Келін:Төрлетіңіз. Мына баламызға ата-салтымен ат қойғызып, бесікке салғалы жатырмыз. Атам қазақ қырықтың бірі қыдыр демекші, құдайы қонаққа да ат қойғызған. Сіз бізге тап келдіңіз.
Келін:Осы баламыздың атын сізге қойғызғалы отырмыз.
Әже:Бұл үлкен істі маған тапсырғандарыңызға үлкен рахмет. Баланың есімі Ұлы Абайдың атымен аталсын, аталарындай данышпан болсын. Ал ендеше кішкентай Абайжанды бесікке салайық.
Әже:Бесікте өскен бала таза болады. Мынау- баланың төсек көрпесі, жөргек,түбек,жастықша, асықты жіліктен жасалған шүмегі. Жастығының астына баламыз сымбатты азамат, жүзі айнадай жарық болсын деп айна, тарақ салып отырмын. Бала шошымасын деп пышақ қоямыз. Бәле-жаладан сақтасын деп отпен аластайын.
Аластау рәсімі
Алас-алас баладан алас,
Иесі келді пәледен көш.
Алас-алас пәледен алас,
Көзі жаманның көзінен сақта.
Тілі жаманның тілінен сақта.
Отыз омыртқасынана алас.
Достарыңызбен бөлісу: |