Сабақ тың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру,сто стратегиялары. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі



Дата08.07.2017
өлшемі41,83 Kb.
#20800
түріСабақ
Сабақ тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.

Мақсаты:

1.Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру.Жай сөйлемнің

жалаң және жайылма болып бөлінуі тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерге

байланысты екенін меңгерту.

2.Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы ойлау, сөйлеу тілін дамыту.

3.Топпен жұмыстануға , достыққа баулу.



Сабақ тың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,СТО стратегиялары.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.



Қызығушылықты ояту.Оқушыларды мұғалім үстелі үстінде жатқан түрлі-түсті

қағаздарды таңдата отырып топтарға бөлу.( «Бастауыш, «Баяндауыш», «Тұрлаусыз

мүшелер»)

І-топ Бастауыш

ІІ-топ Баяндауыш

ІІІ- топ Тұрлаусыз мүшелер.



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Өлеңді жатқа сұрау.

2.Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдату.

3.Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсету.

Мұғалім :Өлеңде қай жыл мезгілі туралы жырланған?

Қыс мезгілі несімен көрікті? «Қыс» дегенде сендердің ойларыңа қандай ойлар

келеді?

Ауызша ассоцация құрастыру.


Қыс

Ұлпа қар терезедегі оюлар

Балалардың көңілді ойындары. Қансонар

Аяз Мерекелер

Суретпен жұмыс.

Суретке қарай отырып әр топ өз атауларына сәйкес сөз айтып сөйлем құрату.



Қыс түсті. Қар қалың жауды.

Сөйлемдерді тақтада жазып ,сөйлем мүшелеріне талдату.

Оқушыларға ұқсастығы мен айырмашылығы туралы айтқызу.

Жаңа сабақ

Тірек сызба арқылы жаңа сабақты түсіндіру.



Жай сөйлем

Жалаң сөйлем

Жайылма сөйлем

Жаңбыр жауды.

Нөсер жаңбыр жауды.

Дәрігер емдеді.

Дәрігер ауруды емдеді.


Дәптермен жұмыс:

Күннің жадын жазу. Көркем жазу. Қ қ әрпінің бас және кіші әріптерін жазу.

Қыс түсті. Қар қалың жауды.

Оқулықпен жұмыс:

80-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазу.

Өнерлі өрге жүзеді. Боран соқты. Жаңбыр сіркіреді. Екі дос мектептен қайтты.

Жарыс залда өтті.

Тақтамен жұмыс:

81-жаттығу.Жалаң сөйлемдерді оқы. Оларды жайылма сөйлемдерге айналдырып

жазу.


Оқушылар ақынмен кездесті. Жолаушылар Астанаға жақындады. Ұстаз сабақты түсіндірді. Айдын жарысқа қатысты.

Сергіту сәті.

Сыныптың әр жеріне сөздер ілініп қойылған сөздерден жалаң және жайылма сөйлемдер құрау.

Күн, бұлттанды , биікке, ұшақ, көтерілді, кірді, мұғалім, түн, сыныпқа , ұзарды, Динара, қуанды, мал , өрістен ,қайтты.

Топтық жұмыс:

І-топ:Сәйкестендір:

Ұшақ биікке көтерілді.

Айман мені кітапханада күтеді.

Жалаң сөйлем Күн жылынды.

Керек-жарақтың бәрі бар.

Жайылма сөйлем Әжем шұлық тоқыды.

Бау байланды.


ІІ-топ. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазың. Сөйлем түрлеріне ажыратыңдар.

Күш-..............(білімде)

Мектеп-......(кеме),

Білім-..........( теңіз).

Талаптыға .......жауар.( нұр)

Қына .....бітеді,

Білім..... бітеді.

ІІІ-топ. Жұмбақтарды шешу. Ол туралы не білетініңді топтастыр.

Ойды аяқтап тұрады,

Соңында доп тұрады. (Сөйлем)






Қорытындылау.Үйге тапсырма.Бағалау.

Әр оқушы өздерін алдарында тұрған смайликтер арқылы бағалайды.

«5»- Мен өзіме бүгін 5-тік қоямын ,себебі менің ойымша сабаққа белсенді қатыстым және де мұғалімді мұқият тыңдап жаңа сабақты түсіндім деп ойлаймын.

«4»- Мен өзімді 4-ке лайықтымын деп ойлаймын, кейбір нәрселерді айтуға үлгермей қалдым.Әліде үйренетін заттарым бар.

«3»- Мен бүгінгі сабақта өзіме 3 қоямын.Себебі, мен достарыма ілесе алмадым.



Әліде көп нәрсені білуім керек. Достарымнан және өз бетімше көп ізденуім керек

пеп есептеймін.
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет