Сабақ тың тақырыбы «білімді ұрпақ жарқын болашақ»



бет52/59
Дата02.04.2022
өлшемі168,24 Kb.
#137675
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   59
Байланысты:
7 кл часы поуроч

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Бөлім: Сынып сағаты

Мектеп: КММ «№65 ЖББМ»

Күні: 15.02.22

Мұғалімнің аты-жөні: Достан Гүлжаһан

Сынып: 7 «г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қоғам және мемлекет қайраткері, публицист Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.3.1. 5 –  Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми 
еңбектері туралы мағлұмат беру

Сабақтың мақсаты

Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның 
көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы
5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
а) оқушылардың сабаққа дайындығын пысықтау.
ә) оқушыларды түгендеу

Жаңа сабаққа дайындалады







Негізгі бөлім
Тақырыпты ашу
15 минут



Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліпбиімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.
Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А.В.Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әнші болған. Халық әндерін, күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да білген.
Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882- 84 ж. әуелі көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886- 1891 ж. Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады.
1895 жылы 1 маусымнан бастап мұғалім болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды.
1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан, кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды, өлең – жыр тудырады. Ел ішінде жас, оқыған, еркін мінезді батыл ойшыл бедел- атағы өсе бастайды
Сонау қылышынан қан тамған қаһарлы жылдары жазықсыз мыңдаған адамдар «Халық жауы» деген жаламен айыпталып, жер аударылып кетті. Кейбір деректерге қарағанда 6 млн. адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның 900 мыңдайы атылған. Сондағы 25 мыңға жуық қазақтың ішінде бес арысымыз Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы болған еді. 
...Адам өмірінде болатын аумалы-төкпелі уақыт қайғысымен де, қуанышымен де ерекше айқындалатын болса керек. Ахмет Байтұрсынұлы тағдыр толқындарынан, қайғы-қасірет сілкіністерден, тар жол тайғақ кешулерден өткен еді...







Презентация

Сабақты бекіту
25 минут



1. А. Байтұрсынов қай жылы дүниеге келген? (1873 жылы)
2. Қай қалада мұғалімдік мектепте оқып, білім алған? (Орынбор)
3. А. Байтұрсынов қай газетке редактор болған? (“Қазақ” газеті)










Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет