Деңгейлік тапсырмалар: III-деңгей:(Деңгейі төмен оқушылар үшін) 1. Бас квант саны нені сипаттайды және қандай мәндерге ие болады? Қандай әріптермен белгіленеді?
2. Орбиталь квант саны нені сипаттайды? Орбитальдық квант саны қандай мәндерге ие және олардың пішіндері қандай?
3. Магниттік квант мен спиндік квант саны нені сипаттайды және қандай мәндерге ие? Орбиталдардың шартты түрде белгіленуін көрсетіңіз?
4. Не себепті 4 квант саны бірдей 2 электрон кездеспейді? Себебін түсіндіріңіз?
II -деңгей: (Деңгейі орташа оқушылар үшін) 1. Клечковский ережесін қолданып № 27,30,35,38,50 элемент атомдарының құрылысын жазыңыз.
2. 24 элементте байқалатын құбылыс тағы басқа қандай элементтерде байқалады? Бұл құбылыс не үшін байқалады физикалық және химиялық көзқарастармен түсіндіріп, жауабыңызды дәлелдеңіз.
I-деңгей: (Деңгейі жоғары оқушылар үшін) 1. Магниттік квант мен спиндік квант саны нені сипаттайды және қандай мәндерге ие? Орбиталдардың шартты түрде белгіленуін көрсетіңіз?
2.. Не себепті 4 квант саны бірдей 2 электрон кездеспейді? Себебін түсіндіріңіз?
2. Оқу мақсатында оқушылардың қол жеткізген білім деңгейі анықталды.
3. Қолдау: 3 түрде көрсетілді:
Барынша қолдау: s, p, d, f орбитальдарының кеңістіктердегі пішінін түсіндіруде;
алғашқы 36 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын жазуда.
Орташа қолдау: Паули ,Гунд ережелерін қолдана отырып электрондық –графикалық формуланы кескіндеуде.