Сабақ Тың және тыңайған жерлерді игерудің жетістіктері мен зардаптары



бет4/4
Дата12.09.2020
өлшемі187,48 Kb.
#63869
түріСабақ
1   2   3   4
2.Даттаушы жақтың спикері Ержан:

Уақыты: 4 мин.

Тың жерлерді жаппай игеруге байланысты қазақстандық ғалымдардың пікірі және тың игерудің мал шаруашылығы мен демографиялық ахуалға тигізген кері әсері туралы тоқталады.



3. Жақтаушы жақтың 2 спикері Назерке

Уақыт 4мин.

Тың жерлерді игерудің жағымды құбылыстарын дәлелді түрде айтып шығады, мысалы: 1. Қазақстан -КСРО -ның астықты аймағына айналды. 2. Қазақстан -көп ұлтты республика болды т.б.



4. Даттаушы жақтың 2 спикері Талғат

Уақыты 4 мин.

Жақтаушы жақтың 2-спикерінің дәлелдеріне қарсы, тың игерудің жағымсыз құбылыстарын жеткізеді. Мысалы: 1. Экологиялық жағдаймен тілдік және демографиялық ахуалға әсері. 2. Жер- су аттарының әлі күнге шешімін таппай келе жатқандығы туралы т.б.



Сараптамашының пікірін тыңдау.

Жүргізуші: -Құрметті көрермендер, форумға қатысушылар екі жақтың тың игеру туралы пікірлері мен дәйектерін тыңдар болған сияқтымыз. Келесі сөзді үкімет жағының сарапшысы Ардаққа берейік.

Сарапшы Ардақ: -Жоғарыда сөйлеп кеткен "Халық" тобының тыңға байланысты атап өткен кемшіліктерін тыңдай отырып мынадай қорытындыға келдім:

1. Қандай тарих болмасын оның ақ, қара жақтары болады. Менің ойымша тың игерудің кемшіліктерінен жетістіктері басымырақ болды. Оған мынадай дәлел:

1. Қазақстан астықты республикаға айналды.

2. Ауыл шаруашылығы техникамен қамтамасыз етілді.

3. Жаңа елді-мекендер, қалалар пайда болды.

4. Тың игерушілерге көрсетілген әлеуметтік теңсіздіктерге қарамастан достығы нығайды.

Қорыта айтқанда тың игерудің нәтижесінде Қазақстан сыртқа астық шығаратын экспортты елге айналды.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға өз ойларыңызды ортаға салғандарыңызға рахмет.



Даттаушылар жағының сарапшысы Гүлфара: -Құрметті форумға қатысушылар және қарсыластар сіздерді тыңның 62 жылдық мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Иә, менде қарсыласымның тың кемшіліктерін жоққа шығармағанындай, жетістіктер болғандығын менде мойындаймын. Бірақ мен жетістіктен бұрын зардаптары көп болды деген пікірімде қаламын.

Себебі:

1. Тың жерлерді мөлшерден артық игерунәтижесінде мыңдаған гектар құнарлы жерлер шөп шықпайтын құлазыған жерлерге айналды.

2. Қазақ халқының тіліне, діні мен мәдениетіне, салт-дәстүріне үлкен нұқсан келді.

3. Ұлт тіліндегі мектептер азайып, қазақ тіліндегі баспасөздер жабылды.

Қорыта айтқанда тың игерудің солтүстік аймақтарында қазақ халқының рухани-әлеуметтік дамуы тежелді.

Тыңдағандарыңызға рахмет.



Қорытынды:

Жүргізуші: -Иә, құрметті көрермен қауым, форум мүшелері, бүгінгі біздің пікірсайысымыз мәреге жетті ғой деп ойлаймын. Бұл пікір сайысқа менің алып қосарым жоқ. Тың иегрудің жетістіктері де, кешіліктері де болғаны рас. Тың игеруде қазақ халқы тарихының өтіп кеткен бір кезеңі болып қала бермек. Сол кездеге кемшіліктер еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін бірте-бірте түзеліп келеді. Бұл нағыз ақиқат.Бұл пікір сайыстың қорытындысын шығаратын өздеріңізсіздер, құрметті көрермен ағайын. "Үкімет" тобы жеңді десеңізде қызыл дөңгелекті, ал "Халық" тобы жеңді десеңіздер көк дөңгелекті қорапшаның тиісті бөлігіне салыңыздар.



Санақшылар қорытындысы. Екі топты қол алыстыру.

Сонымен бүгінгі пікір-сайысымыз аяқталды. Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет