Студенттер бірнеше кіші топқа бөлінеді: Түрлі түсті кәмпиттер ұсыну және студент тандаған кәмпит бойынша топқа бөлу
а) Қызылдар
ә) Жасылдар
б) Сарылар
2) Өткен сабақта алған білімімін бекіту Алдыңғы өтілген тақырыпты Дұрыс\қате ойыны арқылы сұрау (1-14 слайд) Студент иә дұрыс немесе жоқ қате деп жауап береді
Жаңа сабақты түсіндіру
Жаңа сабақ тақырыбын студентке өзі табуға мүмкіндік беру
Тәтті тағамдар оңай сіңетін көмірсулардың – қанттардың көзі болып табылады. Бүкіл ағзаның көмірсуларға деген қажеттілігінің қант есебінен 1/4 бөлігі, ал қалғаны - крахмал есебінен жабылуы керек. Егер рационда оңай сіңетін көмірсулардың көп мөлшері болса, бұл семіздікке әкеледі. Сондықтан бұл топтың тағамдары рациондағы негізгі тағам бола алмайды.
Тәтті тағамдар дәрумендердің көзі (жаңа піскен жемістер мен жидектерден),
калориялары жоғары, құрамында ақуыздар мен майлар көп, желатиннің болуына байланысты желеден жасалған тәтті тағамдар қанның ұюын жақсартады.
Классификациясы
Жіберу температурасына байланысты
салқын (10–14 °С);
ыстық (55 °С);
суық (-4 және -6 °C)
Салқын тәтті тағамдар
Жеміс- жидектер
Компоттар
Желе (кисель самбук мусс)
Балмұздақ
Кілегей
Ыстық тәтті тағамдар
Пудинг
Суфле
Гренки
Алмадан жасалған тәттілер
Тәтті ботқалар
Таңғы асқа арналған десерттер.
Тәтті ботқалар
Гренки
Блины
Панкейк
Сырник
Суфле
Пудинг
3) Жаңа сабақты бекіту а) «Сұрақтар кемесі» ойыны бойынша сұрақтар қойылады
ә) Топ бойынша тапсырма «Кездейсоқ таңдау» ойыны бойынша беріледі Студенттер тапсырманы плакаттарға орындайды
4) Сабақ бойынша рефлексия«Шеңбердегі доп»
Бүгінгі тақырыпқа қатысты қиын болған ақпарат?
Тақырып бойынша нен үйрендім?
Қандай ақпаратпен мен таныстым ?
5) Бағалау Студенттер тапсырма барысында жинаған жұлдызшаларын қосады
6. Үй тапсырмасы
«Тәтті тағамдар» тақырыбына Реферат жазу