Сабақ типі: практикалық



Дата07.02.2022
өлшемі174,62 Kb.
#83044
түріСабақ
Байланысты:
ҚТ-205 -Жеңіл атлетика .02..10..2020ж


Тақырыбы: Жеңіл атлетика.500 м қашықтыққа жүгіру.
Пән атауы: Дене тәрбиесі
Күні:02.10.2020 ж
Тобы: ҚТ-205
Сабақ типі: практикалық


Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын үйрету әдістемесі.
1-міндет. Жүгіру ерекшеліктерімен таныстыру және жаттығушыларға қысқа қашықтыққа жүгіру техникасына байланысты дұрыс құралған көрсетілім ұйымдастыру. Бұл мәселені шешу үшін жаттығушылар шамалы және орта жылдамдықпен 100-60 м жүгіріп өтулері қажет және анықталған қателіктерді белгілеу керек. Жүгірудің қайталау саны әрбір жаттығушыға әр түрлі болуы мүмкін. Ол жаттығушының өзіне тән қашықтықты қалай жылдам жүгіріп ӛтуіне байланысты. Сол уақытта жүгірген кезде қайталанған қателіктер анықталады. Жаттығушыларды жүгірудің рационалды техникасымен таныстыру мақсатында көпшілік мақұлдаған тәсілдер қолданылады: түсіндіру, жанды көрсетілім, фотосуреттерді, бейнебаяндарды, суреттерді көрсету. 2-міндет. Тура қашықтыққа жүгіру техникасын үйрету. Бұл мәселені шешуінің басты құралы болып әр түрлі қашықтықтағы (60-100м) шамалы және орта жылдамдықпен ӛтілген дүркінді жүгірістер:30-40 метрге арнайы жүгіру жаттығулары – санды жоғары кӛтеріп жүгіру, сирақты лақтыру жүгірісі, секіру қадамымен жүгіру. Осы жаттығулардың барлығы еркін, бірте-бірте үдемелі жиілікпен, соңынан кәдімгі жүгіріске өту арқылы орындалады. Арнайы жүгіру жаттығулары алдымен жеке, содан кейін бүкіл топпен орындалады. Бұл жаттығуларды қайта-қайта орындаған кезде, әрбір сабақта жүгіру техникасындағы қателіктер жойылады: санның жеткіліксіз көтерілуі, итеру кезіндегі аяқтың толық түзелмеуі, кеуденің артық иілуі немесе ауытқып кетуі, шынтақтың кеудеден алыс орналасуы және т.б. Әрбір жаттығудан кейін басты қателіктерге назар аударып, келесі қайталауда сол қателіктерді жойған жӛн. Жөнсіз 3-4 қателіктерді бір уақытта көрсету қажет, себебі жаттығушы ӛзінің айтарлықтай қателіктеріне ден қойып, жою керек, әйтпесе жүгірудегі кемшіліктері жойылмай қалады. 3-міндет. Бұрылыс бойынша жүгіру техникасын үйрету..


1-тапсырма. Жүгіру барысында спортшыға ескертетін ескертулер?


2-тапсырма. Қысқа қашықтыққа жугірудің түрлерін атаңыз ?

Әдебиеттер, сілтемелер:


З.А. Абдрахманов, А.Ш. Смаилова. Жеңіл атлетика: оқу әдістемелік құралы Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2016.- 146 бет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет