны мен сапалық құрамы өнімнің түрі мен мақсатына байланысты болатын және тиісті құжаттамамен нормаланатын тірі микроорганизмдердің болуына жол берілетін ДЗ. Олардың үлесіне шамамен 80% тиесілі.


Ішке қабылдауға арналған дәрілік шикізат

1г немесе 1 мл препаратта 1000 бактерия және 100 ашытқы ,көгергіш саңырауқұлақтан аспау керек.Ішек таяқшасы мен сальмонеллалар болмауы керек.

Жергілікті қолданғанға (мұрын,интравагиналды пайдаланылатын)арналған препараттар

1 г немесе 1 мл препаратта барлығы 100 микроб жасушасынан аспауы керек.Көкірің таяқшасы,энтеробактериялар,алтынды стафилококк болмауы керек.

Таблетка түріндегі препарат

1 таблеткада жалпы микроб саны 10000-нан аспауы керек.Патогенді микрофлора болмауы керек.

Ауыз қуысы гигиенасына арналған заттарда(тіс пастасы,элексирлер,сағыздарда)

Микроб саны 100КТБ/г дан аспауы керек.Көкірің таяқшасы,көгерткіш саңырауқұлақтар ,Candida туыстығының саңырауқұлақтары,Eterobacteriaceae тұқымдастығының бактериялары болмау керек.

14 сабақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет