Сабақ типі: дөңгелек үстел


Тәуелсіздік – басты құндылығымыз



бет2/3
Дата26.08.2017
өлшемі1,2 Mb.
#29035
түріСабақ
1   2   3

1.Тәуелсіздік – басты құндылығымыз. Кең жазиралы, дархан халық қазақ еліне Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың елім деп еңіреп, ғасырлар бойы аңсаған асыл арманымен, кешегі 30 жыл бұрынғы ұлттық намысты қорғап, әділдік үшін алаңға шыққан қандастарымыздың жанымен келген.

Тәуелсіздік  ол ұлттық мемлекеттілік, оның тамыры – жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық.Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз - Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз. 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні.

 Сонымен, тәуелсіз ел - өз нышандары, жері, дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы, мәдениеті, өз ел басқарушысы бар еркін ел.

2. 1991-2016 жылдар аралығындағы тәуелсіз еліміздің жетістіктері

1 –студент:1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық сынақ алаңы жабылды.

2 – студент:1991ж.7 қыркүйекте Қазақстан Коммунистік партиясы таратылды.

3 – студент: 1991ж. 2 қазанда бүкіл қазақ елін әлемге танытқан қазақ азаматы тұңғыш ғарышқа ұшты. Ол –Тоқтар Әубәкіров еді. 4 – студент:1991ж. 1 желтоқсанда -Тұңғыш президентіміз сайланды. Бұл күн- 2012 жылдан бері елімізде тұңғыш президенттік күн деп аталады .

1991 ж 16 желтоқсан Қ.Р. Тәуелсіздік күні



5 – студент:1992ж. 2 наурызда Қазақстан дүние жүзілік елдердің тәуелсіздігін қорғайтын БҰҰ-ға мүше болып кірді. 6 – студент:1992ж. 4 маусымда Қ.Р. Мемлекеттік рәміздері қабылданды. 7 – студент:Күннің бейнесі бейнеленген көгілдір жалауымыз, Елі мен жерін қорғауға бірлік пен бейбітке шақырған әнұранымыз қабылданды. 8 – студент:Аттың жалынымен көмкерілген, ортасында шаңырағымыз бейнеленген елтаңбамыз қабылданды . 9 – студент: Осының бәрі сан ғасыр бойы тәуелсіздік аңсаған ата- бабаларымыздың ақ ниеті арқасы! 10– студент: 1993ж.15 қарашада Ұлттық валютамыз-теңге айналымға енді. 11– студент:1994ж.19 маусымда Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қол қойылды.

12– студент:1995ж. 30 тамызда Қазақ халқын бүкіл әлемге танытатын Жаңа Конституциясы қабылданды. 13– студент:1997 жылдың соңында Қазақстанның өсіп-өркендеуі , қауіпсіздігі және әл- ауқатының артуы мақсатында ел ағасы Назарбаев «Қазақстан -2030» бағдарламасын жасап, бүкіл халыққа жолдап, осыны орындауды аманат етті. 14– студент: «Қазақстан -2030» бағдарламасы 2012 жылы толық жүзеге асқанын елбасының өзі қорытындылады . 15 – студент:1832 жылы Ақмола округтік приказы болып ашылды .Кеңес үкіметі жылдарында 1954-55 жылдары тың игеруге байланысты бұл қаланың атауы өзгере бастады .1961 жылы Ақмола қаласына Целиноград деген атау берілді.1997 жылы- Ақмола- Астана деп өзгертілді. 16– студент:2007ж. «Қазақ тілін қолдау » жылы болды. 17 – студент:2009ж. «Ана мен бала жылы». 18– студент:2010ж. 12 желтоқсан Астана қаласында Еуразиялық Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтті. 19 – студент:2011ж.Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы тойланды. 20– студент:2012ж.Қазақстан спортшылары жазғы олимпиадалық ойындарда жетістіктерге жетті. 21– студент:2012 ж.Қазақстан «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін жүргізуге мүмкіндік алды. 22– студент:2014 ж.қаңтарда «Қазақстан – 2050» Мәңгілік ел бағдарламасы қабылданды. 23-студент: -2016 ж. Қазақстан спортшылары әлемдік олимпиада ойында үлкен жетістіктерге жетті.
3. Тәуелсіздік жолында ерлік көрсеткен тұлғалар.

Ерлік —бірнеше мағыналы сөз: Адам бойындағы батылдықты батырлықтыұстамдылықтытабандылықты, қайсарлықты, өжеттікті білдіретін ұғым. Ерлік істеген сәтте адам өзіне өлім қаупі төнсе де тайынбай, рухын жоғары ұстайды. Басына түскен ауыртпалықты мойымай көтеріп, мұны негізгі борышым деп есептейді. Ерлік, көбінесе, қоғамдық мәні бар істерде көрінеді. Сондықтан да ол адамның азаматтық қасиеттерінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Ерлік қоғамдық мәнді мақсаттарды алға қойып, қабылданған шешімді жүзеге асыру барысында айқын көрінеді.

Қайрат Рысқұлбековтың ерлігі туралы.
Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы наурыздың 13-де Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында дүниеге келді.Қазақта елін-жерін, халқын жан жүрегімен сүйген, ұлтының азаттығы мен теңдігі жолында шыбын жанын құрбан еткен атпал азаматтар аз емес. Сондай азаматтардың бірі - ұлтының басына сын сағат туғанда жас болса да бас бола білген, әділетсіздікке қасқая қарсы тұрып, азаматтық мінез танытқан «Халық қаһарманы» - Қайрат Рысқұлбеков.

Ләззат Асанова жайында
Ләззат Асанова 1970 жылы 27-шілдеде Талдықорған (қазіргі Алматы) облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық (қазіргі Айдарлы) ауылында дүниеге келді. Жастайынан зерек болған Ләззат мектепті үздік бітіріп, Алматыға оқуға келген. 1985 жылы Алматыда П.Чайковский атындағы музыкалық училищеге оқуға түскен қазақтың қайсар қызы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны болды. “Мінезі тік екен, бөлмесіндегі қыздармен қақтығысып қалып, жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлді” дегенге Ләззаттың анасы Алтынай Асанова әлі күнге дейін сенбейді. Анасының айтуынша, сол кездегі 16 жасар (екінші курс) қызының өлімі — әлі күнге дейін жұмбақ.



Сәбира Мұхамеджанова жайында

Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы, 1970 жылғы қаңтардың 1-і Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақмектеп ауылында дүниеге келген. 1977 жылы «Ленин жолы» сегіз жылдық мектебінің 1-сыныбына оқуға қабылданған. 1984 жылдары осы мектепті «өте жақсы» деген бағамен үздік бітіріп, Өскемен педагогикалық училищесіне оқуға түседі... Барлық жоғары және орта оқу орындарының студенттері желтоқсанның жиырма бірінші жұлдызында Ленин атындағы орталық алаңға жиналып, өздерінің бейбіт мақсаттағы тілек мүдделерін жеткізбек болған. Айыпты деп танылған он беске тарта студент қамауға алынды. Тергеудің соңы «ұлтшылдардың басын қосып, советтік қоғамға қарсы шығуды мақсат тұтқан» Сәбира Мұхамеджанова деп танылады. Әрине, небәрі он алты жастағы қыз мұндай жаланы көтере алған жоқ, ол өз ұлтына жасалған қиянатты көтере алмады. 1986 жылғы желтоқсанның 26-ы күні Өскемен қаласында жатақхананың бесінші қабатынан секіріп, өзін-өзі мерт етті.

4. Тәуелсіздік қанша жырласа да таусылмайтын дастан.

Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Бұл күнге бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығарып, бірлігіміздің арқасында жеттік. Жеріміздің кеңдігіне қызыққан дұшпан аз болмады. Амалсыз Ресейдің қарамағына кірдік.

Ресей империясының орнын басқан Кеңес одағы кезінде тарих дөңгелегі өз жүрісінен жаңылып, дағдарысқа түсті. Төл тарихымыздың есімдерін атауға қаймықты. Халқымыздың қанына біткен төзімділігінен, жастар мойымай, өзге ұлттардың өкілдерімен достығын, татулығын ту етіп, сағын сындырмай аман өтті. 1986 жылғы жастар көтерілісі дүниені дүр сілкіндірді. Алматы қаласында болған бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасы қызыл империя жүрегіне мірдің оғындай қадалды. Империяның билеп төстеуінің әбден шегіне жеткендігі аз ұлттардың мұрат-мүддесімен санаспауында болды.

Ширек ғасыр басқарған Д.А.Қонаевтың орнына бұрын Қазақстанды көріп білмеген Колбиннің сайлануы халық ызасын тудырды. Кеңес үкіметі өмір сүрген 70 жылда Қазақстанда басқарған 21басшының 18-і жоғарыдан, яғни Мәскеуден жіберілген басқа ұлттардың өкілдері басшы болды.

Пленум шешіміне қарсы шығып ұлт намысын ту етіп көтерген, қазақтың өрімдей қыздары мен ұлдарының наразылығын «бұзақылық», «нашақорлық пен маскүнемдік» деп әдейі бұрмалап түсіндірді.

Бұл жылдар бойы қалғып жатқан ұлттық намысты оятты.

Қазақстан жастарының Кеңес Одағының үстемдігіне қарсы бас көтеруі «Жалаң қолмен от ұстағанмен бірдей» еді. Олар бұның қаншалықты қауіпті, қатерлі екендігін білді.

Міне, Желтоқсан оқиғасының жаңғырығы жүздеген жылдарға кететініне енді ешқандай күмән жоқ.

1991жылы ақ түйенің қарны жарылып, қазақ халқы Тәуелсіздікке қол жеткізді. Бабалар арманы, балалар үміті үзілген жоқ. Бірлігі, берекесі мол ел болуды армандаған кешегі Ахмет, Мағжан, Шәкәрім, Міржақып, Сәкен, Ілияс, Бейімбеттер арманы орындалды.

Бұл – 1986жылғы желтоқсан көтерілісіне қатысқан өрімдей жас қыздар мен жігіттердің жеңісі. Бұл жиырмасыншы ғасырдың соңғы жылында саяси аренада белсенділік танытқан ірі тұлғалардың жеңісі. Тәуелсіз ел болу дегеніміз – кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан- ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт - дәстүріңді, әдет - ғұрпыңды айқындап көрсетіп, өзіңнің өзгелермен тең екендігінді сезіну және ана - тіліңде емін - еркін сөйлеуің деп білемін. Тәуелсіздік – мағынасы зор, тамыры терең ұғым.



Осы жерде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, болашақ ұрпаққа қалдыруымыз қажет» деген сөзі еске түседі. Өткеніне табан тіреп, ертеңіне қарай еркін адымдаған ел озатынына тарих куә. Тәуелсіздігімізді баянды етіп, Отанға адал қызмет ету әрбір жас ұланының қасиетті парызы, міндеті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет