Сабақ тапсырмаларына әдістемелік нұсқау Шымкент-2010


-жаттығу. Сөйлемдердегі етістіктерге жалпы талдау жасаңыздар



бет4/4
Дата25.12.2016
өлшемі0,59 Mb.
#4891
1   2   3   4

8-жаттығу. Сөйлемдердегі етістіктерге жалпы талдау жасаңыздар.

Қазыбек аты әйгілі боп тұрған шағында еліне жайлы қоныс іздеп, Сарыарқаны шолып қайтуға кетеді. Соны сырттан естіген қалмақ Қоңтажы дереу қалың қол аттандырып, Қазыбекке қараған елді шаптырып алады. Ханның қолы малмен қоса жүзге тарта ер балаларды да байлап әкетеді. Олардың ішінде Қазыбектің өз баласы Қазымбет те кетеді. Өйткені Қазыбектің тұқымынан біреуді қайтсе де байлап әкелу жөнінде ханың тікелей тапсырмасы болған деседі. Сарыарқаны қоныстыққа ұнатып елге қайтқан Қазыбек шабылған елін көрген соң өзі басшы болып қалмақтарға екінші рет жол тартыпты.

Он төрт жасар бала күннің өзінде-ақ нелер тапқыр сөздер айтып, бетін қайтарып тастаған Қазыбектен жасқанып, Қоңтажы хан бітім жасауға көнеді. Сонда ханның көздегені – Қазымбетті қайтармау екен. «Тірі емес» деп балаға құн төлеу ниетін білдіреді. Сонда Қазыбек тұрып Қоңтажыға: -Жұмыр басты, екі аяқты адамның өзін қайыр! Төрт аяқты малымның көзін қайыр. Ерім үшін құн алмай өлісемін, бозымның көзі жоқ болса, екі есе құн аламын. Бұл айтқаным болмаса, тал түсте талап алам!-дегенде Қоңтажы: -Қазыбек би, ерің үшін құн алмай өлісемін дегеніңді жөн дедік. Ал бозымның төлеуін екі есе ғып аламын дегеніңе жол болсын!-депті. Сонда Қазыбек: -Бозымның төлеуі екі есе болатын себебі: белеңнен шыға келген қалың топтың ішінде оның жарқ еткен айбыны Қоңтажыдай жанды да сескендіреді. Төлеуі толық болса, ендігіде есте жүреді, -дейді. Сонымен Қазыбек бұл жолы да шапқыншылыққа түскен балаларымен қоса малдың көзі барының көзін, көзі жоғының толық төлеуін алып қайтады.

Үшінші билігі, осы бітімнен қайтып келе сала Қазыбек елін Сарыарқаға көшіріп, бұл жерді атамекендік қоныс етеді (Шешендік шиырлар).



12 - практикалық сабақ.

Тақырыбы: Үстеу.

Сабақтың мақсаты: Үстеу туралы ой-пікірлер. Үстеу, оның мағыналық топтары. Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері. Үстеудің синтаксистік қызметі.

Студент нені меңгеруі тиіс. Үстеу, оның семантикалық сипаты мен мағыналық топтары. Сөйлемдегі синтаксистік қызметі.
1-жаттығу. Негізгі, туынды үстеулерді ажыратып, туынды үстеулердің қалай жасалғанын талдаңыздар.

Ертеңгі құйрықтан, бүгінгі өкпе артық. Ерте шықсаң алдыңнан күн шығар, кештеу шықсаң алдыңнан түн шығар. Баяғыда атқа міну тойы баланың мейілінше әжетке жарап, тысқары еңбекке араласуы азаматтықтың басы деп ұққан. Осылай балаға да үлкен ой туғызып, тез сөйлесуіне әсер еткен. Шақыру мен Оспанның жылын беруді Абайдың жалғастыра айтқанын Дәрмен өзінше түйді. Жал-құйрығы сүзілген бәйгелер де кйікше басып, ойқасып шықты. Орысша оқуға Сахара елінің балаларын беруге ата-аналарының санасында өзгеріс қандай, жаңғыру қаншалық, осыны да білгісі келеді. Қаланың шеткері жағындағы жұмысшы асханаларының бірі еді. Бір мезгілде Бәтес орнынан тұрып, жаңағыларша етегін сипай қаққыштап, менің қарсыма шықты. Анаға өзімше бірқатар тәтті сөздермен баласының қазасы үшін қайғылы көңіл айтып, жұбатқан болдым. Бағана көңілін алаңдатып, алабұрта берген ой әлсін-әлсін қабаттасып келіп, тосыннан киліге жөнелді. Өзеннің суын жаңбырша шашыратып, арғы бетке барып бір-ақ тоқтады. Әр есіктің алдында бір-бір қазақ ошақ таңертеңнен қара кешке дейін дамыл таппай түтіндеп, бықсып жатқаны. Қабырғада бүркітше қомданып, қарғитын аңша жиырылған шалдың бейнесі абажадай боп дірілдеп тұрды.


2-жаттығу. Үстеулерді тауып, мағыналық топтарына жіктеп көшіріріңіздер.

Қазақ жерінің батысынан бастап шығысына дейін жетіп, енді оңтүстігіне иек артып қалған қалалар бар. Қазақ соғыстарында жаралану көп те, өлім аз болады. Төрде отырған кенесарының елшісі, Тілеуімбет би мен Жайна батыр, тағы бірнеше адам -- бәрі де тұра келіп амандасты. Олар әрі аға сұлтанды қорғаушы, әрі тырп еткізбейтін бақылаушы болатын. Бірақ, шын айқаста бұларға қарсы тұру қиын сияқты. Екеуі бір теңгелік күміс, екеуі бармақ тырнағындай ғана алтын жамбы. Осылай үш қайырысқаннан кейін Жанай мерген садағын оқтап ата берді де, оң көзіне қонған шіркейді қағып жіберіп, шіркей шаққан жерін сипап-сипап қалды. Есеней тобының қаша жөнелгенін таныған соң жеңіле берген жау ес жинап, ерленіп кетіп еді. Орысша жақсы білетін сияқты. Кенжетай – Есенейдің әрі атшысы, әрі имамы, анығырақ айтқанда, сыбыршысы-суфлері. Есеей таң намазын әлдеқашан оқып қойса да, намазға қайта тұрады. Шешесі Несібелі сұлу да сүйкімді кісі еді, соған тартқан ғой. Есеней би болған соң ол да би болдыға санап, ел ішін бүлдіріп болды (Ғ. Мүсірепов).

Бірақ, кісі көзінше айту қайда, құрғыр, өзін кім жек көреді. Анда-санда ойын-сауыққа, қонаққа барарда ғана айнаны еске аласың. Тап бұрын елемеген бетаныс бір оқпақты тағы тауып, түлкі қуған аңшыдай із кестім. Кейде осылай басынан сөзді асырып жіберіп, оңтайына келгенде, жамбасқа сап, оңдырмай соғатын әдеті бар-ды. Күннің көзі көкжиектен әрі асып, төмен түсіп, біржола батты. Бұл ауданда әзірше сырласар бір ғана адамым бар. Осы биылға шейін өмірім өзеннің ағын суындай бір арнамен аға берген. Мыналар ертеңге шейін отырады. Шешеме кешірек қайтармын дедім. Жоғарыдан бетіме бірдеме торс ете түсті. Қасым ертеңінде өрген қоймен бірге оянды. Қадиша орнынан кент тұрды.
3-жаттығу. Үстеудің түрленуіне талдау жасаңыздар.

Сезімнің сыртқа шықпас түсі бар ма ?

Оны жасырар адамның күші бар ма ?

Біреу күй, біреу пішін, біреу сөзбен,

Көрсетпейтін жүректің іші бар ма ?

Күн сайын жазғытұрым шыққан гүлдей,

Жақсы түрге кіремін өзім білмей.

Сондықтан көңілім шат, жүзім нұрлы,

Келіп сәуле шашамын жазғы күндей.

«Асығыс жоқ, мен әлі жетем» деймін,-

«Дәл бүгін жетедім деу бекер» деймін.

«Сондай бақыт табуға мен әуелі-

ондай бейнет һәм еңбек етем» деймін.

Ақтайтындай дүниеге келісімді,

Асыққандай беруге жемісімді,

Күн сайын өсіп барам, толы барам,

Ақтасаң, дүние, осы сен ісімді (С.Торайғыров).
4-жаттығу. Мәтіндегі үстеудің синтаксистік қызметін анықтаңыздар.

Бұл бағана кеште Құнанбайдың қасында тұрған қаба сақал, қара Қамысбай еді...

Бұрын ондай сөздеріне Абай араласып та, тыңдап та көрмеген. Бүгін бірінші рет әдейі алғызып отыр. Абай мен Жиреншенің бүгін бұл бәленің үстінен шығамыз деген ойы жоқ болатын... Таңертең Абайды ертіп кеткен Жиреншенің қайда екенін Ұлжан білмеп еді... Сондай шеше әңгімелеріне бар бейілін беріп жүрген күндердің бірінде бұл үйге бөгде қонақ келді...

- Ал, балам, әжең мен екеумізді қажай беруші едің, әңгіме-жыр дүкен міне, жаңа келді. Мына кісі Барлас деген ақын!-деді... Барлас іле сйлеп кететін жарқылдақ ашық. Осы үйде талай күннен жатып жүрген, ауыл адамы сияқты. Үй іші тегіс қош алған соң, екі ақын оңай шешілді. Осы түнде ас піскенге шейін Барлас «Қобыланды батыр» жырын жырлады. Күндіз де, түнде де Барластардың қасынан шықпайды. Екі ақын Ұлжан үйін барлық осы ауылға қан базарындай қалың жиын үйі қып жіберді. Бие байлап болғаннан кейін, түске жақын, ауыл қымызға жиылады. Күндіз ылғи ұзақ жырлар жырланады. Немесе әредікте шешендер, ділмарлар айтқан тақпақ, тартыс, билік даулар айтылады (М. Әуезов).

Әрқашан да осылай, ешкім сенбейді маған. Кеше жауабын берем деп уәде еткен едім. Қадиша киініп те үлгерген, қайтуға әзір тұр екен. Зорға шыдап, қиналып жатқан адамның кейпі бар. Мен балаша сақ-сақ күлдім.
Тапсырма.

Септеліп, көптеліп тұрған үстеулерге мысалдар теріп жазып, түрлену себебін түсіндір (15 сөйлем)
13 - практикалық сабақ.

Тақырыбы: Еліктеу сөздер.

Сабақтың мақсаты: Еліктеу сөздердің өзіндік ерекшеліктері. Еліктеуіш, бейнелеуіш сөздер. Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты, синтаксистік қызметі.

Студент нені меңгеруі тиіс: Еліктеу сөздер, олардың ерекшеліктері мен түрлері.
1-жаттығу. Дыбысқа еліктеуіш сөздерді бір бөлек, бейнелеуіш сөздерді бір бөлек теріп жазыңыздар.
Оған жалт етіп қарамай тұра алған жоқ. Сейіт күтпеген сөзге селт етті. Сейіт деген дауысқа селт етіп, жалт қарады. Гүрілдеген сөз біздің кішкентай құрған жаңа отауымыздың түңлігін желп-желп еткізеді. Сол-ақ екен жанама бойында гу-гу, пыш-пыш әңгіме қоздап, сыпсың өсек, өрттей лаулап жүре берді. Аяғында гүрс-гүрс еткен керзі етігі бар. Жаяу-жалпы, сан-сапалақ жұрт та тапыр-тұпыр етіп, ұбап-шұбап ағылып жатыр. Шегебай ауласы даң-дұң шуға толып кетті. Бірінің айтқанына екіншісі құлақ түрмейді, шарт-шұрт. Мұндайда сөзі дайын тұратын Сарқыз шап ете қалды. Кешке қарай Рахымның бүкіл денесі дел-сал. Күнде дірдектеп, бүрсең қағып,базар басына бір соғады. Арт жағында жол бойында қыбыр еткен жан жоқ, тым-тырыс. Бала аяғын тыпың-тыпың еткізіп, сүйрете басып, қасында сөлпеңдеп ілесіп келеді.

Мәтке ағашы әлі де болса, мықты екен, сықыр-сықыр етіп, орнынан қозғалмайды.әлден уақта арғы жақтағы бөрене басы жайлап барып,жерге гүрс ете қалды.Тар бөлменің іші бұрқ етіп, шаң- тозаңға

толып кетті... Рахымның да екі иығы ауырып, сал-сал болып салдырап қалыпты. Қойқаң-қойқаң етіп, қораны екі-үш айналып шықты. Таңдайын Тақ-тақ еткізеді . Зірк-зірк етеді. Баж-баж етіп, күйіп піседі. Содан бүкіл денесі мылжа-мылжа, сал-сал болып, әзер жетті. Ісінің бәрі осылай далаң-дұлаң, ойланбай істейді. Көрші-қолаң, жекжат-таныстар ұбап-шұбап келіп жатыр.
2-жаттығу. Еліктеуіш сөздердің қолданыстағы қызметіне талдау жасаңыздар.

Есік жақ тықыр ете қалып, біреу кіргендей болғанға, Гүлшат па деп, елең ете қалып еді. Гүлшаттың ызыңдаған даусы емес-еміс естіледі. Рақым өзіне-өзі разы болмайды, дел-сал күйде жүр. Солардың бұлтаңдаған қылт етпе мінезінен тайсақтап, райынан қайтты. Тамағын апыл-ғұпыл жеп, жұмысына асықты. Тастан-тасқа ырғыған ат дүбірінің өзі-ақ маңайды жаңғырықтырып, үрейлі айқайға ұласқан тасыр-тұсыр жер-көкті көтеріп тастағандай болды. Аяғында гүрс-гүрс еткен керзі етегі бар. Жаяу-жалпы сан-сапалақ жұрт та тапыр-тұпыр етіп, ұбап-шұбап ағылып жатады. Үйдегілер тегіс есік жаққа қарап, елең ете қалысты. Ақлима шаңын қағып, бұлқан-талқан болып сілкініп қалды. Шегебай да қанын ішіне тартып, қалш-қалш етеді. Тайынша тайғанақтап барып, тыраң ете түсті. Шегебай зілдей саптама етегімен сылқ еткізіп теуіп оятты. Өрт шарпыған ағаш үйдің ішінде шыр-шыр етіп, әйелі, жалғыз баласы қалған. Бермеймін демеймін-ау, салдыр-гүлдір жүрісіңнен қорқамын. Аюкеніме оңашалана бергенде, күңк ете қалып едім, шоқ басқандай зыр ете түсті. Аюкенім бетін жастыққа басып, солқ-солқ жылап жатыр. Қазақ шымыр-шымыр қайнап жатыр. Мырс-мырс күлді бастығым. Жүрегім зу ете түсті, суық тер бұрқ етті. Ол әуелі сылқ-сылқ күледі.



14 - практикалық сабақ.

Тақырыбы: Шылаулар

Сабақтың мақсаты: Шылау сөздер, түрлері. Жалғаулықтар, олардың өздеріне тән грамматикалық қызметі. Септеуліктер, олардың грамматикалық мағыналары. Демеуліктер, олардың түрлері.

Студент нені меңгеруі тиіс: Шылаулардың өзіндік ерекшеліктері, оның түрлері мен өздеріне тән грамматикалық ерекшеліктері.
1-жаттығу. Мәтіннен шылауларды тауып, олардың түріне қарай ажыратыңыздар.
Бес күндік өмірің бар, ма жоқ па? Біріңе-бірің қонақ екенсің, дүниеге де қонақ екенсің біреуің бағына, малына күндестік қылып, я көрсе қызарлық көз алартыспақ лайық па? Тілеуді құдайдан тілеймін,пендеден тілеп, өз бетімен еңбегімді жандыр демей, пәленшенікін әпер демек ол құдайға айтарлық сөзбе? Ұлттық сезім дегеніміз адамдардың туған жерге, өскен елге, ана тіліне ұлттық салт-дәстүрге деген сүйіспеншілігін білдіруі ғой. Ұлттық сезім тек қана ұлттық эстетика,әдеп, парасаттылық және күнделікті өмірдегі талғам мен сезімнің жиынтығы-көркем шығармалар арқылы көрініс береді. Мұның бәрі кімге айтылып жатқанын Сейіт енді ғана ұққандай, Омардың артына қарай жантая кетті де, бүйірінен бір нұқып қалды. Түр-тұлғасынан-ақ белгілі емес пе ? Әдіс алып қалған жұрт жолдан тез бұрылып, сай-жыраларға қарай, ағашқа қарай кетіп барады. Антон, өзі мына тұр ғой, осы-ақ айтсыншы. Қала көзіне түспеу үшін, Ушаков Игілікке жаяу келіп еді. Емен шаң-топырақтан көрінбей бір кетті де, аздан соң бар жапырағынан бірақ айрылып, сорайып қалды. -Сіз тыңдасаңызшы әуелі, екі-ақ метр деп тұрмыз ғой. Келер күндер көз алдына осынша-ақ айқын елес берсе де, Ушаков ашық алысуға кете алмайтынын сезді.
2-жаттығу. Көп нүктенің орнына төмендегі шылаулардың тиістісін қойып, жаттығуды орындаңыздар.
1. Өзге жұрртан... носилканы көбірек көтерген Ержан болды. 2. Көп ұзап, ентігін басқан..., кейінгі жақтағы атысты естіді. 3. Жолды көрген... қорқып, бір бүйірге жалт береді. 4. Кешеден... немістердің шабуылы бәсең тартты. 5. Панфелов Москва түбінде немістерге... соққы дайындалып жатқанын сезді. 6. Сонысына... бетінен де қайтпайтын мінезі бар. 7. Ержан Раушанның өзімен... боғаныны риза. 8. Жұрттың бойында осы күнге... бұл байқамаған ерекше қайрат пайда болыпты. 9. Батыры өліп сағы сынған жау одан... төзбей, қаша берді. 10. Танктер де бірінен... Бірі өртеніп, азайып барады. 11. Осылай азғана жатқаннан... көңілі оянғандай болды. 12. Сырласқан..., ымдасқан... өзгере береді. 13. Содан ... оған шақырайған күн, сақылдаған аяз болса да, сөйлеушінің жалаң басы тұруы парыз... еді. 14. Содан ... бір жыл өтті. 15. Шолпанда үн жоқ, ақырын үйге... жылжи түсті.

Шылаулар: соң, сайын, гөрі, бірге, қарай, қарсы, дейін, тәрізді, әрі, кейін, бері сияқты.



3-жаттығу. Септеулік шылауларды тауып, олардың қай септіктегі сөздермен байланысып тұрғанын анықта.
Жігітті басынан аяғына шейін барлап, жітіқарай бастадым.Екі күн өткен соң, ауыл Көлқайнардан Шыңғысқа қарай көшті. Бірақ ілгері жүріп, Тобықтыға қарай басқан сайын, осы жетек жүзге тарта болды. Содан бері жортып тұрмын. Ендеше, Қатпа үшін бұл да қолайлы. Сәдуақас қонақтар жайланғаннан кейін ғана келді. Біздің үйдің ығына қарай беттедік. Қыстауға қонғаннан бері, кеш сайын Абай ешкімге білдірмей, елеусіз ғана әжесімен оңаша қалады. Малы биыл Қоянды жәрмеңкесінен кейін тіпті көбейген. Бұланбай үйге көтеріп әкелгеннен кейін де, көпке дейін дыбыс бере алмады. Одан бері де Құсбектей төре Алшынбайды өкпелетіп алған соң, аға сұлтандықтан айрылған. Ұлы күн шығардан бұрын да жарығын түсіреді. Сіз Қатпа деген адам туралы ештеңе естідіңіз бе?
4-жаттығу. Демеулік шылауларды тауып, мағынасына қарай топтар жазыңыздар.
-Қызметін істесе де, қарайласқысы келмегені ғой! Мұнда сағат қана емес тарихтың өзі де жылжымай жатып алғандай ғой. -Әй, Мәкіш-ай, өлеңім менің желге кетіп жүр ғой. –Құлыным-ау, кәрі әжең панаңа келді-ау. Пана бола аласың ба, кішкентай қозым, Кәрімтайым-ау. Бетінде азғантай ғана құрым белгісі бар. –Сен ше? Осы-ақ қорлап түбіме жететін болды-ау. Маңдайын ой соқасы тілімдеп тастаса керек-ті. Ол бір оқиға соғыс біткеннен кейн іле-шала болған-ды. Амантай өз ойын Қайырға әлдеқашан-ақ айтып қойған ғой. Шын айтып тұр ма, әлде тағы да бір құрған қақпаны ма? –Есебі көзіме түскен жоқ па дегенім ғой. Ағытылып қашты ма, жоқ біреу ұрлады ма? Мәліктің аудан орталығының оралғанына жарты-ақ сағат болған-ды, жуынып, киімін ауыстырып жаңа Раушан екеуі тамақ ішейін деп отырып жатқан. Түсің бұзылып тұр ғой. Екі-үш күн қиналып, жеттік-ау. Діншіл болды ма, жоқ па?
5-жаттығу. Жалғаулықтарды мағынасына қарай топтаңыздар.
Бірақ Шымырбайдың қойшы дген аты ғана . –Бөлмелеріңіз жақсы екен, бірақ ыстық қой өзі,-деді. Өйткені, ол ширақ басып, сәл ілгерірек келе жатты. Оның мойны бір ғана елідей тым қысқа еді. Сондықтан үлкен семіз кеудеге саптап қойған жұмыр шар сияқты болатын. Біресе жүзі сұрланып, көк көзі жарылып кететіндей шатынап, біресе құлағына дейін қызарып кетеді. Сондықтан болу керек атын дамылсыз шаужайлап, ерінің қасын сығымдап ұстай береді. Ол өзінің сезіп-білгндерін, сол үшін қатты ұялғандығын, жұмысшы табының алдында Сейіт үшін енді ұяла алмайтындығын бірде зәрлі, бірде назды нақышпен айтып шықты. Абай мен Ербол енді жүрмек боп, киіне бастады. Құнанбай да тысқа шықты. Шығымысен Абайды шақырып алды да, жақын жержегі төбешікке кеп отырды. Әке мен бала оңаша. –Телі мен тентек қайда болса да, бар болатын. Құнанбай, Бөжей мен Түсіп өзі ұры ма еді?

Тапсырма

Септеулік шылаулардың сол тұлғалас үстеулерден айырмасын дәлелдейтін мысалдарды өз беттеріңмен көркем шығармалардан теріп жазып, оларды салыстырыңдар. (15 сөйлем)
15 - практикалық сабақ.

Тақырыбы: Одағай

Сабақтың мақсаты: Одағай сөздер, түрлері.

Студент нені меңгеруі тиіс: Одағай сөздердің өзіндік ерекшеліктері, оның түрлері мен өздеріне тән грамматикалық ерекшеліктері.
3-жаттығу. Одағай сөздерді тауып, олардың басқа сөз табынан ерекшелігін ата.

----- Бәрекелді, Әтешім!

----- Түу, сөз бар ма? Осы күнге дейін таппай жүрсің қап мені, қап.

----- Еһе – е ! – деп қойды, бір жерінде үнін мұрнынан шығарып.

----- Иә, Сейіл , солай.

----- Уф-ф- деп, күрсінді Кежебек.

----- Иә, ие!- деп, шу етті студенттер.

----- Жә, енді біз төсек жайлаймыз.

----- Уай, балам, әкең осы Бетқұдықтың мәні-жөнін ұғып, түбін тексерді ме екен?

----- Апыр-ай, ата қонысым еді.

----- Ойбай, бауыре-ем! Ойбай бауыре-ем, -деп, ат қойып келе жатыр.

----- Ой, ұқсамасаң, тумағыр!

----- Уа, қой деймін, бала!

----- Әй, шырағым, балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер!

----- Е, жақсы боп қалды.

-----Уа, кет, жоғал!

-----Иә, мен көк төбет болсам, сендер көп итсің!
4-жаттығу. Сөйлемдегі одағайлардың морфологиялық ерекшелігін ата.

--- Әттеген-ай, көре алмай қалдым-ау. Бір қарыздан құтылғанына “уһ” дегендей боп, Күңкені ертіп, Байқошқарға қайтты. Бір қора қойды жалғыз қойшы “айт” десе, жусататын болған. Бертін келе, ел түйе сияқты болды. Алдына тас лақтырып, “шөк” десең, ақырып барып қана, бұрылады. ( М.Ә).

― Ойпыр-ай, өзімдікі болса игі еді... ― дедім, сасқанымнан. ( М. Ә.).

― Уа, қариялар, дедім, бұл дүние пәни кімге опа қылған! (Ә.О.).

― Охой, деген-ай десеңізші, деп күрсініп қойды Зәкең, шелпектен көмейіне бір тығып жіберіп. (Ә.О.).

― Қап, мұныңызды білгенде, басқа бірдеңе болмағанда, қаймақ қайнатып жіберетін едім ғой, деді, келіншек. (Ә.О.).

― Әттең, не керегі бар. (Ә.О.).

― Апыр-ай, Күлпаш-ай, о не дегеніңіз (Ә.О.).


5-жаттығу. Одағайлардың тыныс белгісін қойып, мәтінді көшіріңіздер.

― Шеше-ау үсініп қала жаздапсыз ғой, түу пешке, пешке таман отырмасаңыз болмайды екен. (Ә.О.).

― Шіркін не керек әттең-әттең естімедім-ау. (Ә.О.).

― Апыр-ай енді неістеуім керек, ренжітіп көңіліне қаяу салып алдым ба қап. (Ә.О.).

― Уа енді не қыл деп отырсың? деді. (Ә.О.).

― Ех мен кетем десем! (Ә.О.).

― Аха бұл күндіз осы маңда болады екен. (Ә.О.).

― Қап мынаның баласы! ( М. Ә.).



― Әй бала! .. Әй сен өзің? деп, тұрып, дауыстап мен бе екен? Ер болсаң, әне, әкең!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет