«Балдәурен» ересек топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ашық сабақ
технологиялық картасы
Күні: 26.11.2015 ж.
Білім беру саласы: «Таным,әлеуметтік орта,шығармашылық»
Кіріктірілген сабақ
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру,көркем әдебиет,музыка
Тақырыбы: Әдептілік әліпессі,еліміздің салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен таныстыру.
Мақсаты:
Білімділік: Әдептілік-әдемілік әліпесі туралы мағұлмат беру,және оны балалар рөлде ойнау арқылы түсініктерін кеңейту. Туған елдің салт-дәстүрімен таныстырып оның ішінде бесікке салу салты жайлы ұғымдарын қалыптастыру. Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпын балалардың бойына сіңіру, бала бойында әдептілік және алғырлық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, жаман мен жақсыны ажырата білуге, ұлттық мақтаныш сезімдерін ояту.
Дамытушылық: Халқымыздың салт-дәстүрі туралы білімдерін дамыту.Бала әлдиін көркем сөздер арқылы дамытып жанр арқылы түсіндіру.
Тәрбиелілік: Салт-дәстүрге,әдептілікке деген қызығушылығын арттыру,құрметтеуге тәрбиелеу.Үлкенді сыйлау,кішіге қамқор бола білуге тәрбиелеу. Балаларды инабаттылыққа тәрбиелеп, ата-бабаларымыздың асыл мұраларын түсіндіру. Көрініс арқылы өнеге мен тәрбиені неден алу керектігін үйрету;
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,әңгімелесу, ойындар,Сал-дәстүр слайд.
Көрнекіліктер: Ұлттық бұйымдар, ,ғажайып сәттер.
Қостілділік компонент: Салт-дәстүр-традиция и обряд,ұрпақ-поколения,бесік жыры-колыбельная песня.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Топта жағымды ахуал туғызу.
Шаттық шеңбері:
Тәрбиеші: Балалар, біз ең алдымен қоршаған ортамен және келген қонақтармен амандасып алайық, кане шеңберге тұрайық.
-Өте жақсы балалар!
|
Балалар шеңбер бойына тұрады.
Сәлем саған Алтын күн!
Сәлем саған Көк аспан!
Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған Қоршаған орта!
Сәлем бердік бәріңе!
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Балалар бізге бүгін апайлар қонаққа келіпті апайларға не деп айтамыз.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?Бұл күздің нешінші айы?Сонымен біз күз айымен қоштасамыз келесі жылға дейін,келесі келетін жыл мезгілі қандай?Балалар бәріміз мында қарайықшы слайд көрсек қалай болады.
-Балалар біз слайдта не көрдік ?
Ия тағы не көрдік? Балалар кім кәне әдептілік жайлы тақпақтар біледі.
Архат.
Автокөлік ыңғайлы автобусқа мінемін.
Онда қалай отырып тұру мәнін білемін,
Кимелемей итермей,алға қарай өтемін.
Билет алып,жайғасып,аялдамамды күтемін,
Әдептілік әлібін әр кез сақтап жүремін
Егер кірсе қарт кісі тұрып орын беремін.
Исматулла.
Алдымыздан кезікке
Көп танысты көреміз
Бәрінеде ізетпен
Біздер сәлем береміз.Өте жақсы балалар жарайсыңдар.Балалар кәне енді тағы бір слайдтты көремізбе?Олай болса кәне көрелік.
Осы кезде топқа әже кіреді.
Әже:Сәлеметсіздер ме балалар. Мен ел аралап жүр едім. Осы үйде той болып жатқанға ұқсайды. Бұл не той?
|
Достарыңызбен бөлісу: |