Сабақ Тақырып: Торғай өңіріндегі ағартушылықтың даму тарихы, зиялылардың


Модуль №3 Н.Құлжанованың өмірі мен қызметі. Жоспары



бет4/7
Дата06.01.2022
өлшемі273,88 Kb.
#110111
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Кибатов Санжар 423 ОМ 4 СРС, 07.03.2022 коммуникация, 1605677041
Модуль №3

Н.Құлжанованың өмірі мен қызметі.

Жоспары:

1)Өмірі.

2)Қызметі.

3)Еңбектері.



1. Нәзипа Құлжанова - Алаш қозғалысы кезінде қайраткерлігімен көзге түскен қазақ қыздарының бірі, Құлжан немересі 1887 жылы Торғай қаласында туған. Аумалы төкпелі заманда ел қамы үшін күрескен қайраткерлердің бірі. Қазақ қыздарынан шыққан ұстаз, этнограф, аудармашы, журналист Нәзипа Сағызбайқызы 1902 жылы Қостанайдағы орыс-қазақ гимназиясын, 1903-1904 жылдары Торғайдағы қыздар училищесін бітіреді. Оқып жүрген кезінен бастап өзін ұлт үшін күресуге даярлаған. Оқуын аяқтаған соң, 1905 жылы Семей қаласындағы оқытушылар семинариясында ұстаз болған. Ұстаздық жұмысты атқара жүріп, этнография тақырыбын зерттеп, мақалалар жазып, талантын танытқан ол 1913 жылы Орыс география қоғамының Семей бөлімшесіне, «Азамат серіктестігі» ұйымдарына мүше болады. 1914 жылы 26 қаңтарда Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай әдеби кеш ұйымдастырады. 1915 жылы 13 ақпанда Пертроградтағы мұсылман ауруханасы мен мұқтаж қазақ шәкірттеріне көмек көрсету мақсатында әдеби кеш ұйымдастырады. «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» газеттерінде әйел мәселелеріне байланысты мақалалар жазады.

1917 жылы Семей облысы қазақ сиезінің төралқа құрамына енеді. 1920 жылы Қырғыз (қазақ) АКСР Халық ағарту комиссариатының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару, баспасөз істері жөніндегі арнаулы комиссияның құрамында жұмыс істеген. Осы жұмыста жүріп, жаңа қазақ әліпбиін енгізу жөніндегі комитеттің құрамына енеді. Н.Құлжанова - қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналистердің бірі. 1922 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің редакция алқасының мұшесі, 1923-1925 жылдары «Қызыл Қазақстан», 1925-1929 жылы «Әйел теңдігі» журналдарында жауапты қызметтер атқарады. «Айқап», «Қазақ», «Бірлік туы», «Алаш» басылымдарында оқу-ағарту мәселелері туралы мақалалар жариялаған.

Ұзақ жыл окытушы болып жұмыс істеген Нәзипа қазақ мектептері үшін оқулықтар жазған. 1923 жылы Орынборда «Мектептен бұрынғы тәрбие», 1927 жылы Қызылордада «Ана мен бала тәрбиесі» атты әдістемелік кітаптары басылып шығады. Н.Құлжанова әнші болмаса да, қазақ әндерін нақышына келтіре орындайтын өнері болған. Ең маңыздысы - ол кісінің әншілігі емес, қазақ әндерінің нотаға түсуіне көмек көрсетуі. Ол кісі Затаевичке «Ғайни-ау, сәулем», «Қадыр зары» әндерін жаздырған. 1934 жылы қайтыс болған.



2. 1903-1904 жылы 15 жасында Торғайдағы қыздар училищесінде мұғалімнің көмекшісі болды. Одан кейін Орынбордағы мұғалімдер семинариясын бітіріп, 1905-1920 жылдары Семей қаласындағы мұғалімдер семинариясында ұстаздық етті. 1913ж «Азамат серіктігі» ұйымына кірді.

1914 жылы 26 қаңтарда Семей қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай өміріне арналған, 1915 жылы Петроградтағы мұсылман ауруханасы мен қазақ шәкірттеріне көмек көрсету мақсатында әдеби кештер ұйымдастырды. «Қазақә», «Сарыарқа», «Алаш» газеттеріне әйел мәселелерін қоғамдық деңгейде арнайы көтеріп, мақалалар жазды.

1917 жылы Семей облыстық қазақ сыязына қатысып, оның төралқасы құрамына сайланды.

1920 жылы Қырғыз (қазақ) АКСР Оқу-ағарту халкомының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару мен баспасөз істері жөніндегі арнаулы комиссияның мүшесі болды. Құлжанова осы қызметте жүріп, қазақтың жаңа әліпбиін енгізу жөніндегі комитеттің құрамына енді.

1922-1929 жылдар аралығында «Еңбекші қазақ» газеті мен «Қызыл Қазақстан», «Әйел теңдігі» журналдарының редакцияларында жауапты қызметтер атқарды.

3. 1923 жылы Орынбор қаласынан Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» оқулығы жарық көрді. Бұл Қазақстан Оқу комиссариатының нұсқауымен арнайы басылған алғашқы туынды еді. Кітапқа Ахмет Байтұрсынов алғысөз жазған. Еңбек: «Күллі жер жүзінде», «Мектеп жасына толмаған балаға тәрбие не керек?», «Мектепке дейінгі тәрбиенің Россиядағы түрі», «Бала бақшасы деген не?» деген тараулардан тұрады. Осындағы алғашқы тараудан автордың сол кезде ақ шет елдердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмыстарын зерделеуге ұмтылыс жасағанын айқын көреміз. Педагог Италия, Швейцария, Шотландия елдеріндегі балалар бақшасының тәжірибелерін үлгі етіп ұсынады.

Құлжанова 1927 жылы Қызылорда қаласында «Ана мен бала тәрбиесі» әдістемелік кітабын баспадан шығарды. Автор бұл еңбегінде педагогтарға, тәрбиешілерге, ересектер мен балалар дәрігерлеріне бала мен ана денсаулығына қатысты пайдалы кеңестер береді. Белгілі этнограф А.А. Затаевич Нәзипадан «Ғайни-ау, сәулем», «Қадыр зары» әндерін жазып алған. Публицист ретінде «Айқап», «Қазақ», «Бірлік туы», «Алаш» басылымдарына елдегі оқу-ағарту, мәдениет, денсаулық мәселелеріне байланысты мақалалар жазып тұрды. А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, С. Сейфуллин, т.б. ақындар Құлжановаға арнап өлең жазған. Нәзипа аударма саласында да елеулі жұмыстар атқарып, қазақ оқырмандарын В. Короленконың «Күн тұтылғанда» (1923), А. Куприннің «Лапылдап жанған крейслер» (1927), Б. Лавреневтің «Қырық бірінші» (1928) сияқты шығармаларымен таныстырды. Арқалық қаласында бір көшеге ерлі-зайыпты Құлжановтар аты берілген. Арқалықта Құлжанова атындағы колледж жұмыс істейді. Семейлік жас ғалым Г.Кәріпжанова баспадан «Нәзипа Құлжанова - ағартушы, қайраткер» деген жинақ шығарды (2004).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет