Сабақ тапсырмаларына әдістемелік нұсқау Шымкент-2010


-жаттығу. Мәтіндегі зат есімдерді теріп алып, мағынасына қарай төмендегі кесте бойынша топтап жазыңыздар



бет2/4
Дата25.12.2016
өлшемі0,59 Mb.
#4891
1   2   3   4

2-жаттығу. Мәтіндегі зат есімдерді теріп алып, мағынасына қарай төмендегі кесте бойынша топтап жазыңыздар.


Жалпы

Жалқы

Деректі

Дерексіз

Адамзат

Ғаламзат


















Бетінде қайғы да жоқ, қасірет те жоқ, қорқыныш қана бар. Ой да жоқ, үмі те жоқ, ерік те жоқ, билік те жоқ. Сандыбай қарғаның тұзын екі қолымен ұстап, айнаға қарағандай жымиып отыр. Бойында әдет пен әдепке сия бермейтін мінездері болғандықтан, жынды Бижан атанған адам. Әсіресе, қолқабыс ететін адамдарымызға риза болдым. Бершіл бір жәрдем етпесе, өзгеден үміт жоқ секілді. Ар-ұят, намыс-кек бәрі ортақ болған соң, әскер достығы терең бір мағыа табады. Әдемі шана мен қамыт-саймандары сықырлай түсіп, жегулі дара аттар да көрінеді. Байсал да бір үлкен жолаушыдай болып, қалың киім киген Сүйіндік ауылына Абайлар ел орынға отыра келді.

Ақыл айтыпты: Не дүниеге, не ақиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын –мен, сенің сөзіңді ұғатұғын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?-депті (Абай).
3-жаттығу. Мәтіндегі көптік мағыналы зат есімдердің қандай жолмен жасалғанын дәлелдеңіздер.

Қанша жұрт жұмыстан қалып, қанша уақыт сергелдеңге түскелі отыр. Сиырларды сауатын да, пішеншілердің ас-суын даярлайтн да менің шешем болатын. Жұмыскерлер түскі демалысқа келіп, үйшіктерінде, барақтарында күрке, баспана көлеңкелерінде тыныстап жатыр. Аспанға ұшқан ұсақ тастар көпір үстіне гүрс-гүрс түседі. Емен шаң-топырақтан көрібей бір кетті де, аздан соң бар жапырағынан бір-ақ айрылып, сорайып қалды. Шығанақ тарысын сұрыптай берді. Тасығандары - өзі өскен шөп емес, қолдан еккен жоңышқа, бидайық, мысыққұйрық (Ғ. Мұстафин).

Жас шалғыны мол, кең қоныс – Брлыбайда отырған Абай ауылы. Мұнда бүгін үлкен әбігер бар. Ақ үйлер мен отаулар, қонақ үй, ұранқайлар арасында асығып басып жүргендер көп. Көрпе-жастық, асжаулық, тегене, тостаған, самауырлар тасыған жас әйелдер, еркектер қарбаласады. Таза көйлек, қамзол киіп, көкбараздаған кимешек – шаршы тартқан келіншектер мен үкілі бөріктері бар қыздардың ажарында мереке күн белгісі сезіледі. Әлденеге қуанып, шулап жүгіріскен үлкенді-кішілі балалар да таза киімдер киіскен. Оларды оқудан да босатқан күн сияқты (М. Әуезов).
4-жаттығу. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөз бен оның тіркесіп тұрған сөзін теріп жазып, оларды байланыстыратын қосымшаның беретін мағынасын түсіндіріңіз.

Қазақ – сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдгін сөзге сыйғызған жұрт. Оның тарихы да, тағдыры да, тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы мен дала көңілі де сол сөзде жатыр.

Қазақ тарихында сөздің орны ерекше. Бітпес даудың, бәтуәсіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр – бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білсін. Оның рухы, жан құпиясы, төзім-сезімі құдіретімен тұтас, туыс. Сондықтан да ол үшін сөзден өткен күш, құдірет жоқ, тоқтам жоқ.

Қазақ – «ат сүрінгенше» ақыл тапқан, ұшқыр ойды қастерленген, ғасырлар бойы сөз мұрасын қорғаштап, сөз асылын жоғалтпай келген, ардақтысы да, аяулысы да сөз болған халық.

Ата-бабамыз ауыз әдебиеті дейтін ғажайып мұра қалдырды. Онда қазақ дейтін қалың елдің қанында, жанында болған қасиеттің бәрі бар. Онда халықтың рухани өрісі, мәртебесі, тұрмыс-салты, мінез-құлқы бар. Қазақтың тілі – сұлу, қонымды да толымды тіл. Сол тіл кестелеп өріп, өрнектеп, өлшейін, өшпейтін ғажайыптар тудырды: асыл мұра, қазынасы сарқылмас алтын сандық – ауыз әдебиетін жасады (Билер сөзі).
5-жаттығу. Мәтінді көшіріп, септік жалғаулы сөздерді теріп жазып, оның қай септік екенін ажыратып, сұрағын қойыңыздар.

Құнанбай - өз басы бір шешеден жалғыз, бәйбішенің жалғызы. Қара шаңырақ иесі. Қалың дәулет пен әмір, билік иесі. Жасқа да көп туысынан өзі үлкен. Сол себепті, үлкен әкесі Ырғызбайдан тараған осы мына жиырма ауылдың мынадай топтарының ішінен бірде-бір жан әлі күнге Құнанбайдың алдынан көлденең шығып көрген емес. Жер алуда, ел алуда, оңайдан мал табуда бұлар Құнанбайдың қабағын қалт еткізбей түсінеді. Соңғы уақытта, тіпті, ішінен атысып жүретін күндес қатындар да араздығын сыртқа шығара алмайтын болған.

Осымен бар ынтымағын Құнанбайға бағындырған жиырма ауыл: дәл бір ұялас бөрідей еді. Қалың Тобықты ішінде ең қолшыл, ең мықты болатын себептері де осы. Кішкене шеңбері берік болған соң, содан арғы маңайдағы аталастан- Топай, Торғай, Көтібақты да бұлар өз ынтымағымен тартып, басып алып жүреді.

Қыстауының жанында отырған алты үйдің барлық иті абалапшығып еді, атшабарлар ақырын, қамшы үйіріп ұмтылып, бездіріп жіберді. Әрбір үйдің есігін жамылып, баспа ғып тұрған балалар да, мына тентек қонақтардан қорқып, інге кірген тышқандай, есіктерінің ар жағына сүңгіп-сүңгіп кетті. Үркімбайдың үлкен қоңыр үйінде бірталай еркектер отыр еді. Үй иесінің өзінен басқа Қаумен, Қараша бар-ды. Бұл екеуі - Бөжейдің жақын ағайындары.


6-жаттығу. Грамматикалық категорияларына қарай зат есімдерге жалпы талдау жасаңыздар.

Құдайберді мен Қамысбай бұл бұйрықты ести сала тебіне жөнелісті. Ұзын бойлы, қыпша бел жас жігіт Құдайберді мен кең жауырын Қамысбай ойға түсе бере, көштің алдын көлденеңдеп, жарысып барады. Бұлар араласқан топтан бір-екі кісі дереу сытылып шығып, жалғыз төбеге қарай желе текіректейді. Құнанбайдың күтіп тұрғанын көріп, өбектеп қамшылап, асыға жүріседі. Құдайберді арғы шеткі көшке жеткенше, Құнанбай қасына жиырма-отыз аттылар жиылып қалды. Қоңыр күздің бүгінгі күні желсіз, тынық. Барлық жиын жаңғыз төбені дүрс-дүрс басып, Шыңғысқа қарай тартты. Алды аяңдап, арты желіп отыратын ұзын торы ат өзге жиынның барлығын еріксіз бүлкектетіп, желдіріп келеді. Қазірде Құтжан бейітінің екі жағындағы жаңа қабірлер Қодар мен Қамқанікі болатын. Қаратай танып келеді, Бөжейдің түп есебінің көбін Құнанбай бұзып кетті. Үлкен ақ үйдің жанында жүндес сары ала төбет тілін салақтатып, аузын арандай ашып, қатты солықтайды. Барлық жұрт түңліктерін жауып, іргенің көбін белдеуге шейін шалқита көтеріп, түріп тастапты. Аттарын тұсап-тұсап тастаған балалар бүлдіргеннің қызығына әлі қанған жоқ. Сырттап бара жатқан Тоғжанның арттан көрінген мүсіні де өзгеше екен.Атқа отырысының өзінде де бір нәзік-еркелік пен соншалық биязылық, мықтылық та бар сияқты. Жылтырап өрілген жуан бұрымдарының ұшында үлкен шолпы ырғала түсіп, шылдырап барады (М. Әуезов).



7-жаттығу. Нольдік морфеманың септік жалғауларында қолданылуына мысал келтіріп, сөйлем құрап жазыңыздар.
8-жаттығу. Көмекші есім мен ол тіркесіп тұрған толық мағыналы сөзді тауып, оларды байланыстырып тұрған қосымшаға талдау жасаңыздар.

Әлі шам жағылған жоқ, жұрттың көбі тыста мал жайлап жүр. Шығыс жаққа қараған терезенің алдында қос тізерлеп, екі шынтағын тізесінің алдына салып, иегін қолдарының үстіне қойып Абай отыр. Бұдан басқа оң жақта жер төсектің үстінде бала уатқан Зере бар. Түн ішінде үйге барған-ды. Кенет күркенің іші суып кеткендей болды. Топ ортасына енгенде, Ақан сытылып шетке шықты. Жұрттың бәрі қос маңына шоғырлана қалған екен. Сенің ешқандай басыбайлы адамың жоқ, адамдардың бәрі де атаманның қол астында. Мезгіл қыстың басы емес, көктем таянып келеді. Мүкарама бұрыштағы үлкен айнаның алдына барып, шашын түзеп жатыр. Баланы артына мінгестірді де, қойды алдына сап, ауылға айдап келді. Соңғы бес жыл ішінде дәрігердің жүдеп-жабығып жүрген күйін көрген ешкім жоқ-ты. Қарсы алдында қалшиып тұрған бізге жүрдім-бардым ғана көз тастады. Мына шешесі қасында болса қайтер еді. Қасында екі әйел бар әлгі бас дәрігер есік алдында мені күтіп тұр екен. Дымың ішіңде болсын, үндеме. Көзімнің астымен байқап отырмын. Он төрт шананы үйіре тастап, үстіне қамыс жапқан, уақытша күркенің астынада отырмыз.




5 - практикалық сабақ.

Тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты: Сын есімнің зерттелуі. Сын есімнің семантикалық жағынан екі топқа бөлінуі. Құрылымына қарай жалаң және курделі болып бөлінуі.Сын есімнің шырай категориясы,синтаксистік қызметі.

Студент нені меңгеруі тиіс? Сын есімнің өзіндік белгілері. Мағыналық түрлері мен құрылымына қарай түрлері,шырай категориясы.
1-жаттығу.а).Төмендегі сөйлемдердегі негізгі сын есім мен туынды сын есімді ажыратып туынды сын есімнің жұрнақтарын көрсетіңіз. ә).Туынды сын есімнің қай сөз табынан жасалғанын дәлелдеңіз. б).Сын есімнің астын сызып,сөйлемнің қай мүшесі екенін талда.

Ұлан-байтақ кең далада мал бағып, ұзақ күндерін кең табиғат құшағында, мал өрісінде, түндерді жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізілген қазақ халқы табиғат құбылыстарын бақылаудан туған көп жылдық тәжірибелерін қорытып,жұлдызды аспан туралы түсініктер мен жинақталған...Қазақтар шексіз кең далада мал бағу, көшіп-қону, жолаушы жүру түн қату және аң аулау, төрт құбыланы анық айыру, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап, бағыт-бағдарды дәл табу сияқтыларды ұрпақтарына үйретіп ұқтырған.

Дәрмен іркілген жоқ. Сұлу жүзді, қиылған қара мұртты, ақсұр жігіт домбыраны шешен сарнатып отырып-отырып барып, жортып бастап кетті.

Осы бір ай ішінде Әлима да аналық мейірім, аналық сезімнің не екенін тұңғыш рет ұққандай. «Қой, өзі де мінезі тік, әрі кіді енемді ренжітпейін, енді көп болса, бірер жұма қасында болар, кәріп жанды жасытпайын» деп тысқа әжесін шығарып кеткен Аманайын, санаулы күндері қалған Балзия кемпірдің ғаріптігін ойлап жатып, қалай ұйықтап кеткенін білмеді. Ежелден ұйқысы қатты Әлимаға бұл түн мазасыз түн болды. Күзге салым салқын тартқан едені сыз, қабырғалары ызғар, жер үйде тоңазыған келіншек астындағы қалың, ауыр көрпені ұйқылы-ояу үстіне тартқылап, бір шалғайымен ғана бүркеніп, алғашқыда жылы бұйығып тәтті бір ұйқы құшағына кіргендей еді, әлден уақытта жүрегі өз-өзінен өрекпіп, жиі-жиі дүрсілдеп, тынысы тарыла берді.


2-жаттығу. Сын есімді тіркескен сөзімен бірге теріп жазып, қай сөз табының алдында тұрып тіркескенін көрсетіңіздер.

Беті сопақтау, жуан шоң мойын,дөңгелек қара көз, қырша мұрынды, қара торы жігіт. Хасен - ұзынша бойлы, шүңірек үлкен сұр көзді, қыр мұрынды, ат жақты, қапсасағай, ашаң сіңір денелі, көселеу сұр жігіт.Ең үлкен жаңалық сенсің....Төбең де қап-қара, аяқ астың да қап-қара. Күнге шағылысқан әппақ қар көзіңді аштырмайды. Қырша мұрынды,шүңіректеу қара кер тобылғы көзді,қырқып жүретін сақалы, мұрты бар. Өзінеде мықты кіршік келтіретін бұл жайсыз хабар Сұлтанның төбесіне мұздай су құйып жібергендей болды да, арғы жағын сұрамады. Әкеңнің қомақты ауыр нәрсеге ғана үйренген ебедейсіз қолы сәбиге жағдайлы болмаса керек, шырылдап жылай бастады.

Сәукеле-биік шың. Сәукеле десе дегендей, қысы-жазы аппақ боп, маңындағы кішігірім таулардың арасында да ерекше көрінетін үп-үшкір шың, расында да қалыңдықтың сәукелесінен аумайды. Тіпті, тұла бойына қадаған асыл тастарына дейін шын сәукеледен айнымайды. Жазда мөлдір аспанда жүзген ақша бұлттар да сұлу шыңды айналшықтап, мамырлап жатып алады. Кейде дәл төбесіне қонақтағанда ақ шыңға үлбірете қадаған шоқ үкі ме дерсің (С. Жүнісов).
3-жаттығу. Мәтіннен сын есімдерді тауып, қай шырайда тұрғанын анықтаңыздар.

Ақкөңіл өте қарапайым адамдар екен. Әуе тұп-тұнық, тап-таза, жібектей жұмсақ. Саусақтары жұп-жұмсақ, жып-жылы екен. Үлкен көкшіл көзі мөлдіреп, күлімдеп тұр. Тап-таза тұнық ауа, көгілдір аспан, ну орман, сылдырап аққан су. Зағипа құп-қу болып кетті. Өте кекшіл, әрі сезімтал және өр көкіректеу Зағипаға Шолпанның сөзі табанға басқан шоқтай тиді. Оның сүмблдей сұп-сұлу денесі, жай теңселген шолақ көк толқындармен бірде тұтас көміліп, бірде тұтас көрініп, суға қара қоңыр сәуле түсіреді. Хакім оның қуқыл бетіне жүгірген қзыл шырайды көзі шалып, қыздың әлденеден қсылғанын сезді. Екеуі екі түрлі: қыз нәзік те, келіншек сүйріктей жұп-жұмыр, қыз қуқыл өңді, үлкен қоңыр көзді, қыр мұрынды; Шолпан қызыл шырайлы, дөңгелек бетті, өте сүйкімді. Аспан ақшыл тартып, мұнарта түседі, сар шытыр қуарып жоғалып, ебелек ұшып бітті, бетеге бозарып, қара жусандар ақ бурыл тартты. Бала қоңырқай сопақша беті күреңденген күйі отырып алды.


4-жаттығу. Мәтіннен зат есімдер мен сын есімдерді тауып, олардың тұлғасындағы, түрленуіндегі, тіркескен сөздеріндегі айырманы көрсетіңдер.

Ержетіп, оннан асып қалған Ақылбай деген баласы Нұрғаным қолында өседі. Одан кейінгі сегіз жасар қызы Күлбаладан және алты жасар сүйкімді ұлы Әбдірахман, ең ыстық, ең тәтті кенжесі Мағаш - бәрі де Ділданың өз бауырында өсетін. Ауыл-аймақ пен Ұлжан, айғыздай енелер болсын, бәрі де Ділданы күтіп тұрады. Балалары барлық үлкен аға , жеңге мен қайын , абысынның шын сүйетін еңбегі. Ондайлық көп ұл тапқан жуан ауылдың қызы ерке болмай тұрмайды. Тілге де, ашу-әзілге де тоқтамсыз, томырық келеді. Ділда Абайға ыза болу арқылы осындай паң, суық болып бара жатыр еді (М. Әуезов).

Неге екенін кім білсін, әйтеуір немересі бірдеме сұраса, не жылап мазаласа, ешкімге оңайлықпен жібімейтін қаһарлы, қажырлы әже мұның алдында кәдімгі кінәлі адамдай жасқаншақтап, асты-үстіне түсіп, бәйек болады. Сәукеле жайында ауыздан-ауызға, елден-елге тараған ұзқ әңгіме бар. «Ерте-ерте ертеде осы өңірде ғаламат өнерімен атақтары бүкіл елге жайылған екі ұста өмір сүріпті. Осыншама өнерді аямаған жасаған ием, екеуін де қолы қысқа кедей етіп, ғұмыр бойы тарықтырып қойыпты. Сол заманда осы өңірдің қылышышан қа тамған қаһарлы жасамыш хан Ми-Лау билеп-төстеп тұрған екен. Сәннәт пен Зәннәтқа бұйрық етіп , бар жұмысты тастап, осы ұлымды өздеріңнен асқан зергер етіп шығарасыңдар, сонда ғана тіршілік етесіңдер, үйрете алмасаңдар, құлықсыз болсаңдар, екеуіңнің де бастарың алынып, қазыққа ілінеді деп шарт қояды» (С. Жүнісов).
5-жаттығу. Төмендегі сын есімдерді мағынасына қарай талда

Орташа келген қырлы мұрын енді көрінді. Қырынан қарағанда , бір түрлі сүйкімді екен. Жұмсақ, жұмыр иегінің астында жұқа ғана бір толқындай болып, нәзік бұғағы білінеді. Жылтырап таралған шашы қап-қара қалың өріммен, ерекше аппақ, нәзік мойнына қарай құлап түсіпті. Үлкен де, кіші де емес, әшекей сырғасы діріл қағып, дамыл алмай, сілкіне түсіп тұр.

Қарабастың өткір сары пышағы қыстан қалған семіз жаяны да, алтындай сары уілдірікті де лып-лып сызып, жапырақтап жатыр. Жалғыз сұр емес, сары ала қып асқан екен (М. Әуезов).

Үлкен қара үйдің іші ертедегі байлықтың қазіргі күндегі жұтау кедейліктің жайын айтып тұр. Ең алдымен бұл – киіз үй біткеннің ішіндегі ең жыртық тесігі көп үй. Бес-алты уығы алақандай жалпақ, бір кезде сырланғандығы, зерленгендігі байқалады. Өзге уақыттары қырық ру – бірі жіңішке, бірі иінсіз, шаңыраққа тік тіреліпті. Тағы бір бес-алты уықта жосаныың ізі де жоқ, ыстың ізі ғана бар. Аңырайған іргеден бір төрт көз қара ала ит кіріп келе жатыр. Оң жақ босағада, аласа жүкаяқтың үстінде темірмен белдеуленген аруақты бір ескі сандық, бетінде екі-үш жерде ғана сүйектелген, өрнектің ізі қалған ескі кебеже. Көрпе-жастық дегеннің ізі байқалмайды. Екі басы қайықтай қақырайған ағаш төсектің үстінде сырмақ сияқты, құрамыс көрпе сияқты бірдемелер қоқып жатыр. Төр алдында тай, тайынша, ешкі – лақ терілері шикі күйінде төселген. Бір кезде көк сауырлатқан, күмістеткен үйрек бас ер осы үйдің төріне мың жыл бұрын ілінген күйі қала бергендей, қаусап тұр. Таралғылары қырқылып, күмістеткен үзеңгілері үзіліп түскелі тұр (Ғ. Мүсірепов).



6- практикалық сабақ.

Тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты: Сан есім туралы жалпы түсінік. Сан есімнің мағыналық топтары. Дара және күрделі сан есімдер. Сан есімнің синтаксистік қызметі.

Студент нені меңгеруі тиіс: Сан есімнің өзіндік белгілері. Сан есімнің мағыналық түрлері мен синтаксистік қызметі.
1-жаттығу. Берілген сөйлемдерден дара және күрделі сан есімдерді анықта, жасалу ерекшелігін түсіндір.

ә) Сан есімді тауып, синтасистік қызметіне қарай талда.

Біздің жыл санауымыздың үш мың жыл бұрын ағаларымыз қоныс еткен қазіргі Ақмола территориясы – тарихи талай оқиғалар мен арпалыстарды бастан өткізген қасиетті өлке.

1830 жылы Омбы облысының жері сыртқы және ішкі округтік деп жіктеліп, Ақмола орталық қала болып белгіленді.

1994 жылы шілде айында ел басының ұсынысы қолдау тауып, ел астанасын Ақмолаға ауыстыруға шешім қабылдады.

1997 жылы 10 желтоқсанда президент бастаған көш Алматыдан Ақмолаға аттанды.

1998 жылы 6 мамырда президент Н.Н.Назарбаев “Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы деп аталсын” деген тарихи жарлыққа қол қойды.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Осыдан он бес, жиырма күн кейін Абай мен Ербол да елге қарай келе жатты. Үш мерген құс атуға шығып, күні бойы жүріп, жалғыз шүрегей атып алады. Елге қайтпай екінші күні тағы құс атпақ болып, көлдің басына түнемек болады. От жағып, шәйнекті отқа қойып отырып, үшеуі шүрегейді қайтеміз деген сөзге түседі.
2-жаттығу. Мәтіндегі сан есімдерді тауып, олардың мағыналық, тұлғалық ерекшеліктерін ата.
Сағаттың беті дөңгелек ақ нәрсеге істелген. Бетіне айналдыра 1-ден бастап 12-ге дейін сипыр (цифр) жазылған. 12 сипыр 12 сағатты көрсетеді. Сипырлардың аралары сызықшалармен беске бөлінген. Сағаттың бетін айналып жүретін екі тілі бар. Оның біреуі қысқа. ( А. Байтұрсынов).

Астына мінгені - өзі жасаған бұрандалы ағаш ат. Гүлсәнәнің басына кигізгені – жеті өзен жұртының үлгісімен тігілген қалыңдық сәукелесі. Бір жыл бойы таулар мен өзен, көлдерді ұйқы-күлкі көрмей тынымсыз аралап, бай өлкенің асыл тастарынан өзі қашап, өзі мәнерлеп жасаған бұйымдары, жүргізген зерлері саф алтын от бүркіп барады. Ми де күміс күймесіне кірі ең жүйрік деген қырық малайына төрт жағынан кезекпен-кезек көтеріп, алыста жарқырап кетіп бара жатқан екі жастың соңынан қуып береді. Аманай шыққалы бірінші рет оойға қалып, әжесінің мына қылығына таңырқап келеді. Томар-Омар - екі аяғы бірдей тзесінен жжоғары кесілген мүгедек шал. Жеті таудың ар жағындағы жеті елге де жете алмадық. Бұл сұмдықты қараша тау бөктеріндегі қарасы жиырма шақты үйлі шағын ауыл келесі күні білді. Дәл кемпірге ұқсап кішілеу екі қоржын асқан бала соңында. Екеуі де үнсіз. Он төртінде дөп-дөңгелек болып мінсіз толған ай иыққа көтерілгенше жүрді (С. Жүнісов).


3-жаттығу. Сан есімдерді теріп жазып, құрамындағы қосымшаларға талдау жаса.

Он екі сом елу тиын сұраймын. Бере жерім - он екі. Он екіден бір тиын кем сатпаймын, - деп қасындағы сиыр сатушылардың саудаласу әдісін қағып алып, бездерін тұрып алған еді. (Х.Е) Отырғандар ендігі әңгімені Мәдиден күткенде еді, екінші бір жігіт кішірек қызыл домбыраны үйге кіргізіп, өзінің қолы жететін жерге сүйеп кеткенін байқағанмен, Мәди оған ұмтылған жоқ, сәл күлімсіреп сөзін бастады (Қ.О). Өздеріне ағайын-туыс боп келетін үш-төрт жас келіншектерді де бірге әбігерлендіріп жатқанын естиді. Оспанды 1959 жылы көктемде қайын жұртыма барғанда көргенмін. Сол кезде Балқадишаның жиырмадан жаңа ғана асқан шағы екен.


4-жаттығу. Сан есімдерге мағыналық топтарына қарай талдау жасаңыз.

Біреулер саптамасын мақтап жатқанда, екіншісі жайнамазын: «Құдірет күш иесі Бұхарадан шыққан» деп дәріптеп тұр. Үшінші біреу, шекпенді сілкілейді. Керкілдескендер бірін-бірі жұлқи тартып, шаппа-шап қол соғысып, қайта ажырасып, қайта табысады. Енді, міне, екі әншә өзімен-өзі жеке отырып, мұңдарын шағысып, көп жайды ойлап, әрнеден түңіліп не замананы, не адамдарды жазғырарын білмей тұйыққа тіреледі. Екеуін де өмір қыспағы қинайды. Бұл арада отбасында үш бұлжымас ереже орын алды. Біріншіден, егер бірдеңені жасауға болмайды екен, онда ол жасалмауға тиіс. Екіншідер, балалар неліктен істеуге болмайтынын түсінуге тиіс. Және үшіншіден, үлкендер де, кішілер де орнатылған тәртіпті бірдей дәрежеде жақтауы керек. – Ар жағында емес, сол жеті өзеннің бойына қоныс тепкен жеті рулы ел бар. Бұдан елу жыл бұрын – мың да тоғыз жүз отызыншы жылдың жаз айы – мамырдың орта шені болатын. Күні бойы жүріп жырынды аңшылардың атып алғаны – бір кекілік, екі шіл. Жаңа ғана бұғақ пайда болып, сәл толыса бастаған жиырма екі, жиырма үш жастағы қыз аппақ сүйріктей саусақтары майсыа құстың жүнінжұлып отырды.


7 - практикалық сабақ.

Тақырыбы: Есімдік.

Сабақтың мақсаты: Есімдік туралы жалпы сипаттама. Есімдіктің өзіндік ерекшеліктері мен мағыналық топтары. Морфологиялық ерекшеліктері, синтаксистік қызметі.

Студент нені меңгеруі тиіс: Есімдіктің өзіндік ерекшеліктері мен мағыналық түрлері мен түрлену жүйесі.
1-жаттығу. Мәтіннен есімдікті тауып, жасалу жолдарын түсіндіріп, есімдіктің қай мағыналық тобына жататынын дәлелдеңіздер.

Өмір- саты, біреу өрге жылжиды, біреу төмен сырғиды. Мына жұрттың таңдайын кептіріп бара жатқан шөлді ешкім сезбейтін сияқты. Тас төбеңде қайнаған күн қызуы да бұған өшпейтіндей. Әлдекімнің рахаты, әлдекімнің қызығы, сайраны үшін болар. Әрқашан жан күйер жауын қабырына ыстық-ыстық жастар төгеді. Абай өзіме бірдеме айтпақ па екен деп те ойлады. Құнанбай естімеген сияқты ешбір белгі бермеді. Бірақ әкесі мен өзге ешкімге қарамастан, келе Абайды құшақтай алды. Әркімде жалда жүретін бір шал жиені Жәмпейісті өз қолына алып еді. Әлдеқалай жел ұшырып түсірген шөп-шалам болса, оны алып тастайды. Ол Борсаққа әлдеқандай көрінгенмен, өзге жұрттың келесінде бұта құрым болатын. Әрқайсысы да осы ойдың соңында еді.Осыдан соң барлық үлкендер қауырт көтеріліп, шығып кетті. Сырт киімін Абай өзі шешіп еді. Бар жолдастарымен қонақ етіп, құрбыдай күтті. Өзің осы жолы сыншы болып қайтыпсың. Мұнда барлық ел боп қуанып қарсы алды. Барлығының аузында бір жаңалық. Бір өзінен басқа ешкімге мәлім емес. Бөжей маған қақпан құрғанын қойсын! Біреудің сыртын бетке ұстап жүріп, маған арнап оқ атқанын қойсын! Енді осыдан қоймайтын болса, атқан оғын аямасын, тегіс атсын! Бірақ қашан айттың демесін! Ендігі керді тап өзі көреді. Өз басы көреді! Ара ағайын сен емессің. Саған сынататын сөзім емес. Бар, айт осынымды!


2-жаттығу. Жіктеу есімдіктерін тауып, мағынасындағы, түрленуіндегі ерекшеліктерін байқа.

Ол Біржан ауылында бұдан бұрын да талай рет болған-ды. Бұл сапар ол тағы да Шорман әулетінің қуғын-сүргінінен қашып, Көкше жақты сағалап, Біржанға кеп ат басын тіреген. Сен бұл әнді Сегіз серінің өзіне бір-ақ рет тыңдадың. – Ойбай, мен ол жағының маманы емеспін, ғылым докторымын, деп одан әрең құтылдым. Менен басқалары әзер шыдап жүр екен, іліп әкетті. Менің адал серігім болды, бәрі де менің тәрбиемді көрді. Олар көбінесе Күреңді ерттелген күйінде Үйтастың ішінде өздерімен бірге сақтайтын. Мен «Ол бекер» дегендей енжар көңілмен басымды шайқадым. Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімдікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз.


3-жаттығу. Үзінділерден есімдіктердің қандай мүше болып тұрғанын анықтаңыздар.

Осыдан бірер сағат бұрын менің тереземнің алдынан өтіп кетті. Мына жау жжағадан алып жатқан кезде ол бізбен құда болу үшін келген жоқ. Өзің айтқан папаңды қаладан шығарып әкетуің керек. Міне, сені сол үшін шақырттым. Бәкеңнің өзі қай жерде, кімнің үйінде қазір?-деп сұрады, Әбдірахман Шамшильден. Осыдан соң барлық үлкендер қауырт көтеріліп, шығып кетті. Қанша күннен бері соңында үн-түнсіз жортып отыратын жігіттердің арғы жағындағы ойын біле алмай дал. Қалау бұл жолы да басын көтермей, тек астынан күңкілдеп бірдеңе деді де, үні өшті. Болыс ағасы өлгелі бұрынғы мінезінің бәрі қалды. Онан кейін де балықшылар ауылымен ашық тартысқа түсіп, Кәленді ұстатып, өзіне қарсы келгеннің бәрін құртты. Мына жұрттың ьаңдайын кептіріп бара жатқан шөлді бұл сезбейтін сияқты. Тас төбеңде қайнаған күн қызуы да бұған өтпейтіндей (Ә. Нүрпейісов).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет