Сыныбы: 9
Тақырыбы: 25-26 Нүктенің нәрсе бетіндегі проекциясын салу
Мақсат:
Білімділік: Монж эпюрі жүйесінде нүктенің нәрсе бетіндегі проекциясын салу жолдарымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушыларды сызба есептерді шешу, кеңістікте ойлау қабілеттерін, визуалды қабылдау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Монж эпюрі жүйесі негіздерін сызба геометриясында игерту арқылы оқушыларды техникалық мамандықтарға тәрбиелеу
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ түрі: лекция, ішінара ізденіс сабағы.
Әдіс-тәсілдер: әңгіме, иллюстрациялау, сызу
Құрал-жабдықтар: Транспортир, циркуль, қарындаштардың түрлері, көрнекіліктер, «Координата жүйесі» презентациясы, өшіргіш, сызғыш түрлері, бұрыштықтар.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды түгендеп, журналға белгілеу.
ІІ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындау кезеңі
Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, сабақ таныстыру.
Сендер бүгін сабақта Монж эпюрі жүйесінде нүктенің нәрсе бетіндегі проекциясын орындап оның өмірде инженерлік графикада пайдалану негіздерімен танысасыңдар.
III. Өткен тақырыпты қайталау
Бәсекелес нүктелер сызбада қалай белгіленеді?
Сызудың кері есебі деп нені атайды?
Абсцисса осі қалай орналасады және белгіленеді?
Координата жүйесі дегеніміз не?
Аппликат өлшемдері кеңістікте қандай өлшемдерді анықтайды?
ІV. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі
Монж эпюрі
Өзара перпендикуляр екі жазықтықта тік бұрыштап проекцилау тәсілін француз ғалымы геометр Гапар Монж (1746-1818жж.) XVIII ғасырдың аяғында жетілдірген.
Сондықтан мұндай тәсілді Монж эпюрі деп атайды. Г. Монж сызба геометрияның –нәрселерді кескіндеу турала жаңа ғылымның дамуына жол салды. Сызба геометрия сызудың теориялық негізі болып саналады. 1798ж. Г. Монж-«Сызба геметриясы» алғашқы ғылыми еңбегін жарыққа келтірді. 1, 2 және 3 жазықтықтарының 1-сурет біреуін олардың қиылысу сызығынан айналдырып, екіншісімен беттестіреміз. Сонда беттескен 1 = 2 = 3 жазықтықты сызба салынатын қағаз болады 2-сурет. Біз эпюр деудің орнына сызба дейтін боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |