Сайысымыздың 3-ші шарты бойынша «Өнерлінің өрісі кең» өнер сайысы.
Екі топтан бір өнерден айтылады. Әділқазылар алқасынан топтардың бағаларын сұрайық.
Сайысымыздың 4-ші шарты бойынша «Кім жылдам» сайысы.Бір сөзден бірнеше сөз шығару.
Әр топқа өз аттары беріледі.1-ші топқа «Болашақ» сөзі,2-ші топқа «Шаңырақ» сөзі.
Мысалы: балмұздақ сөзінен бал,бала,дақ,мұз,ақ,ала т.б
Кезекті әділқазылар алқасынан топтардың бағаларын беруін сұраймыз.
Сайысымыздың 5-ші шартынакезек берейік.
Өнер,білім еңбекке, жақын болар ұрпақпыз,
Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз.
Тұла бойы тұнған бір ,өнер қуған ұрпақпыз
Тұскиіз бетін ою-өрнекпен әшекейлеу,түс үйлесімділігіне байланысты жарасымды етіп орналастыру.Екі топ өз жұмыстарын жасап әділқазылар алқасына тапсырады.
Әділқазылар алқасынан топтардың бағаларын сұраймыз.
Сайыстың 6-шы шартына кезек берейік.
Қандай жақсы майысып тұрғандарың,
Бойыңа жиғандай өнер бағын
«Ана көрген тон пішер» деген бар ғой,
Сайыскерлер көрсетсін бұйымдарын- дей отырып келесі кезекте әрбір топ өз қолөнер бұйымдарын көрсетеді.
Әділқазылар алқасынан топтардың бағаларын сұраймыз.
Сайысымыздың соңғы шарты бойынша сән үлгісін көрсету.Әр топ ой қиялына байланысты матадан,өзге материалдардан киім үлгісін көрсету керек.Бұнда қыздар киімнің үлгісіне сай сипаттама беріп,қандай материалды қолданғандығын айтып өтеді.Сайыскерлер сән үлгісін көрсетеді.
Әділқазылар алқасынан сайыскерлердің бағаларын сұраймыз.
Құрметті көрермен қауым,өнерлі қыздарымыздың бүгінгі топтық сайысымызды аяқтаймыз.
Қашанда сақта салтыңды,
Ардақта туған халқыңды.
Еліңді сүйсең жүрекпен,
Аспандатар нарқыңды.
Пір тұтқан әрбір халық асылдарын,
Қазақтың қара көзі аруларым.
Тәмәмдайық осы кешті әсем әнмен,
Өнеріне табынып бұл топтардың-дей отырып әділқазы алқасы қорытынды шығарғанша кезекті әсем әнге берейік.Ән орындалады.Әділқазылар алқалары екі топтың қорытынды бағаларын шығарады.Тыңдағандарыңызға рахмет.
Достарыңызбен бөлісу: |