Үштарының координаталары бойынша АВ ке-сіндісінің сызбасын салуды көрсетейік. А(7; 5; 2) жөне В(2; 2; 4) болсын. Горизонталь түзу жүргізіп, оны абсциссалар осі деп қарастырамыз. Осы х осінің О нүктесі арқылы оған перпендикуляр түзу жүргізейік. Осы түзудің О нүктесінен жоғарғы бөлігін аппликаталар осі, ал төменгі бөлігін ординаталар осі ретінде карастыруға болады. Абсциссалар осіне бас нүктеден бастап 7 және 2 бірлік кесінділер салып, Ахжәне Вх нүктелерін аламыз (1-сурет). Ах нүктесі аркылы х осіне перпендикуляр түзу жүргізіп, оның бойына жоғары карай 2 кесінді салып, А нүктесінің фронталь проекциясын (Аг), ал темен карай 5 кесінді салып, А нүктесінің горизонталь проекциясын (А2) аламыз. Вх нүктесін бастыра абсциссалар осіне перпендикуляр түзу жүргізіп, оған жоғары қарай Вхнүктесінен бастап 4 кесінді салсақ, В1 нүктесін, ал төмен қарай Вхнүктесінен бастап 2 кесінді салсақ, В2нүктесін аламыз. В1 нүктесі-В нүктесінін фронталь проекциясы, ал В2 оның горизонталь проекциясы. А1 нүктесін В1 нүктесімен қосатын А1В1кесіндісі-АВ кесіндісінің фронталь проекциясы, ал А және В нүктелерінің горизонталь проекцияларьш қосатын А2В2 кесіндісі-оның горизонталь проекциясы. Сонымен біз берілген кесіндінің екі проекциядан түратын сызбасын (эпюрін) салдық.
Енді өзара перпендикуляр үш жазықтық алып, нәрсені оларға тік бұрыштап проекциялайық. Бұл жазықтықтардың екеуімен таныспыз: олар1 -фронталь проекциялар жазықтығы да, ал 2 -горизонталь проек-циялар жазықтығы. Үшінші жазықтық 3 профиль проекциялар жазықтығы деп, ал онда алынған проекция нәрсенің профилъ проекциясы деп аталады. Профилъ -француз сөзі-қазақша бүйірінен қарағандағы түрі дегенді білдіреді. А3нүктесі -А нүктесінің профиль проекциясы. 3 1, 2 3, 3 х. Горизонталь және профиль проекциялар жазықтықтарының қиылысу сызығын ординаталар осі, фронталь жөне профиль проекциялар жазықтықтарының қиылысу сызығын аппликаталар осі ретінде қарастыратын боламыз. 2 3 =y; 1 3=z; y1; z2 . Сызба салғанда 1жазыктығын қағаз бетімен беттескен деп қарастырады, ал 2 және 3 жазықтықтарын оларға сәйкес абсцисса және аппликата осьтерінен айналдырып, оларды 1 жазықтығымен беттестіреді. Сонда алынған жазық фигураны (2, ә-сурет) эпюр деп атайды. Сызбада х осін горизонталь, z осін вертикаль орналастырады, ал у осі екіге бөлінеді. Ординаталар осінің бір жартысы z осінің, ал екінші жартысы х осінің жалғасы болады. Бір нүктенің фронталь және горизонталь проекциялары х осіне перпендикуляр түзудің бойында орналасады. Бүл түзуді вертикалъ байланыс сызығы деп атайтын боламыз. Бір нүктенің фронталь және профиль проекциялары горизонталъ байланыс сызығы деп аталатын, z осіне перпендикуляр түзудің бойында орналасулары керек. (А1А2)-вертикаль байланыс сызығы; (А1А2)-горизонталь байланыс сызығы. Нүктенің горизонталь проекциясынан абсциссалар осіне дейінгі қашықтық оның профиль проекциясынан аппликаталар осіне дейінгі қашықтыққа тең: /А2АХ / = /А3Аz /. Сондықтан сызбада нүктенің екі проекциясы берілсе, оның үшінші проекциясын табуға болады. Мысалы, А нүктесінің фронталь және горизонталь проекциялары берілсе, оның профиль проекциясын оңай тұрғызуға болады. Ол үшін нүктенің фронталь прoeкциясы арқылы горизонталь байланыс сызығы жүргізіледі. Осы сызықтың бойына z осінен бастап оның горизонталь проекциясынан х осіне дейінгі қашықтыққа тең кесіндіні салса болғаны. Егер А1жөне А3нүктелері беріліп, А2-ні тұрғызу керек болса, жоғарыда айтылғанға керісінше орындаймыз. Нүктенің фронталь проекциясы арқылы вертикаль байланыс сызығын жүргіземіз. Осы сызықтың бойына х осінен бастап төмен қарай А3нүктесінен z осіне дейінгі қашықтықты өлшеп саламыз. Енді А2және А3нүктелері беріліп, А1нүктесін салу керек болса, А2нүктесі аркылы жүргізілген вертикаль байланыс сызығы мен А3нүктесі арқылы жүргізілген горизонталь байланыс сызығының қиылысу нүктесін табу жеткілікті.